Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімінің тәуелсіздік мерекесімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Сіздерді еліміз үшін ең қастерлі әрі маңызы айрықша мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, халқымыздың бірлігі мен қайсар рухының жемісі. Бұл күн – ел тарихындағы тағдырлы таңдау жасалған, мемлекетіміздің еркін әрі егемен даму жолы айқындалған қасиетті мереке.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан бейбітшілік пен келісімді ту еткен, тұрақты әрі беделді мемлекетке айналды. Бұл жетістіктер – ел бірлігінің, халықтың тынымсыз еңбегінің және ортақ мақсатқа деген сенімінің нәтижесі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы» деп атап көрсетті. Сондықтан егемендігіміздің түпкі негізі – мемлекеттің біртұтастығына тікелей байланысты.
Алашқа ана болған қасиетті мекеніміз – Сыр елі, оның ішінде құт қонып, бақ дарыған Сырдария ауданы кемел келешекке, өрлеу мен өркендеуге бет бұрды. Арайлы Азаттық пен бекем бірліктің арқасында жарқын жұмыстар атқарылуда. Өңірді дамытудағы мұндай жұмыстарды Сіздермен бірге жалғастыра беретін боламыз. Ең бастысы, біздің асыл мұратымыз – Тәуелсіздік тұғырын баянды ету.
Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, бірлік, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!
Қастерлі Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Дата публикации
16 декабря 2025
Дата обновления
16 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы