
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте «Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек» деп атап өтті. Сондықтан қоғам дерті болған сыбайлас жемқорлықпен күрес күн тәртібінен түспейтіндігін жеткізді.
Осыған байланысты Сырдария ауданы әкімдігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда: аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдар мен мекемелердің ашықтығын арттыру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын күшейту, мемлекеттік қызметшілер арасында этикалық нормаларды сақтау деңгейін бақылау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылып, (құрамында жергілікті өкілді және атқарушы орган басшылары, құқық қорғау органдары басшылары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері) 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Жоспарға сәйкес, 2025 жылы Комиссияның
4 отырысы өткізіліп, 9 мәселе қаралды.
Комиссия отырыстарында аудан бойынша дербес бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалып, нәтижесімен нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы толық қамтамасыз етілді.
Бұған қоса, тоқсан сайын Әкімдікке қарасты дербес бөлімдер мен кент және ауылдық округі әкімі аппараттарының қызметкерлеріне қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, құқықтық оқытулар өткізілді.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 301/НҚ бұйрығымен жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары бекітіліп, барлық мемлекеттік органдар үшін орындалуы міндетті алты үлгілік базалық бағыт айқындалды.
|
Мәлімет үшін: 1) мемлекеттік басқаруды жаңғырту; 2) мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен біліктілігін арттыру; 3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс; 4) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл; 5) қоғамдық сананы жаңғырту; 6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және мемлекеттік орган қызметінің саласын/аясын/өңірін цифрландыру. |
Оның бірі - № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты.
Сырдария ауданы әкімдігімен есепті кезеңде
Үлгілік базалық бағыт бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді.
Ағымдағы жылғы 18 ақпандағы №37-Ө аудан әкімінің өкімімен Үлгілік базалық бағыттың жоба жетекшісі (бас менеджері) болып аудан әкімі аппаратының басшысы тағайындалды.
Үлгілік базалық бағытты аудан аумағында іске асыру мақсатында жоба жетекшісінің бұйрығымен үлгілік базалық бағыттың жобалар менеджерлері айқындалып, 2025 жылға арналған үлгілік базалық бағытын іске асыру жобалар картасы (28.02.2025ж. №37) бекітілді. Өзі 4 жобадан тұрады.
|
Анықтама ретінде: 1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; 2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау; 3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау; 4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жобасы бойынша Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды күшейту мақсатында Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жоспарға сәйкес Сырдария ауданы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қабылдаған шаралар туралы 15 авторлық мақалалар бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған 15 билборд, 1000 дана жадынама әзірленіп, мемлекеттік органдарда, әлеуметтік нысандарда халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналастырылды.
Осы бағытта арнайы әзірленген бейнероликтер қоғамдық орындарда және әлеуметтік желілерде таратылып, көрсетілді.
Сондай-ақ, аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерге «1424» сенім телефоны орнатылса, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлықпен бірге күресейік», «Пара берсең, жазаланасың!» тақырыбында ақпараттық материалдар көрнекі жерлерге ілінді.
Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2025 жылға жергілікті бюджеттен 3 млн 200 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурс нәтижесімен «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры жеңімпаз атанды. Бүгінгі күнге техникалық ерекшелікке сәйкес – 3 акция, 3 байқау, 2 дөңгелек үстел, 1 аудандық форум, 15 кездесу, 1 семинар кеңес өткізіліп, кеңінен ақпараттандырылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жобасы бойынша аудан әкімі аппараты, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер және оларға бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітілді.
Кестеге сәйкес, ағымдағы жыл көлемінде аудан әкімінің аппараты мен аудан әкімдігіне қарасты 10 дербес бөлімдерге ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін барлығы 21 тәуекел анықталды. Заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды қажет ететін анықталған 6 тәуекелге қатысты ұсынымдар тиісті орталық органдарға жолданып, аудан деңгейінде шешімі табылатын 4 тәуекел толық жойылды.
|
Анықтама ретінде: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарлар негізінде Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі -1 Сырдария аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі - 3 Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімі - 2 Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі - 2 Сырдария ауданының қоғамдық даму бөлімі - 2 Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі - 3 Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі - 2 Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі - 1 Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі - 2 Сырдария ауданы әкімінің аппараты – 3 тәуекелдер анықталды. |
Сондай-ақ, анықталған тәуекелдерді жою мақсатында аталған мекемелермен іс-шаралар жоспары әзірленіп, аудан әкімдігінің ресми сайтына жарияланды.
Бұған қоса, кестеге сәйкес 16 квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесінде 16 тәуекел анықталып, тәуекелдерді жою мақсатында қажетті шаралар қабылданды.
|
Анықтама ретінде: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде Сырдария аудандық мәдениет үйі -1 Тереңөзек кент мәдениет үйі - 1 Тереңөзек кент клубы – 1 С.Сейфуллин ауылдық клубы - 1 Қалжан ахун ауылдық клубы - 1 Аманкелді ауылдық мәдениет үйі - 1 Жетікөл ауылдық клубы - 1 Н.Ілиясов ауылдық мәдениет үйі – 1 Іңкәрдария ауылдық клуб үйі -1 Асқар Тоқмағанбетов ауылдық клубы - 1 Қ.Мұхамеджанов атындағы ауылдық мәдениет үйі - 1 Шаған ауылдық мәдениет үйі – 1 Бесарық ауылдық мәдениет үйі - 1 Айдарлы ауылдық клуб үйі - 1 Қоғалыкөл ауылдық клуб үйі - 1 Ақжарма ауылдық мәдениет үйі – 1 тәуекелдер анықталды. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жобасы бойынша тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізілді, 2025 жылы мемлекеттік органдармен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтамау фактілері орын алған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс аясында аудан әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау бойынша 11 айда комплаенс офицерлермен барлығы 160 құқықтық оқыту, семинар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерге жарияланды.
Бұған қоса, ағымдағы жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында комплаенс офицерлері біліктіліктерін арттырып, сертификатталды.
Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы жылына (мамыр, қазан айында) екі рет өткізілді.
Сонымен қатар, Әкімдікте және барлық елді мекендерде халықтың құқықтық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық кабинеттер» ашылып, халыққа үздіксіз қызметтер көрсетілуде.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес тиісті шаралар кезең-кезеңімен атқарылуда.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл баршамыздың ортақ міндетіміз және жергілікті атқарушы орган саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында алдағы уақытта да жүйелі жұмыстар өз жалғасын табатын болады.