Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Ғафурдин Жанұзақов атындағы ауылдық клубы

                                                                                                                Кәсіпорын басшысының

                                                                                                                2025 жылғы «___»________

                                                                                                                №___ бұйрығына қосымша

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты (бұдан әрі - Стандарт) әзірлеушінің атауы: «Ғафурдин Жанұзақов атындағы ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі - Кәсіпорын).
  2. Стандарт Кәсіпорын қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ұсынымдар жүйесін белгілеуге бағытталған.

            3 . Стандарттың міндеттері:

            1) тұрақты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру және функцианалдық міндеттерді жүзеге асыру кезінде Кәсіпорын жұмыскерлерінің жауапкершілігін арттыру;

            2) сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және олардың жағымсыз салдарын болдырмау.

  1. Стандарттың негізгі қағидаттары:

            1) заңдылық;

            2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды басымдыққа алу;

            3) жариялылық пен айқындық;

            4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;

            5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

            6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;

            7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;

            8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

  1. Стандарт Кәсіпорынның барлык жұмыскерлері үшін міндетті болып табылады.
  2. Стандарт талаптарының сақталуын бақылау жауапты маманға жүктеледі.
  3. Кәсіпорын жұмыскерлерінің өз өкілеттіктерін жеке, топтық жэне өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттер жасауына жол бермеу максатында:

            1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-қимыл туралы заңнаманы және баска да нормативтік құқыктык актілерді мүлтіксіз сактауға;

            2) адал, әділ, карапайым болуға, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен және әріптестерімен карым-катынаста жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға;

            3) Жеке және заңды тұлғалардың құкықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті;

            4) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп бермеуге, сын үшін қудалауға жол бермеуге, кемшіліктерді жою және өз қызметін жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалануға;

            5) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;

 

            6) заңда тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауаптылық көзделген теріс кылықтар мен өзге де кұкық бұзушылықтар жасауға жол бермеуге;

            7) шешімдер дайындау және қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз артықшылық бермеуге;

            8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, оның кез келген көріністеріне, олар кімнен шыкпаса да төзімсіз болуға;

            9) өтініштерді объективті, құзыретті, бюрократиясыз және әуре-сарсансыз карауға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде кажетті шаралар колдануға;

            10) әріптестеріне өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын, олардың әділ қызметтік шешім қабылдауына ықпал етуі мүмкін заңсыз өтініштермен жүгінуден бас тартуға;

            11) баска адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндірмеуге және көтермелемеуге;

            12) өзінің қызметтік міндеттерін атқарғаны үшін сыйлықтар мен қызметтік емес қызметтерді қабылдамауға;

            13) көрсетілген тұлғалардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игілік не артыкшылык алу үшін басшылыққа қызметтік емес қызметтер көрсетпеуге;

            14) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауға;

            15) егер ол жақын туыстық және тән қатынастардағы адамдардың тікелей бағыныстылығымен немесе бақылауында болуымен байланысты болса, лауазымға тағайындалудан бас тартуға;

            16) басшылыққа қатысты жеке адалдық, олардың лауазымдық мүмкіндіктері есебінен пайда мен артықшылықтар алуға ұмтылу көріністеріне жол бермеуге;

            17) сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимылда белсенділік танытуға;

            18) үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіруден немесе лоббизм жасаудан, сол сиякты олардың атынан іс-әрекеттер жасаудан аулақ болуға;

            19) лауазымдық міндеттерді орындаудың бейтараптығы мен объективтілігіне әсер етуі мүмкін қаржылық және іскерлік өзара қарым-қатынастардан аулақ болуға;

            20) мұндай айыптау анықталған күннен бастап бір ай мерзімде оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінде негізсіз жария түрде айыптаған кезде оны теріске шығару жөнінде, оның ішінде сот тәртібімен шаралар қолдануға құкылы;

            21) тікелей басшыға лауазымдық міндеттерін атқару кезінде мүдделер қақтығысының, жеке мүдделіліктің туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына, оның ішінде құжаттарды не әуре-сарсанды жеделдетіп қарағаны үшін кандай да бір пайда алуға итермелеу туралы, орындау үшін алынған өкімнің заңдылығы туралы баяндауға;

            22) егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылса, жоғары тұрған басшылыққа жүгінуге;

            23) жеке және өзімшіл мүдделерді басшылыққа алмауға;

            24) әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды қызметкерлеріне сыйлықтар бермеуге және лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игілік не артықшылық алу үшін қызметтік емес қызметтер көрсетпеуге;

            25) мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындау себептері мен жағдайларын және олардың салдарын жою жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылдауға міндетті;

            26) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін көзделген ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсауға;

            27) әлеуетті өнім беруші ретінде өткізілетін сатып алуға өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдауға құқығы бар не өткізілетін сатып алудың бастамашылары немесе ұйымдастырушылары болып табылатын Кәсіпорын жұмыскерлерінің жакын туыстарын, жұбайын (зайыбын) немесе жекжаттарын (ерлі-зайыптылардың туыстарын) қатысуға жібермеуге;

            28) жоғары тұрған не төмен тұрған не онымен жұмысы бойынша өзге де тәуелді адаммен ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға;

            29) карамағындағыларды қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін тартуға жол бермеуге;

            30) жұмыскерлердің өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу жөнінде уақтылы кешенді шаралар қабылдауға;

            31) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде жан-жақты шаралар қабылдауға міндетті.

  1. Кадрларды іріктеу және орналастыру бойынша кадрлық жұмысты ұйымдастыру кезінде:

            1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасының талаптарын сақтау;

            2) кадрларды туыстық, жерлестік және жеке берілгендік белгілері бойынша іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеуге, меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге;

            3) жұмыскерлердің дербес деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеу;

            4) Кәсіпорынның басшылығына жеке сипаттағы қандай да бір қызметтер көрсету туралы өтінішті талап етпеуге және жүгінбеуге;

            5) жұмыскерлердің қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты және анық айқындауға;

            6) еңбек жүктемесінің жұмыскерлер арасында біркелкі бөлінбеуіне жол бермеу;

            7) анық орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттерінен тыс, сондай-ақ заңнамаға қайшы келетін өкімдер бермеуге;

            8) қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қарамағындағылардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайды пайдаланбауға;

            9) қарамағындағыларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеуге міндетті.

  1. Сыйлықтар, іссапарлар және қонақжайлылық көрсетуге қатысты ережелер:

            Лауазымдық функцияларын орындаумен байланысты сыйлықтар қабылдау немесе қонақжайлылық таныту заңсыз сыйақы ретінде бағалануы мүмкін. Сондықтан сыйлықтар қабылдау мен ұсыну, іссапарға шақыру және қонақжайлылық таныту тәжірибесін қатаң бақылап, кез келген тәсілмен жолын кесу маңызды.

            Субъектілердің жұмыскерлері, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты кез келген сыйлықтар мен іссапарға шақырулардың, сондай-ақ қонақжайлылық танытудың, пара ретінде қабылдануы мүмкін жағдайларынан барынша аулақ болуға тиіс.

            Көрсетілген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында мынадай сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен жауапкершілік түрлері көзделген:

            1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабына сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті беделсіз ететін тәртіптік теріс қылықтар қатарына ұйымдарда (онда аталған адам тиісті функцияларды орындамайды) не жеке тұлғаларда мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындағаны үшін ақша, көрсетілетін қызмет және басқа да формалардағы кез келген сыйақыны қабылдау жатады;

            2) егер аталған іс-әрекет (әрекетсіздік) мұндай адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса және Қылмыстық кодексте көзделген қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген не оған теңестірілген адамның өзі не делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді немесе көрсетілетін қызметтерді алуына әкімшілік жауапкершілік көзделген;

            3) жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілгендердің, оларға теңестірілген адамдар мен лауазымды тұлғалардың және олардың отбасы мүшелерінің келісімінсіз шоттарына аударылған ақша қаражаты анықталған сәттен бастап екі аптадан кешіктірілмей республикалық бюджетке ақша аударылуға жатады. мұндай қаражаттың түсу мән-жайлары туралы мемлекеттік кірістер органына түсініктеме ұсынылуға тиіс;

            4) өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметкерлерден және өзге де адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауға тыйым салынады, ал жоғарыда көрсетілген адамдарға көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетілген күннен бастап не осы адамдарға қызметтің көрсетілген туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде ол республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төлеуге тиіс;

            5) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілгендерге, оларға теңестірілген адамдарға лауазымды тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ олар тиісті функцияларды орындауына байланысты алған сыйлықтар сыйлықтың алған күннен бастап не жоғарыда аталғанадамдардың сыйлықтың келіп түскен туралы мәлім болған кездегі күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал нақ сондай жағдайларда көрсетілген қызметтерді осы адамдар республикалық бюджетке тиісті қаржыны 7 күнтізбелік күн ішінде аудару жолымен төлеуі тиіс;

            6) өздеріне сыйлықтар келіп түскен жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілгендер, оларға теңестірілген адамдаржоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, уәкілетті мемлекеттік мүлікті басқару органымен сатып алу-сату шарты негізінде «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталған құны бойынша оларды сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады;

            7) Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға немесе оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен сыйлықтарды, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, жекелеген негіздер бойынша толық емес және уақтылы бермеуге штраф әкеп соғады;

            8) жеке және заңды тұлғалардың есебінен ел ішіндегі және шет елдегі туристік, емдеу-сауықтыру және басқа да іссапарларға шақыруларды қабылдауға тыйым салынады. Жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың есебінен қаржыландырылатын сапарлар; қызметіне қатысы жоқ өзге жеке тұлғалардың шақырулары (жоғары тұрған лауазымды тұлғаның немесе органның келісімімен); халықаралық шарттарға немесе шет мемлекеттермен өзара дағдыластыққа сәйкес; ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсіби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу үлкен сапарлар, соның ішінде осындай ұйымдардың жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын сапарларды қоспағанда;

            9) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілгендердің, оларға теңестірілген адамдар мен лауазымды тұлғалардың отбасы мүшелері оларға қызмет бойынша тәуелді жеке және заңды тұлғалардың есебінен ұсынылатын сыйлықтар мен қызметтерді, туристік, сауықтыру және басқа да сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес.

  1. Активтер мен мүлік туралы декларациялар – жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралдарының бірі. Декларациялау жүйесінің болуы адалдық және есеп берушілік мәдениетін дамытуға, мемлекеттік секторға деген сенімді нығайтуға және әдепті мінез-құлықты ынталандыруға ықпал етеді.

            Кірістер мен мүлік туралы декларацияны:

            1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;

            2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары;

            3) лауазымды адамдар және олардың жұбайлары;

            4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары ұсынады.

            Есептік күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлік сатып алынған жағдайда, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар және олардың жұбайлары; лауазымды адамдар және олардың жұбайлары; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстардың көздерін көрсетуге міндетті.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамдарды қорғаудың мынадай шаралары көзделген:

            1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы уәкілетті органдарға хабарлама түскен сәттен бастап 3 жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамды жұмыс беруші немесе басшылықтың бастамасымен тәртіптік комиссияның немесе алқалық органның ұсыныстарынсыз жұмыстан босатуға, басқа лауазымға ауыстыруға немесе тәртіптік жауапкершілікке тартуға болмайды;

            2) көрсетілген кезең ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамнан оның еңбек құқықтарының бұзылуы туралы өтініш келіп түссе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган тексеру жүргізеді және қорытындыны еңбек немесе прокуратура органдарына жібереді;

            3) еңбек даулары ұйымның ішінде құрылған келісу комиссиясының немесе тәртіптік алқа органының отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган өкілінің қатысуы міндетті қаралуға тиіс;

            4) алқалық орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамдардың құқықтарының бұзылуымен байланысты істің барлық мән-жайларын жан-жақты және объективті қарауға және өтініш түскен күннен бастап, күнтізбелік 30 күн ішінде шешім қабылдауға міндетті. Алқалық орган отырысының хаттамасы шешіммен бірге 3 жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі, шешімге алқа органның отырысқа қатысқан барлық мүшесі қол қоюға тиіс;

            5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдескен тұлға тәртіптік комиссияның немесе алқалық органның шешімімен келіспеген жағдайда, ол сотқа немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға шешімді қайта қарау үшін жүгінуге құқылы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган құқық бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тиісті еңбек немесе прокуратура органдарына істі одан әрі қарау үшін тиісті хабарлама жібереді;

            6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамдардың жеке басы мен хабарламасының мазмұнының толық құпиялылығы кепілдендіріледі. Осыған байланысты оның және мемлекеттік орган, ұйым басшылығы немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган арасында ақпаратты жарияламау туралы келісім жасалады;

            Соның ішінде ұйым басшылары мен алқалық органдардың мүшелерін қоспағанда процеске қатысатын барлық тараптар, ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тергеудің кез келген кезеңінде ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу процесіне бастама жасауға құқылы.

            7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдескен тұлғалардың еңбек даулары келісу комиссияларының отырыстарында қаралады, бұл отырыстарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган өкілдерінің қатысуы міндетті.         

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытудың маңыздылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тек құқық қорғау және заңнамалық шараларды қолдану жеткіліксіз. Сыбайлас жемқорлықты тиімді жою үшін тиісті мәдениетті дамыту қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

            Бұл тек саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу мен енгізуді ғана емес, сондай-ақ айқындық, адалдық және есеп берушілік сияқты құндылықтарды белсенді насихаттауды білдіреді. Аталған құндылықтар корпоративтік мәдениеттің және күнделікті тәжірибенің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады:

            1) Білім беру шаралары – жұмыскерлердің жемқорлық құқық бұзушылықтарды, мүдделер қақтығысын болдырмау жолдары және басқа мәселелер бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған тұрақты семинарлар мен тренингтерді қамтуы мүмкін;

            2) ақпараттық шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша нақты нұсқаулықтар мен нұсқаулар әзірлеу және оларды жұмыскерлер арасында тарату, сондай-ақ , бейнероликтер, таныстырылымдар және буклеттер сияқты оқыту материалдарын дайындауды қамтиды. Осы мақсатта корпоративтік таратулар, ішкі порталдар және ақпараттық стендтер пайдаланылуы мүмкін;

            3) ұйымдастырушылық шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу, жемқорлықтың алдын алуға жауапты жұмыскерлерді тағайындау, жемқорлық фактілері туралы хабарлау арналарының құрылуы, сатып алу, лауазымдарға тағайындау және жұмыскерлердің тиімділігін және басқа да тәуекелді салаларды бағалау рәсімдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды интеграциялауды қамтуы мүмкін.

  1. Квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын жүзеге асыратын жауапты адам айқындалады. Оның негізгі міндеті осы ұйымның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын жүзеге асыратын жауапты адам/комплаенс-офицер (бұдан әрі – комплаенс-қызмет) мүдделердің ықтимал қақтығысы ескеріле отырып тағайындалады. Бұл ретте, комплаенс-қызметтің функцияларын квазимемлекеттік сектор субъектісінің басқа құрылымдық бөлімшелерінің міндеттерімен біріктіруге болмайды. Комплаенс-қызмет квазимемлекеттік сектор субъектісінің директорлар кеңесінің, байқау кеңесінің (болған жағдайда) немесе өзге де тәуелсіз басқару органының шешімімен, осы органдар болмаған жағдайда, квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы айқындайды (бұдан әрі – басшылық).

            Мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен іскерлік қатынастарға қатысатын кәсіпкерлік субъектілері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жеткілікті шаралар қабылдау көрсеткіші ретінде комплаенс бағдарламасын өз бетінше әзірлейді (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының 5-бөлімі, 1-міндет «Бизнестің парасаттылығына жәрдемдесу»).

            Ұйымның қызмет саласына қарамастан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсыныстарды әділ, әдепті және кәсіби түрде қолдану ұсынылады.

            Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша стандарт пен ұсынымдарды енгізуге жауапты адамдарға мыналар ұсынылады:

            1) қажет болған жағдайда, бақылау жүйесін жетілдіру шараларын ұсыну;

            2) өз қызметі барысында қабылданған шешімдердің қаржылық және құқықтық салдарын ескеру;

            3) іс жүзінде Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасын, сондай-ақ тиісті кодекстерді, ішкі саясаттар мен процедураларды қолдану;

            4) олардың іс-әрекеттері адалдық пен объективтілік құндылықтары мен қағидаттарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа, әрбір жеке ұйымның іскерлік әдеп кодекстері мен процедураларына сәйкес келуін қамтамасыз ету;

            5) Қазақстан Республикасының заңнамасына, саясаттары мен процедураларына жүйелі түрде шолу жасау және қажет болған жағдайда өзгерістер енгізуге ықпал ету.

  1. Ұйымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасы туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде аясында квазимемлекеттік сектордың барлық субъектілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін енгізу талабы қолданылады.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасының негізгі мақсаты шешім қабылдау және ұйым қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін, ұйым қызметіне қатысты ықтимал немесе сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың нақты себептері мен шарттарын дербес анықтау және жою үшін, тәуекелге негізделген бақылауды әзірлейді және енгізеді.

            Ұйымның қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін жеткілікті және тиімді шаралар қабылдап жатқанын көрсету керек, сондай-ақ болашақта осындай бұзушылықтардың алдын алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасын жетілдіру керек.

            «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындамау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 680-бабына сәйкес жауапкершілікті көздейді.

  1. Ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс шараларын енгізу бойынша практикалық ұсынымдар

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасын сәтті жүзеге асыруда көшбасшылық үлгісі және комплаенс функциясын басқаруды қолдау маңызды рөл атқарады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылықта болады.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ұйымның өз мақсаттарына қол жеткізуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және шешім қабылдаудағы айқындықты ұстануының көрсеткіші ретінде ұйымның стратегиялық мақсаттарына қосу ұсынылады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс стратегиясы – ұйым қызметінің негізгі стратегиясы мен қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ұзақ мерзімді бағыт. Ол әдеп және айқындық мәдениетін қалыптастыру қағидаттары мен жалпы тәсілдерін анықтайды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және ұйымның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасының бағыттары – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау стратегиясын іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің негізгі элементтері.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары нақты іс-шараларды, оларды орындау мерзімдерін, жауапты адамдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасының талаптарын орындау бағыттарын іске асыру бойынша күтілетін нәтижелерді көрсететін, егжей-тегжейлі құжат болып табылады.

            Іс-шаралар жоспары сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия мен бағдарламалық бағыттардың негізінде әзірленген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс шараларының орындалуын бақылау мен бағалау құралы болып табылады.

  1. Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның тиімділігін бағалауды басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасын әзірлеуге және қолдауға нақты қатысуы негізінде жүргізетін болады.

            Ұйымға қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілген жағдайда, Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасының тиімділігін ұйымның сыбайлас жемқорлықты дербес анықтау және азайту жолымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жеткілікті шаралар қабылдау дәрежесінің көрсеткіші ретінде бағалайды.

  1. Ұйымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасын оның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, ден қою және алдын алудағы тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі критерийлерге сәйкес әзірлеу ұсынылады.

            Осы міндетті орындау үшін ұйым мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:

            1) Квазимемлекеттік сектор субъектісінің директорлар кеңесінің, байқау кеңесінің (бар болса) немесе өзге де тәуелсіз басқару органының шешімі бойынша, осы органдар болмаған жағдайда, квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы комплаенс-қызметтің басшысын тағайындайды және оның өкілеттік мерзімін, сыйақы мөлшері мен төлеу шарттарын белгілейді;

            2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын квазимемлекеттік сектор субъектісінің басқа құрылымдық бөлімшелерінің функцияларымен біріктіруге рұқсат етілмейді;

            3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасын іске асыруға жауапты адам ықтимал мүдделер қақтығысын ескере отырып тағайындалады;

            4) комплаенс-қызмет Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз етуде өз өкілеттіктерін атқарушы органға тәуелсіз жүзеге асырады, директорлар кеңесіне, байқау кеңесіне (бар болса) немесе басқа да тәуелсіз басқару органына есеп береді.

            Комплаенс қызметті ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібінің толық сипаттауы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметі туралы ережеде келтірілген.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасы ұйымның контекстіне негізделген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиімді шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды көздейді. Бұл тапсырманы орындау үшін комплаенс-қызмет немесе жауапты адамға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу процестеріне байланысты осындай қабілеттерді меңгеру ұсынылады:

            1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты заңнамасын, сондай-ақ ұйымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөніндегі ішкі саясатын түсіну және қолдану;

            2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың түрлерін білу және түсіну;

            3)  сыбайлас жемқорлыққа тән тәуекелдерді талдау және анықтау;

            4) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұйымдық саясат пен процедураларды әзірлеу, енгізу және бақылау;

            5) ішкі және сыртқы мүдделі тараптардың кең ауқымымен өзара іс-қимыл жасай білу;

            6) ұйым жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарын бұзуы шеңберінде ішкі тексеріс жүргізу;

            7) үлкен деректерді талдау және іс-әрекетке жарамды ұсыныстар мен бақылау шараларын тұжырымдау қабілетті;

            8) басшыларға, жұмыскерлерге және ұйымның басқа да мүдделі адамдарына ұйымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саясаты бойынша жалпы және тәуекелге бағытталған тренингтерді әзірлеу және өткізу.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасын әзірлеуге дайындық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасын толық жүзеге асыруды бастамас бұрын ұйымның көлемі, оның саласы, географиялық орналасуы, реттеуші орта және басқа да сыртқы және ішкі жағдайлар сияқты факторларды ескере отырып, ұйым қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдығу дәрежесіне алдын ала бағалау жүргізу қажет. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасын қалыптастыруға және өзгертуге әсер етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасы ұйымның нақты қызметіне тән ағымдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері негізінде құрылады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бастапқы бағалауын жүргізу ұйымның қызмет саласына тән ықтимал тәуекелдерін анықтаудағы шешуші қадам болып табылады. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасының тиімді жоспарын әзірлеу үшін негіз болады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау нәтижелері бойынша ұйым сыбайлас жемқорлық тәуекелі факторларының каталогын жасайды, оларды төмендету бойынша шаралар әзірлейді, қабылданған шаралардың тиімділігін сынақтан өткізеді және бақылайды. Енгізілген бақылауларды тестілеу сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі ішкі талдау кезеңіне дейін жүргізіледі.

            Назар аударуға тиіс аспектілер:

            1) ұйымның негізгі қызметін анықтау;

            2) басшылықтың мемлекеттік ұйымдармен байланысын, оның ішінде олардағы бұрынғы жұмыс тәжірибесін, беделін, акционер/құрылтайшы, директорлар кеңесінің, байқау кеңесінің мүшесі, менеджер ретінде басқа кәсіпорындардағы бұрынғы және қазіргі қатысуын талдау (мүдделер қақтығысы декларациясы арқылы анықтау ұсынылады);

            3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасы бойынша әзірленген және қолданыстағы саясаттар мен процедуралардың болу/болмауын талдау;

            4) ұйымның қызмет саласына тән негізгі сыбайлас жемқорлықты және басқа да (қажет болса) тиісті тәуекел факторларын анықтау;

            5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың бір бөлігі болып табылатын ықтимал бұзушылықтар туралы хабарлау үшін, «сенім желісінің» болуын тексеру;

            6) қызметкерлер мен жабдықтаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша тренингтер өткізілуін анықтау;

            7)  үміткерлер мен өнім жабдықтаушылардың сенімділігін тексеру әдістерін бағалау;

            8) бұрын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілгенін анықтау;

            9) ішкі және сыртқы аудиторлардың соңғы 2 жылдағы есептерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелерін (егер бар болса), сондай-ақ шағымдар мен ішкі тексерістер нәтижелерін зерделеу;

            10) ұйым қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу жағдайларын талдау;

            11) ұйымдағы лауазымдық нұсқаулықтарды, өкілеттіктерді,

келісім-шарттарға қол қоюға және қаржылық шешімдерді қабылдауға арналған сенімхаттарды талдау;

            12) үміткерлер мен өнім жабдықтаушыларды бағалау мен қабылдау тұрғысынан ұйымның процестерінде біріктірілген тиімді бақылаулардың болуы мен толықтығын талдау;

            13) ұйымның негізгі және басқа жұмыскерлерімен, басшыларымен сұхбат жүргізу. Ұйымның негізгі жұмыскерлері лауазымдық міндеттеріне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдығу деңгейін бағалау арқылы анықталады. Бұл бағалауды жүзеге асыру үшін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарда сипатталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау әдістемесін пайдалану қажет.

  1. Сапалы комплаенс бағдарламасы мен іс-шаралар жоспарын әзірлеу ұйым қызметінің әдеп және құқықтық тәртібіне басшылықтың жоғары деңгейде берілгендігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен бақылауды жалпы корпоративтік стратегияға және ұйымның күнделікті қызметіне енгізу кезіндегі маңызды талап.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасының нәтижесі мен тиімділігі стратегия мен іс-шаралар жоспарынан тұратын кешенді тәсіл болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасы мынадай бағыттарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

  1. Комплаенс бағдарламасы басшылықтың белсенді қолдауына ие болған жағдайда ғана тиімді болады. Ұйым жетекшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа адалдығын көрсетуі және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруы керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұстану, оны дамыту және насихаттау – ұйымның әрбір жұмыскерінің міндеті.

            Ұйым-басшылығы іскерлік әдеп кодексінің қағидаттарына жеке бейімделгендігін көрсетуі керек. Басшылар барлық деңгейдегі сыбайлас жемқорлықты жоққа шығаратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға жауапты.

            Комплаенс-қызмет бойынша практикалық ұсынымдар:

            1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің 1 жылға арналған бағдарламасын әзірлеудің негізгі бағыттарын сипаттай отырып, басшылыққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасы мен іс-шаралар жоспарын көрсету ұсынылады.

            Ұйымның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдығуының негізгі бағыттарын анықтау бойынша бастапқы жұмыстарды жүргізгеннен кейін комплаенс бағдарламасының негізгі бағыттары тұрғысынан іс-шаралар жоспарын жасау және басшылыққа көрсету ұсынылады. Сондай-ақ комплаенс бағдарламасын ұйымның барлық жұмыскерлерінің назарына жеткізу ұсынылады.

            Басшылық үшін ақпарат таныстырылым және есептік кезеңдегі мәртебесі бар негізгі көрсеткіштер түрінде дайындалады. Басшылық мониторингке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасының сапалы орындалуына және қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге жауапты.

            Осы мақсаттар үшін ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасын толық іске асыру тетіктерін әзірлейтін жауапты комплаенс-қызмет тағайындалады.

            Басшылыққа мерзімді есеп анық және сенімді болуы керек.

            Комплаенс-қызметінің операциалық көреткіштеріне сүйену ұсынылады.

  1. Саясат пен процедуралар

            Бұл бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және алдын алуға қажетті негізгі саясаттар талқыланады.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді комплаенс бағдарламасында барлық жұмыскерлер мен сыртқы әріптестер үшін қолжетімді нақты анықталған, түсінікті және қолданылатын саясаттар мен процедуралар болуы қажет. Ұсынылатын саясаттар мен процедуралар:

            1) іскерлік әдеп кодексі;

            2) комплаенс-қызмет туралы ережелер;

            3) комплаенс жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтары;

            4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен нұсқаулық;

            5) мүдделер қақтығысының саясаты/процедурасы;

            6) үміткерлер мен жабдықтаушылардың сенімділігін тексеру процедурасы;

            7) сенім желісіне келіп түскен шағымдарды қарастыру және ішкі тексерісті жүргізу саясаты/процедурасы;

            8) сыйлықтар мен қонақжайлылықты декларациялау процедурасы;

            9) қайырымдылық және демеушілік көрсету процедурасы.

  1. Оқыту және коммуникация

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасының шеңберінде комплаенс-қызмет барлық жұмыскерлердің, жабдықтаушылардың және басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саясаты, процедуралары, ережелері және тәуекелінің көрсеткіштері бойынша өзекті тренинг өтуін қамтамасыз ету үшін қажетті құралдарды жасайды. Тренингтермен коммуникацияларды әзірлеу кезінде тәуекелге негізделген тәсіл пайдаланылады.

            Барлық деңгейдегі жұмыскерлерді жүйелі түрде оқыту комплаенс бағдарламасының маңызды элементі болып табылады.

            Нақты лауазымдық міндеттемелерге және тиісті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бағытталған тренингтерді әзірлеу ұсынылады.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен күдікті немесе нақты бұзушылықтар туралы хабарлаудың қолданыстағы құралдарының маңыздылығын еске салу үшін жұмыскерлермен тұрақты байланыс болуы керек.

            Негізгі және тәуекелге бағытталған тренингтің мазмұнын әзірлеу, сондай-ақ тренинг өткізу формасын анықтау ұсынылады: онлайн және офлайн, бейне-сабақ және т.б..

            Базалық тренингтер шеңберінде зерделенеді:

            1) іскерлік әдеп кодексі;

            2) сенім желісі және хабарлағаны үшін қорғау шаралары;

            3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

            4) мүдделер қақтығысы, оның ішінде сыйлықтар мен қонақжайлылықты қоса алғанда;

            5) демеушілік және қайырымдылық.

            Тәуекелге бағытталған тренинг тақырыптары болуы мүмкін:

            1) сатып алу іс-шараларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары;

            2) үміткерлер мен жабдықтаушылардың сенімділігін тексеру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары;

            3) орындалатын процестердің ерекшеліктеріне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан ұйымның жекелеген функциялары үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары.

            Контент сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен процедуралардың негізгі аспектілеріне сәйкес келуге және нақты мысалдарды (нақты тұлғаларды көрсетпей) қамтуға тиіс. Өтілген тренингті шағын тест сұрақтарымен бекіту ұсынылады.

            Тренингті тиімді түрде өткізу үшін, ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау нәтижелерін ескеру ұсынылады. Тәуекелге негізделген тәсілді анықтау кезінде ұйым жұмыскерлерінің лауазымдары мен өкілеттіктерін ескеру ұсынылады. Өткізілген тренинг пен қатысушылар статистикасын тіркеңіз.

            Өткізілетін тренинг мазмұнын жақсарту үшін өткізілген тренингтерді растау (шақыру скрині, фото және т.б.) және кері байланысты зерделеу ұсынылады. Ұйымның барлық қызметкерлеріне 1 жыл ішінде тағайындалған міндетті оқулардан өту ұсынылады.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функциясын қабылдау, түсіну және жетілдіру деңгейін анықтау үшін ұйым жұмыскерлері арасында комплаенс бойынша жыл сайын зерттеу жүргізу ұсынылады.

            Зерттеу өткізу жайында хабарламаны, сондай-ақ комплаенс бағытындағы басқа коммуникация түрлерін басшылық атынан жүргізу ұсынылады. Зерттеу мазмұнын және жетілдіру жоспарын әзірлеуді адами ресурстарды басқару функциясымен бірге әзірлеу ұсынылады.

            Бұл бағытты тиімді жүзеге асыру үшін мынадай шаралар ұсынылады:

            1) комплаенс бойынша міндетті тренингті өтуге мүмкіндіктері жоқ жұмыскерлердің тізімін анықтау;

            2) адами ресурстарды басқару функциясымен бірге жаңадан қабылданған жұмыскерлер үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасының білім негіздері бойынша кіріспе материалдарын әзірлеу және тренингтер өткізу.

            Материалдың мақсаты – жаңа жұмыскерлерге мынадай ақпаратты жеткізу:

            - ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасы не үшін құрылды?;

            - шешім қабылдау және күнделікті жұмысты орындау кезінде қолданылатын қандай құндылықтарды ұстану керек?

            - сенім желісі және оның мақсаты;

            - сыйлықтар мен қонақжайлылық лимиттері;

            - мүдделер қақтығысы туралы қалай және қайда хабарлау керек?

            - сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саясаты және процедураларымен қалай және қалай танысуға болады?

            - комплаенс бойынша сұрақтар жөнінде қалай және қайда хабарласады?

            Ұсынымды орындау кезінде тәуекелге бағытталған тәсілді қолдану қажет және осының негізінде жаңадан қабылданған жұмыскерлер үшін комплаенс туралы ақпаратты толықтыру қажет. Ол үшін жаңадан қабылданған жұмыскерлердің қызметін, бағытын, рөлі мен жауапкершілігін ескеру қажет.

            Дерексіз және маңызды емес мысалдардан аулақ болу және материалды ұйым немесе сала тәжірибесінің мысалдарымен бекіту ұсынылады.

            Жаңадан қабылданған жұмыскерлер жұмысқа қабылданғаннан кейін, алғашқы 3 ай ішінде комплаенс бойынша тренингтен өтуі ұсынылады.

            Комплаенс бойынша оқытуды кеш немесе толық аяқтамау сынақ мерзімінің аяқталуын бағалау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Бұл талапты жұмыс берушінің актісімен бекіту және барлық басшыларға процеске жауапкершілік туралы тренинг өткізу ұсынылады.

            Жұмыскерлер мен жабдықтаушыларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің көрсеткіштерін тануға үйрету мақсатында, шағын топтарда тәжірибелік тренингтер өткізу ұсынылады. Мұндай тренингтерді тәуекелге негізделген тәсілді және тиісті ұйымдық функцияға тән тәуекел факторларын пайдалана отырып жоспарлау керек. Тренинг және коммуникация мәтіні, мүмкіндігінше, анық және қарапайым етіп құрастыру ұсынылады. Күрделі сөйлемдер мен терминдерді пайдаланудан аулақ болу ұсынылады.

  1. Жедел желі – бұл жұмыскерлер мен жабдықтаушылар іскерлік әдеп кодексінің ықтимал немесе нақты бұзушылықтары туралы хабарлауға болатын тәуелсіз және сенімді желі.

            Өтініштерді қабылдау, өңдеу және объективті тексеру – сыбайлас жемқорлыққа және іскерлік әдеп кодексін бұзуға қарсы күрестің тиімді шараларының бірі. Ұйымда күдіктер немесе бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін бірыңғай желісінің болуы ұсынылады.

            Мүмкіндігінше, хабарламаларды өңдеудің объективтілігін және мүдделі тараптардың ықпалын болдырмау үшін, сенім желісінің бақылауын тәуелсіз операторға немесе мүдделер қақтығысының қаупі болуы мүмкін бөлімдерге тәуелсіз, арнайы бөлінген қызметке беру ұсынылады.

            Сенім телефонына хабарласқан адамдарды қорғауды қамтамасыз ету ұсынылады.

            Бұл мақсатқа жету үшін мынадай шаралар ұсынылады:

            1) ықтимал немесе нақты бұзушылықтар мен комплаенс тәуекелдері туралы хабарлау үшін сенім желісін құру;

            2) ұйымның сенім желісіне түскен шағымдарды қарастыру және ішкі тексерістерді жүргізу тәртібін бекіту ұсынылады. Тексерулерді жүргізуге жауапты адамдарды, сондай-ақ шағым жасаған адамға дер кезінде жауап беру ережелерін белгілеу;

            3) сенім желісінің жұмысы және оның мақсаттары бойынша вебинарлар мен тренингтер түрінде коммуникациялар жүргізу;

            4) оңай, қол жететін жерде және ашық ресурстарда сенім желісінің орналасқаны және байланысу әдістері туралы ақпаратты орналастыру;

            Іскерлік әдеп кодексінде мінез-құлық ережелерін мынадай бұзушылықтардың алдын алуына бағытталған ережелерді белгілеу ұсынылады:

            1)         белгіленген саясат пен процедураларды бұзушылық;

            2)         ұйымның қызметiнде қолданылатын заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлердi сақтамау;

            3)         қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау;

            4)         сыбайлас жемқорлық көріністері;

            5)         басшылыққа есеп берудің айқындық қағидаттарын бұзушылық

және т.с.с.

            Ұйымның комплаенс-қызметінің тәуелсіз және директорлар кеңесіне, байқау кеңесіне (бар болса) немесе басқа тәуелсіз басқару органына есеп бере отырып ішкі тексерудің өткізілуін және берілген ұсыныстарды уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі ұсынылады. Кері байланысты қамтамасыз ету және сенім желісіне өтініштің қабылданғаны туралы растауды уақытында жолдау ұсынылады.

            Басшылыққтың сенім желісінің уақтылы және тиімді жұмыс істеуін қадағалауы ұсынылады. Мұндай мониторинг комплаенс-қызметтің мерзімді есебімен танысу барысында жүргізіледі.

            Өтініштерді өңдеу барысында мәліметтердің бұрмалануын және жоғалуын болдырмау үшін, ұйымда бірнеше сенім желісін құрмау ұсынылады.

            Ұйымда қауіпсіздік қызметі немесе басқа функция деңгейінде сенім желісі болса, оларды біріктіріп, бірыңғай сенім желісін құру ұсынылады.

            Практикалық ұсынымдар:

            1) өтініштерді дер кезінде қарап және кері байланыс орнату. Өтініш қабылданғаннан кейін 24 сағат ішінде өтініштің қабылданғаны туралы алғашқы кері байланысты беру ұсынылады.

            Кері байланысты ұсыну кезеңдері:

            - бастапқы – өтініштің қабылданғанын және оның қаралып жатқанын растау үшін;

            - аралық – егер өтініш тексеруді қажет ететін болса, өтініш берген адамға өтініштің тексеруді қажет ететіні және белгілі бір күндер саны қажет екендігі туралы кері байланысты ұсыну қажет. Егер өтініш тергеуді қажет етпесе, онда тиісті жауап ұсыну қажет;

            2) ұйымның қызметі мен процесіндегі әлеуетті немесе нақты бұзушылықтар туралы хабарлау процесінде жұмыскерлер мен үшінші тұлғалар арасында сенімділікті арттыруға көмектесетін жалпы тұжырымнан аулақ, нақты және түсінікті кері байланысты ұсыну;

            3) бұзушылықтарды тексеру процесінің тиімділігін қамтамасыз ету және ұсынымдардың орындалуына мониторинг өткізуді қамтамасыз ету.

            Берілген барлық ұсынымдарды тұрақты түрде бақылау қажет. Егер ішкі тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыстан босатылуы мүмкін адамдар анықталса немесе тәртіптік жаза қолданылса, адами ресурстарды басқару функциясымен және заң бөлімімен жоспар бойынша жұмыс жүргізу қажет.

            Жұмыскерлерге сыйақы беру тәртібін регламенттейтін ішкі нормативтік құқықтық актілерге тергеу жүргізіліп, тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер жыл сайынғы немесе мерзімдік үстемеақы алу құқығынан айырылуы мүмкін деген ескертпені енгізу ұсынылады.

            Анықталған бұзушылықтарды айқындау кезінде бұзушылықтарға қатысы бар барлық адамның жеке деректерін қорғау талаптарын сақтау маңызды. Басшылық пен комплаенс-қызметке ұйым жұмыскерлеріне тренинг өткізу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс талаптарын бұзу жағдайларын көрсету ұсынылады.

            Осылайша сенім желісінің мақсатын түсіну мен сенім деңгейіне және сенім желісінің дұрыс мақсаттарда пайдалануы мәдениетіне әсер етеді.

  1. Жабдықтаушылардың сенімділігін тексеру

            Егер ұйым басқа да құқықтық нормалар мен шектеулерге байланысты жабдықтаушылардың сенімділігін алдын ала тексеруге қатыспаса, бұл процесті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жыл сайынғы және кезеңді талдау кезінде жүргізу ұсынылады.

            Осы тапсырманы орындау үшін ұсынылады:

            1) тәуекелі жоғары жабдықтаушыларды іріктеу: мысалға, «жалғыз көзден алу»;

            2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау тұрғысынан бюджетті қалыптастыру кезеңін, сатып алуды жоспарлауды, хаттамаларды, шешімдерді, техникалық шарттарды/осындай сатып алуға техникалық тапсырманы зерделеу;

            3) мүдделер қақтығысының болуы мен болмауына жұмыскерлер арасында сауалнама жүргізу;

            4) ұйым басшылығына сауалнама жүргізу, сондай-ақ ашық көздер арқылы басқару органының мүшелерін тексеру;

            5) жұмыскерлердің жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер немесе консалтингтік қызметтерді көрсетуге арналған шарттар бар-жоғын анықтау үшін жиналған ақпаратты талдау;

            6) үміткерлерді жұмысқа қабылдау кезінде мүдделер қақтығысына қатысты сұрақтарға жауаптарды талдау (жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер немесе консалтингтік қызметтерді көрсетуге арналған шарттар бар-жоғы);

            7) ұйымның басшыларын ағымдағы және әлеуетті жабдықтаушылар мен олардың құрылтайшылары тізімімен салыстыру;

            8) қосалқы мердігерлердің ең көп саны тартылатын жағдайларын талдау;

            9) сатып алу процесіне жіберілмейтін сенімсіз жабдықтаушылар тізімін талдау. Жаңа ұйымдарды ашу фактісі бойынша олардың басшылары мен құрылтайшыларын тексеру жүйелері арқылы тексеру;

            10) сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстар жасағаны үшін жұмыстан босатылған жұмыскерлердің тізімін ағымдағы немесе ықтимал жоғары тәуекелді жабдықтаушылардың құрылтайшылары мен басшыларының тізімдерімен салыстыра отырып талдау;

            11) жабдықтаушы төмендетілген құн бойынша тендерді жеңіп алған, содан кейін құнын арттыру үшін қосымша келісімдер жасалған кезде өзіндік құнын арттыру үшін қосымша келісімдер жасалған жағдайларды талдау ұсынылады.

  1. Мүдделер қақтығысы – бұл адамның немесе ұйымның жеке мүдделері немесе өз ұйымының мүдделері және олардың кәсіби міндеттерін немесе заңдарын сақтау арасындағы таңдауға тап болатын жағдай. Бұл шешім қабылдауда және әрекеттерде бейтараптыққа, объективтілікке немесе әділдікке ықтимал қауіп төндіруі мүмкін.

            Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында, мүдделер қақтығысының алдын алу және басқару ұсынылады.

            Комплаенс-қызмет қаржылық және қаржылық емес бақылауды орнату арқылы, мүдделер қақтығысының қаупін азайту үшін нақты және тиімді шараларды ұйымдастырады.

            Практикалық ұсынымдар:

            1) мынадай бағыттарда мүдделер қақтығысының болуы/болмауы туралы декларацияларды жыл сайынғы және мерзімдік жинауды жүргізу:

            - жұмыс істейтін жұмыскерлер арасында;

            - жаңа жұмыскерлерді жұмысқа жалдағанда;

            - тендерлік/сараптамалық комиссия мүшелерінің арасында;

            - әлеуетті жабықтаушылар арасында;

            - басшылық арасында.

            2) Нәтижелерді алғаннан кейін жауаптарды талдап, мүдделер қақтығысын шешу бойынша ұсынымдарды қатыстырылған бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп тұжырымдау ұсынылады;

            3) жасалған ұсынымдар барлық тартылған жұмыскерлер мен бөлім басшыларының назарына жеткізілуге тиіс;

            4)  мүдделер қақтығысының жаңартылған тізілімін жүргізу.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасының тұрақты мониторингі және аудит бағдарламаның тиімділігі мен өзектілігін қамтамасыз ету үшін қажет.

            Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің бекітілген қағидаларын және әдістемелік ұсынымдарды сақтау ұсынылады.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сәйкестік бағдарламасының тиімділігін тексерудің тағы бір әдісі «өзін-өзі бағалау» болып табылады. Тапсырманы орындау үшін комплаенс бағдарламасының тиімділігін бағалау қажет негізгі элементтерін анықтаңыз. Жұмыстың қайталануын болдырмау үшін осы салаларда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау (қажет болса) арқылы, ішкі аудит шолулары немесе бақылауды ішкі тестілеу жүргізілмегенін қамтамасыз ету қажет. Соңғы кезеңнен (тоқсаннан) 3-4 процесті кездейсоқ таңдап, орындалу сапасын тексеріңіз.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бақылау процестеріне қатысатын бөлімшелермен сұхбаттар өткізу ұсынылады (мысалға, егер бұл тиісті тексеру болса, сатып алу бөлімінің немесе қауіпсіздік қызметінің жұмыскерлерімен сұхбаттасу ұсынылады, жұмыс сапасы туралы кері байланыс алу ұсынылады). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасының тиімділігін өзін-өзі тексерудің бұл әдісі толық енгізілмеген немесе автоматтандырылмаған салаларда бақылауды жақсартуға көмектеседі.

            Бағалау нәтижелері бойынша жетілдіру жоспарын жасау ұсынылады және оның орындалу мерзімі 3 айдан аспауы керек, яғни, келесі бағалауға дейін іске асыру ұсынылады.

Әдіс өзін-өзі бағалау санатына жатады, өйткені сыбайлас жемқорлыққа қарсы сәйкестік функциясына мерзімді түрде сыртқы немесе ішкі аудиторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасының тиімділігін бағалаудан өту ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі бағалау жүргізу ұсынылады.

            Мұндай бағалау сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бақылауды нақтылауға, процестерді оңтайландыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасын жетілдіруге мүмкіндік береді. Бағалаудың бұл түрі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мерзімді ішкі талдаудың бөлігі ретінде жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасының тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін енгізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс шараларын бағалаудың маңызды құралы болып табылады.

            Максималды тиімділікке қол жеткізу үшін комплаенс бағдарламасының тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін оның қызметінің ерекшеліктерін, оған тән сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы міндетті талаптарын ескере отырып, ұйымның стратегиялық мақсаттарына байланыстыру ұсынылады.

            Түрлі салалардағы ұйымдар әртүрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен бетпе-бет келеді және бұл тәуекелдерді комплаенс бағдарламасының тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін әзірлеу кезінде ескеру қажет.

            Комплаенс бағдарламасының тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің мынадай түрлері ұсынылады:

            1) өткен кезеңмен салыстырғанда, тәуекелі жоғары жабдықтаушылар мен келісім шарттарды тексеру (%);

            2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды насихаттауға басшылықтың 100% қатысуы (басшылық үшін әзірленген жоспар болуы қажет);

            3) жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабардарлығын арттыру мақсатында өткізілетін тренингтер (%), сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымы бар жұмыскерлер (%), сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын адамдар (%);

            4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс процестерін автоматтандыру (%);

            5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасын іске асыру үшін ресурстардың жеткіліктілігі (%);

            6) сенім желісіне келіп түскен шағымдар мен өтініштер ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес өңделеді;

            7) орындалған ұсынымдардың нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендетілуі (%).

  1. Ұйымдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша барлық практикалық шараларды тарихи жазбалар ретінде тіркеу ұсынылады және ішкі және сыртқы аудит мақсаттары үшін растау үшін қолжетімді жерде сақтау керек.

                       

 

 

Дата публикации
15 декабря 2025
Дата обновления
15 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы