Лого проект

Меню

Страницы

Статья

«Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылуы туралы IV-тоқсан(2025 жыл)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Қағида басшылыққа алынып, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілерін ынталандыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министірінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығымен 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Бағдарламаның сенім білдірілген өкілі болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ (бұдан әрі – Отбасы банкі) анықталды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына (№72 МӘС қағидалары) ҚР Ұлттық экономика министірінің 2024 жылғы 05 тамыздағы №63 бұйрығымен өзгерістер енгізілді, 2024 жылдың 15 тамызынан бастап күшіне енді.

2025 жылы айлық есептік көрсеткіш 3932 тенгені құрап, тұрғын үй несиесінің көлемі аудан орталығына 2500 АЕК – 9 830 000  теңге, ауылдық округтерге 2000 АЕК – 7 864 000  теңге, көтерме жәрдемақының көлемі 100 АЕК- 393 200  теңге болып бекітілген.

Сырдария ауданы бойынша 2025 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласынындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша тұрғын үй несиесіне 11 маман, оның ішінде денсаулық сақтау саласы бойынша 3 маман,  білім саласы бойынша 6 маман, спорт саласы бойынша 1 маман, агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша 1 маман,  көтерме жәрдемақыға 100 маман оның ішінде денсаулық сақтау саласы бойынша 40 маман, білім беру саласы бойынша 35 маман, әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша 1 маман,  мәдениет саласы бойынша            6 маман, спорт саласы бойынша 15 маман, агроөнеркәсіптік сала бойынша     1 маман, мемлекеттік қызмет саласы бойынша 2 мамандарға  әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылды.

2025 жылға «Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен  92 402,0 мың  теңге қаралып, қаржыландыру жоспары 100%   орындалды.

Бұл әлеуметтік қолдау шарасы олардың өз мамандықтары бойынша серпінді еңбек етуіне мүмкіндік жасап, халыққа белсенді қызмет жасауына қолдау болғаны анық.

 

Дата публикации
06 января 2026
Дата обновления
06 января 2026
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы