Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Шіркейлі ауылдық округі әкімінің аппараты

 

                                                                                                               Шіркейлі ауылдық округі

                                                                                                               әкімінің міндетін атқарушы

                                                                                                               2025 жылғы «09» желтоқсан

                                                                                                               №167 өкімге қосымша

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты (бұдан әрі - Стандарт) әзірлеушінің атауы: «Шіркейлі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесi (бұдан әрі - Аппарат).
  2. Стандарт Аппарат қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ұсынымдар жүйесін белгілеуге бағытталған.

            3 . Стандарттың міндеттері:

            1) тұрақты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру және функцианалдық міндеттерді жүзеге асыру кезінде Аппарат жұмыскерлерінің жауапкершілігін арттыру;

            2) сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және олардың жағымсыз салдарын болдырмау.

  1. Стандарттың негізгі қағидаттары:

            1) заңдылық;

            2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды басымдыққа алу;

            3) жариялылық пен айқындық;

            4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;

            5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

            6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;

            7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;

            8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

  1. Стандарт Аппараттың барлык жұмыскерлері үшін міндетті болып табылады.
  2. Стандарт талаптарының сақталуын бақылау жауапты маманға жүктеледі.
  3. Аппарат жұмыскерлерінің өз өкілеттіктерін жеке, топтық жэне өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттер жасауына жол бермеу максатында:

            1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-қимыл туралы заңнаманы және баска да нормативтік құқыктык актілерді мүлтіксіз сактауға;

            2) адал, әділ, карапайым болуға, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен және әріптестерімен карым-катынаста жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға;

            3) Жеке және заңды тұлғалардың құкықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті;

            4) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп бермеуге, сын үшін қудалауға жол бермеуге, кемшіліктерді жою және өз қызметін жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалануға;

            5) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;

            6) заңда тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауаптылық көзделген теріс кылықтар мен өзге де кұкық бұзушылықтар жасауға жол бермеуге;

            7) шешімдер дайындау және қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз артықшылық бермеуге;

            8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, оның кез келген көріністеріне, олар кімнен шыкпаса да төзімсіз болуға;

            9) өтініштерді объективті, құзыретті, бюрократиясыз және әуре-сарсансыз карауға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде кажетті шаралар колдануға;

            10) әріптестеріне өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын, олардың әділ қызметтік шешім қабылдауына ықпал етуі мүмкін заңсыз өтініштермен жүгінуден бас тартуға;

            11) баска адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндірмеуге және көтермелемеуге;

            12) өзінің қызметтік міндеттерін атқарғаны үшін сыйлықтар мен қызметтік емес қызметтерді қабылдамауға;

            13) көрсетілген тұлғалардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игілік не артыкшылык алу үшін басшылыққа қызметтік емес қызметтер көрсетпеуге;

            14) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауға;

            15) егер ол жақын туыстық және тән қатынастардағы адамдардың тікелей бағыныстылығымен немесе бақылауында болуымен байланысты болса, лауазымға тағайындалудан бас тартуға;

            16) басшылыққа қатысты жеке адалдық, олардың лауазымдық мүмкіндіктері есебінен пайда мен артықшылықтар алуға ұмтылу көріністеріне жол бермеуге;

            17) сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимылда белсенділік танытуға;

            18) үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіруден немесе лоббизм жасаудан, сол сиякты олардың атынан іс-әрекеттер жасаудан аулақ болуға;

            19) лауазымдық міндеттерді орындаудың бейтараптығы мен объективтілігіне әсер етуі мүмкін қаржылық және іскерлік өзара қарым-қатынастардан аулақ болуға;

            20) мұндай айыптау анықталған күннен бастап бір ай мерзімде оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінде негізсіз жария түрде айыптаған кезде оны теріске шығару жөнінде, оның ішінде сот тәртібімен шаралар қолдануға құкылы;

            21) тікелей басшыға лауазымдық міндеттерін атқару кезінде мүдделер қақтығысының, жеке мүдделіліктің туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына, оның ішінде құжаттарды не әуре-сарсанды жеделдетіп қарағаны үшін кандай да бір пайда алуға итермелеу туралы, орындау үшін алынған өкімнің заңдылығы туралы баяндауға;

            22) егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылса, жоғары тұрған басшылыққа жүгінуге;

            23) жеке және өзімшіл мүдделерді басшылыққа алмауға;

            24) әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды қызметкерлеріне сыйлықтар бермеуге және лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игілік не артықшылық алу үшін қызметтік емес қызметтер көрсетпеуге;

            25) мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындау себептері мен жағдайларын және олардың салдарын жою жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылдауға міндетті;

            26) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін көзделген ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсауға;

            27) әлеуетті өнім беруші ретінде өткізілетін сатып алуға өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдауға құқығы бар не өткізілетін сатып алудың бастамашылары немесе ұйымдастырушылары болып табылатын Мекеме жұмыскерлерінің жакын туыстарын, жұбайын (зайыбын) немесе жекжаттарын (ерлі-зайыптылардың туыстарын) қатысуға жібермеуге;

            28) жоғары тұрған не төмен тұрған не онымен жұмысы бойынша өзге де тәуелді адаммен ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға;

            29) карамағындағыларды қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін тартуға жол бермеуге;

            30) жұмыскерлердің өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу жөнінде уақтылы кешенді шаралар қабылдауға;

            31) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде жан-жақты шаралар қабылдауға міндетті.

  1. Кадрларды іріктеу және орналастыру бойынша кадрлық жұмысты ұйымдастыру кезінде:

            1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасының талаптарын сақтау;

            2) кадрларды туыстық, жерлестік және жеке берілгендік белгілері бойынша іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеуге, меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге;

            3) жұмыскерлердің дербес деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеу;

            4) Аппараттың басшылығына жеке сипаттағы қандай да бір қызметтер көрсету туралы өтінішті талап етпеуге және жүгінбеуге;

            5) жұмыскерлердің қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты және анық айқындауға;

            6) еңбек жүктемесінің жұмыскерлер арасында біркелкі бөлінбеуіне жол бермеу;

            7) анық орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттерінен тыс, сондай-ақ заңнамаға қайшы келетін өкімдер бермеуге;

            8) қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қарамағындағылардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайды пайдаланбауға;

            9) қарамағындағыларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеуге міндетті.

  1. Сыйлықтар, іссапарлар және қонақжайлылық көрсетуге қатысты ережелер:

            Лауазымдық функцияларын орындаумен байланысты сыйлықтар қабылдау немесе қонақжайлылық таныту заңсыз сыйақы ретінде бағалануы мүмкін. Сондықтан сыйлықтар қабылдау мен ұсыну, іссапарға шақыру және қонақжайлылық таныту тәжірибесін қатаң бақылап, кез келген тәсілмен жолын кесу маңызды.

            Субъектілердің жұмыскерлері, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты кез келген сыйлықтар мен іссапарға шақырулардың, сондай-ақ қонақжайлылық танытудың, пара ретінде қабылдануы мүмкін жағдайларынан барынша аулақ болуға тиіс.

            Көрсетілген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында мынадай сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен жауапкершілік түрлері көзделген:

            1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабына сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті беделсіз ететін тәртіптік теріс қылықтар қатарына ұйымдарда (онда аталған адам тиісті функцияларды орындамайды) не жеке тұлғаларда мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындағаны үшін ақша, көрсетілетін қызмет және басқа да формалардағы кез келген сыйақыны қабылдау жатады;

            2) егер аталған іс-әрекет (әрекетсіздік) мұндай адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса және Қылмыстық кодексте көзделген қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген не оған теңестірілген адамның өзі не делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді немесе көрсетілетін қызметтерді алуына әкімшілік жауапкершілік көзделген;

            3) жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілгендердің, оларға теңестірілген адамдар мен лауазымды тұлғалардың және олардың отбасы мүшелерінің келісімінсіз шоттарына аударылған ақша қаражаты анықталған сәттен бастап екі аптадан кешіктірілмей республикалық бюджетке ақша аударылуға жатады. мұндай қаражаттың түсу мән-жайлары туралы мемлекеттік кірістер органына түсініктеме ұсынылуға тиіс;

            4) өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметкерлерден және өзге де адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауға тыйым салынады, ал жоғарыда көрсетілген адамдарға көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетілген күннен бастап не осы адамдарға қызметтің көрсетілген туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде ол республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төлеуге тиіс;

            5) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілгендерге, оларға теңестірілген адамдарға лауазымды тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ олар тиісті функцияларды орындауына байланысты алған сыйлықтар сыйлықтың алған күннен бастап не жоғарыда аталғанадамдардың сыйлықтың келіп түскен туралы мәлім болған кездегі күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал нақ сондай жағдайларда көрсетілген қызметтерді осы адамдар республикалық бюджетке тиісті қаржыны 7 күнтізбелік күн ішінде аудару жолымен төлеуі тиіс;

            6) өздеріне сыйлықтар келіп түскен жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілгендер, оларға теңестірілген адамдаржоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, уәкілетті мемлекеттік мүлікті басқару органымен сатып алу-сату шарты негізінде «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталған құны бойынша оларды сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады;

            7) Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға немесе оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен сыйлықтарды, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, жекелеген негіздер бойынша толық емес және уақтылы бермеуге штраф әкеп соғады;

            8) жеке және заңды тұлғалардың есебінен ел ішіндегі және шет елдегі туристік, емдеу-сауықтыру және басқа да іссапарларға шақыруларды қабылдауға тыйым салынады. Жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың есебінен қаржыландырылатын сапарлар; қызметіне қатысы жоқ өзге жеке тұлғалардың шақырулары (жоғары тұрған лауазымды тұлғаның немесе органның келісімімен); халықаралық шарттарға немесе шет мемлекеттермен өзара дағдыластыққа сәйкес; ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсіби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу үлкен сапарлар, соның ішінде осындай ұйымдардың жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын сапарларды қоспағанда;

            9) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілгендердің, оларға теңестірілген адамдар мен лауазымды тұлғалардың отбасы мүшелері оларға қызмет бойынша тәуелді жеке және заңды тұлғалардың есебінен ұсынылатын сыйлықтар мен қызметтерді, туристік, сауықтыру және басқа да сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес.

  1. Активтер мен мүлік туралы декларациялар – жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралдарының бірі. Декларациялау жүйесінің болуы адалдық және есеп берушілік мәдениетін дамытуға, мемлекеттік секторға деген сенімді нығайтуға және әдепті мінез-құлықты ынталандыруға ықпал етеді.

            Мемлекеттік қызметке түскенде және мемлекеттік қызмет өткеру кезінде декларацияларды тапсырмау не уақтылы тапсырмау – әкімшілік жауаптылыққа әкеледі.

            Кірістер мен мүлік туралы декларацияны:

            1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;

            2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары;

            3) лауазымды адамдар және олардың жұбайлары;

            4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары ұсынады.

            Есептік күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлік сатып алынған жағдайда, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар және олардың жұбайлары; лауазымды адамдар және олардың жұбайлары; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстардың көздерін көрсетуге міндетті.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамдарды қорғаудың мынадай шаралары көзделген:

            1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы уәкілетті органдарға хабарлама түскен сәттен бастап 3 жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамды жұмыс беруші немесе басшылықтың бастамасымен тәртіптік комиссияның немесе алқалық органның ұсыныстарынсыз жұмыстан босатуға, басқа лауазымға ауыстыруға немесе тәртіптік жауапкершілікке тартуға болмайды;

            2) көрсетілген кезең ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамнан оның еңбек құқықтарының бұзылуы туралы өтініш келіп түссе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган тексеру жүргізеді және қорытындыны еңбек немесе прокуратура органдарына жібереді;

            3) еңбек даулары ұйымның ішінде құрылған келісу комиссиясының немесе тәртіптік алқа органының отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган өкілінің қатысуы міндетті қаралуға тиіс;

            4) алқалық орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамдардың құқықтарының бұзылуымен байланысты істің барлық мән-жайларын жан-жақты және объективті қарауға және өтініш түскен күннен бастап, күнтізбелік 30 күн ішінде шешім қабылдауға міндетті. Алқалық орган отырысының хаттамасы шешіммен бірге 3 жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі, шешімге алқа органның отырысқа қатысқан барлық мүшесі қол қоюға тиіс;

            5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдескен тұлға тәртіптік комиссияның немесе алқалық органның шешімімен келіспеген жағдайда, ол сотқа немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға шешімді қайта қарау үшін жүгінуге құқылы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган құқық бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тиісті еңбек немесе прокуратура органдарына істі одан әрі қарау үшін тиісті хабарлама жібереді;

            6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамдардың жеке басы мен хабарламасының мазмұнының толық құпиялылығы кепілдендіріледі. Осыған байланысты оның және мемлекеттік орган, ұйым басшылығы немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган арасында ақпаратты жарияламау туралы келісім жасалады;

            Соның ішінде ұйым басшылары мен алқалық органдардың мүшелерін қоспағанда процеске қатысатын барлық тараптар, ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тергеудің кез келген кезеңінде ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу процесіне бастама жасауға құқылы.

            7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдескен тұлғалардың еңбек даулары келісу комиссияларының отырыстарында қаралады, бұл отырыстарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган өкілдерінің қатысуы міндетті.         

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытудың маңыздылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тек құқық қорғау және заңнамалық шараларды қолдану жеткіліксіз. Сыбайлас жемқорлықты тиімді жою үшін тиісті мәдениетті дамыту қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

            Бұл тек саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу мен енгізуді ғана емес, сондай-ақ айқындық, адалдық және есеп берушілік сияқты құндылықтарды белсенді насихаттауды білдіреді. Аталған құндылықтар корпоративтік мәдениеттің және күнделікті тәжірибенің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады:

            1) Білім беру шаралары – жұмыскерлердің жемқорлық құқық бұзушылықтарды, мүдделер қақтығысын болдырмау жолдары және басқа мәселелер бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған тұрақты семинарлар мен тренингтерді қамтуы мүмкін;

            2) ақпараттық шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша нақты нұсқаулықтар мен нұсқаулар әзірлеу және оларды жұмыскерлер арасында тарату, сондай-ақ , бейнероликтер, таныстырылымдар және буклеттер сияқты оқыту материалдарын дайындауды қамтиды. Осы мақсатта корпоративтік таратулар, ішкі порталдар және ақпараттық стендтер пайдаланылуы мүмкін;

            3) ұйымдастырушылық шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу, жемқорлықтың алдын алуға жауапты жұмыскерлерді тағайындау, жемқорлық фактілері туралы хабарлау арналарының құрылуы, сатып алу, лауазымдарға тағайындау және жұмыскерлердің тиімділігін және басқа да тәуекелді салаларды бағалау рәсімдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды интеграциялауды қамтуы мүмкін.

  1. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жауапты адамдарға немесе бөлімшелерге жарты жылда кемінде 1 рет мүдделер қақтығысының үлгілік жағдайларын көздейтін оқыту іс-шараларын өткізу ұсынылады. Бұдан бөлек, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бюджетте қаражат болған жағдайда, ғимараттың кіреберісінде сыйлықтар әкелуге және сыйлықтар ұсынуға тыйым салу туралы ақпаратты, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген жауапкершілік туралы ескертуді орналастыру ұсынылады.
  2. Ұйымның қызмет саласына қарамастан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсыныстарды әділ, әдепті және кәсіби түрде қолдану ұсынылады.

            Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша стандарт пен ұсынымдарды енгізуге жауапты адамдарға мыналар ұсынылады:

            1) қажет болған жағдайда, бақылау жүйесін жетілдіру шараларын ұсыну;

            2) өз қызметі барысында қабылданған шешімдердің қаржылық және құқықтық салдарын ескеру;

            3) іс жүзінде Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасын, сондай-ақ тиісті кодекстерді, ішкі саясаттар мен процедураларды қолдану;

            4) олардың іс-әрекеттері адалдық пен объективтілік құндылықтары мен қағидаттарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа, әрбір жеке ұйымның іскерлік әдеп кодекстері мен процедураларына сәйкес келуін қамтамасыз ету;

            5) Қазақстан Республикасының заңнамасына, саясаттары мен процедураларына жүйелі түрде шолу жасау және қажет болған жағдайда өзгерістер енгізуге ықпал ету.

Дата публикации
15 декабря 2025
Дата обновления
15 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы