
2025 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне жергілікті бюджеттен 6984,0 мың теңге бөлінді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына 5583,8 мың теңге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына 1400,0 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу порталына салынып, "Samruk Tekstil" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 5, 541 760 теңгеге ұтып алды. 2025 жылдың қыркүйек айында барлық мемлекеттік бюджеттік мекемелеріне аудандық экономика және қаржы бөлімі арқылы алыс-беріс актсімен таратылу жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі аудандық комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспары 2025 жылдың 5 қаңтарында аудан әкімінің осы салаға жауапты орынбасарымен бекітілді. Жоспарға сәйкес тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қолданылуы мен насихатталуы жөнінде баяндамалар жасайды. Қоғамдық даму бөлімі тарапынан тұрақты түрде ауданға қарасты барлық елді-мекендердің мемлекеттік мекемелеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне зерделеу жұмыстары жүргізіліп тұрады.
2025 жылдың 8-12 тамыз аралығында Сырдария ауданына қарасты барлық 13 ауылдық округтерінде орналасқан ауыл әкімшілігі, мектеп, балабақша, ауылдық клубтары мен Тереңөзек кентінің ішінде орналасқан барлық мемлекеттік мекемелерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қолданылуы мен насихатталуы бойынша қоғамдық даму бөлімі тарапынан зерделеу мониторинг жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында ешқандай мекемеде заң бұзушылықтар орын алған жоқ, барлығы стандарт талаптарына сәйкес келеді. 2025 жылдың қазан айында кент орталығындағы барлық мемлекеттік мекемелерге рәміздер бойынша зерделеу жұмыстары бөлім тарапынан жүргізіліп келді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.