
|
№ |
Хаттамалық тапсырма |
Орындалу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Орындалу жағдайы |
|
1. |
Елді мекенге инвесторлардың келуіне жұмыстар жүргізсін |
Тұрақты |
Аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі Айдарлы ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма орындалды. "Айдарлы" шаруа қожалығы мен "Тұқым" шаруашылық институтымен бірлесіп жер игеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 100 гектар жер ашылып, оның 50 гектарына күріш дақылы егілді. |
|
2. |
Елді мекендегі ветеринариялық пункттің жаңа қызметтік актокөлікпен қамтылуына ұсыныс енгізсін |
02.05.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев Ветеринариялық станция басшысы Айдарлы ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма орындалды. Ветеринария саласының қызметкерлері күні, кәсіби мереке қарсаңында Айдарлы ауылдық округінің ветеринариялық пункті жаңа қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілді. |
|
3. |
Ардагерлер бөлмесінің жабдықталуын қамтамасыз етсін |
16.06.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Мәдениет және тілдерді Айдарлы ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма орындалды. Ардагерлер бөлмесіне стенд материалдары толығымен алынып, ардагерлер бөлмесі жабдықталды. |
|
4. |
Қоғамдық қауіпсіздікке байланысты рейд жұмыстарын жүргізсін |
Тұрақты |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Полиция бөлімі Айдарлы ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма бақылауда. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Ауыл тұрғындарына кәмелетке толмаған балалардың беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуі жөнінде ескерту хаттары таратылды. |
|
5. |
Ауыл шетіндегі тұрғындарды электр жарығымен қамтамасыз етсін |
02.06.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Р.Еспенбетов Тасбөгет электр торабы Жетікөл ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма орындалды. Ауыл шетінде тұратын М.Қожахметов пен Б.Абдрамановтың тұрғын үйі жанынан өтетін бағаналарға орнатылған электр жарығы 01.06.2025 жылы қосылды. |
|
6. |
Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Қызылорда-Айдарлы» автожолының елді мекен тұсына жасанды бұдырлық орнатуға ұсыныс енгізсін |
02.06.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Полиция бөлімі Айдарлы ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма орындалды. «Қызылорда–Айдарлы» автожолы бойында, елді мекен аумағында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2 жерге жасанды жол бұдырлығы (жылдамдық бәсеңдеткіш) орнатылған. Қазіргі таңда аталған жол бұдырлықтары жақсы жағдайда, жөндеуді немесе ауыстыруды қажет етпейді. |
|
7. |
«Қызыл Ту» өңіріндегі көшеге қиыршық тас төсеуге жоба ұсынсын |
10.06.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Р.Еспенбетов Аманкелді ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма орындалды. «Қызыл Ту» өңіріндегі көшелерге ағымдағы жөндеу (қиыршық тас төсеу) жұмыстарын мемлекеттік сатып алу арқылы баға ұсымдарын беру тәсілімен 03.07.25ж - 08.07.2025 жылы хабарландыру беріліп, жеңімпаз анықталды. Қызыл Ту» 1 өңіріндегі көшелерге ағымдағы жөндеу (қиыршық тас төсеу) жұмыстарын 4890000,0 теңге ұсынып, «Bazis-Stroi» ЖШС, Қызыл Ту» 2 өңіріндегі көшелерге ағымдағы жөндеу (қиыршық тас төсеу) жұмыстарын 6900000,0 теңге ұсынып, «Bazis-Stroi» ЖШС-і ұтты. Мердігер мекемемен келісім шарт жасалды, жұмыстар жүргізілетін көшелер таныстырылып, көрсетілді. |
|
8. |
Қоғамдық қауіпсіздікке байланысты рейд жұмыстарын жүргізсін және алкогольдік өнімдердің 21.00-ден кейін сатылмауын қамтамасыз етсін |
16.06.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Полиция бөлімі Аманкелді ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма орындалды. Аманкелді ауылдық округі әкімі, ардагерлер кеңесінің төрағасы және учаскелік полиция инспекторы бірлесіп елді мекенде орналасқан дүкендерге қоғамдық қауіпсіздікке байланысты рейд жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. |
|
9. |
Жергілікті тарихты, өнерді насихаттауға байланысты |
Тұрақты |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Бесарық ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма тұрақты бақылауда. Елді мекенге келген қонақтар мен жергілікті тұрғындарға ауылдың тарихы мен өнерін дәріптеу мақсатында іс-шара жоспары бекітіліп, жоспарға сай тиісті жұмыстар тұрақты атқарылуда. |
|
10. |
Спорт кешені құжаттарын жедел рәсімдеп, штат бөлу жұмыстарын жүргізсін |
01.07.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Р.Еспенбетов Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі Дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі Бесарық ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма орындалды. Спорт кешенінің құжаттары толық рәсімделді. Штат бөлу жұмыстары облыстық спорт және туризм басқармасына ұсынылып, кезекті оллыстық мәслихат сессиясы арқылы қаралатын болады. |
|
11. |
Демеушілік есебінен елді мекен ардагерлерін шипажайларға жіберу мүмкіндігін қарастырсын |
Жыл соңына дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев Бесарық ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма орындалды. Демеушілік есебінен Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданындағы «Ақсу» шипажайына 2 ардагер барып демалып келді. |
|
12. |
№44 орта мектебіне күрделі жөндеуге ұсыныс енгізсін |
30.06.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Аудандық білім бөлімі Қоғалыкөл ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма орындалды. №44 орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық білім бөліміне ұсыныс енгізілді. |
|
13. |
«Құлболды ишан» кесенесін электр жарығымен қамтамасыз етсін |
16.06.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Тасбөгет электр торабы Қоғалыкөл ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма орындалды. «Құлболды ишан» кесенесінің құжаттары толығымен әзірленіп аяқталды. Электр жарығымен қамтамасыз ету «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ арқылы жұмыстар толық жүргізілді. |
|
14. |
№15 «Нұр-Бақыт» бөбекжай балабақшасын күрделі жөндеуге ұсыныс енгізсін |
30.06.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Аудандық білім бөлімі Шіркейлі ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма орындалды. «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» бағдарламасына сәйкес №15 «Нұр-Бақыт» бөбекжай балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстарынасмета бойынша 12412,0 мың теңге қаржы сұралып Қызылорда облысының білім басқармасына 17.07.2025 жылы №01-18/464 санды хатпен бюджеттік өтінім ұсынылған. |
|
15. |
Ауылдық мәдениет үйін Лэд экранмен қамтамасыз етуге ұсыныс енгізсін |
30.06.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Шіркейлі ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма орындалды. Ауылдық мәдениет үйіне ЛЭД экран сатып алуға аудандық экономика және қаржы бөліміне бюджеттік өтінім ұсынылды. Қаржысы 7840,0 мың теңге. |
|
16. |
«Қазавтожол» мекемесінен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолына байланысты елді мекеннен шыққан автокөліктерге төленетін ақылы жол ақысын нақтылап, түсіндірме жұмыстарын жүргізсін |
02.06.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Р.Еспенбетов Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Шіркейлі ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма орындалды. Сырдария ауданы аумағында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының бойында ақылы жол енгізілмеген. |
|
17. |
Балалар ойын алаңын салу жобасын ұсынсын |
01.07.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Шіркейлі ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма орындалды. Балалар ойын алаңын салуға демеушілік есебінен жобасы әзірленіп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілілуде. |
|
18. |
А.Құнанбаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салуға жоба ұсынсын |
01.07.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Шіркейлі ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма бақылауда. Елді мекендегі А.Құнанбаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салуға 500 мың.теңге қаражат қажет екені анықталды. Осы ретте, ШҚ “Иса” арқылы демеушілік есебінен жоба сметалық құжаттары әзірленуде. 2025 жылдың желтоқсан айында жоба сметалық құжаттары дайын болса, аудандық экономика және қаржы бөліміне бюжеттік өтінім ұсынылатын болады. |
|
19. |
Елді мекенге кіреберіске заманауи арка орнатуға жоба ұсынсын |
01.08.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Н.Ілиясов ауылдық округі әкімі |
Тапсырма орындалды. Елді мекенге кіреберіске заманауи арка салуға жоба ұсынылды. |
|
20. |
Ауылдық дәрігерлік амбулаторияда реабилитация бөлімшесін ашу мүмкіндіктерін қарастырсын |
01.10.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Аудандық аурухана басшысы Шаған ауылдық округі әкімі |
Тапсырма бақылауда. Шаған ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 328 млн 933 мың теңге бөлініп, наурыз айында күрделі жөндеу жұмысы басталып кетіпті. Қазір ондағы электр жүйесі – 90, су жүйесі – 80, жылу – 75, арнайы плиталарды төсеу – 90, ғимарат сыртын қаптау – 95 пайызға орындалған. Аталған жұмыстар атқарылып болған жағдайда ауылдық дәрігерлік амбулаториядан реабилитация ашу жұмыстары облыстық денсаулық сақтау басқармасымен нақтылануда. |
|
21. |
Елді мекендегі ауыз су құдықтарына зерделеу жүргізіп, темір қақпақ орнатуды қамтамасыз етсін |
01.07.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев «Сыр суы» мекемесі басшысы Шаған ауылдық округі әкімі |
Тапсырма орындалды. «Сыр суы» мекемесінің қызметкерлері тарапынан ауылдық округтегі орналасқан 314 су құдықтарына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Темір қақпақ жоқ 6 (алты) құдыққа қақпақ орналастыру жүзеге асырылды. |
|
22. |
Елді мекен аумағындағы артық егілген жер көлемін анықтап, заңдылық негізінде тиісті шараларды қабылдасын |
01.07.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі Іңкәрдария ауылдық округі әкімі |
Тапсырма орындалды. Іңкәрдария ауылдық округі бойынша 1 шаруа қожалық «Қазсушар» РМК облыстық филиалымен суға келісім шартта көрсетілген күріш егіс көлемінен 5 гектарға артық егіс орналастырған. Жоғарыда аталған шаруа қожалыққа «Сырдариясушар» өндірістік учаскесімен бірлесіп артық егіс көлеміне АКТ толтырылып, құзырлы органдарға (прокуратура) жолданды. |
|
23. |
Елді мекендегі ауыз су құбырларына зерделеу жүргізіп, ақауларды қалыпқа келтірсін |
01.07.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев «Сыр суы» мекемесі басшысы Іңкәрдария ауылдық округі әкімі |
Тапсырма орындалды. «Сыр суы» мекемесі тарапынан Іңкәрдария ауылдық округіндегі су құбыры аумағының қоршауы қоршаланып және су құбырыларына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ақаулары қалпына келтірілді. |
|
24. |
Төле би көшесін күрделі жөндеу жобасының қаржыландырылуын пысықтасын |
01.08.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Р.Еспенбетов Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Іңкәрдария ауылдық округі әкімі |
Тапсырма бақылауда. Іңкәрдария ауылындағы Қазыбек би, Ғ.Мұратбаев, Төле би көшелеріне автомобиль жолдарының құрылысы жобасын күрделі жөндеуге өзгерту жұмыстары атқарылып, аудан әкімі орынбасарымен 2025 жылдың 7 қазаны күні
|
|
25. |
№130 мектеп директорын тағайындау жұмыстарын жеделдетсін |
01.08.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Білім бөлімі басшысы Ақжарма ауылдық округі әкімі |
Тапсырма орындалды. Ақжарма ауылдық округінің тұрғыны, №130 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тұрғанбаева Гүлнар мектеп директоры болып тағайындалды. |
|
26. |
Есентұров, Әукенов, Томпалақов көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салуға жоба ұсынсын |
01.07.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Р.Еспенбетов Ақжарма ауылдық округі әкімі |
Тапсырма бақылауда. Елді мекендегі «Ақжарма и К» ШҚ демеушілігімен Есентұров, Әукенов, Томпалақов көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салуға демеушілік есебінен жоба сметалық құжаттары әзірленген. |
|
27. |
«Теле 2» байланыс операторының интернет жылдамдығын күшейту бойынша жұмыстар жүргізсін |
14.07.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Ақжарма ауылдық округі әкімі |
Тапсырма бақылауда. Елді мекенде қазіргі таңда интернет жылдамдығына байланысты мәселе жоқ. |
|
28. |
«Бостандық» каналын қазу жұмыстарын бақылауда ұстасын және бақша дақылдарына қажетті судың тұрақты берілуін қамтамасыз етсін |
01.09.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі Қалжан ахун ауылдық округі әкімі |
Тапсырма орындалды. «Ескі Бостандық» каналы арқылы бақша дақылдарына қажетті су көлемі тұрақты беріліп отыр.Сонымен қатар, «Сырдариясушар» өндірістік учаскесінің мамандарымен ақау актісі мен сызбалары дайындалып, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалына 2026 жылы аталған каналдың бас сағасындағы ГТҚ күрделі жөндеу және бас аяғына дейін тазалауға ұсыныс жолданды. Ескертпе; 2025 жылы «Ескі бостандық» каналы «Арна» КММ-нен «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының теңгеріміен өткен. |
|
29. |
«Гүлдер» балабақшасының кәріз жүйесін қалыпқа келтірсін |
13.06.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Білім бөлімі басшысы Қалжан ахун ауылдық округі әкімі |
Тапсырма орындалды. 26.06.2025 жылы «Гүлдер» бөбекжай балабақшасы КМҚК мен жеке кәсіпкер «Абишова» арасында кәріз жүйесін қалпына келтіру жұмыстары бойынша 837,7 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу келісім шарты жасалып, бүгінгі күнге кәріз жүйесінің құбырлары толығымен ауыстырылып, жөндеу жұмыстары аяқталды. |
|
30. |
№126 орта мектептің спорт алаңын қалыпқа келтірсін |
13.06.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Білім бөлімі басшысы Қалжан ахун ауылдық округі әкімі |
Тапсырма орындалды. №126 орта мектептің спорт алаңының шөбі шабылып, айналасы тазартылып қалыпқа келтірілді. «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» бағдарламасына сәйкес Қалжан Ахун ауылындағы №126 орта мектебінің спорт алаңын 2025 жылға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін барлығы 2255,0 мың теңге қаржы бөлдіруге 12.06.2025 жылы Қызылорда облысының білім басқармасына №01-18/393 санды хатпен сұраныс жолданды. |
|
31. |
«Бақ» шаруа қожалығы демеушілігімен салынатын балалар ойын алаңының сапасын қатаң бақылауда ұстасын |
13.06.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Р.Еспенбетов Қалжан ахун ауылдық округі әкімі |
Тапсырма бақылауда. «Бақ» шаруа қожалығы демеушілігімен салынатын балалар ойын алаңының жер учаскесі әзірленді. Дегенмен, шаруа қожалығы төрағасы С.Әбжалиев ойын алаңын 2026 жылы салуды жоспарлап отыр. |
|
32. |
Ауылдық клуб үйіне бейнебақылау жүйесін орнатсын |
18.07.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі С.Сейфуллин ауылдық округі әкімі |
Тапсырма орындалды. Ауылдық клуб үйіне бейнебақылау орнату жұмыстарына 548,0 мың теңге.қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді. |
|
33. |
Демеушілік арқылы №137 орта мектептің жылу қазандығы ғимаратын жаңадан салуға жоба ұсынсын |
01.07.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Білім бөлімі басшысы С.Сейфуллин ауылдық округі әкімі |
Тапсырма бақылауда. Демеушілік есебінен №137 орта мектептің жылу қазандығы ғимаратын жаңадан салуға жобалау сметалық құжаттары әзірленді.Жоба құны 85 млн теңге. Бүгінгі күні облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім дайындалуда. |
|
34. |
Елді мекендегі апатты жағдайда тұрған электр бағаналарын зерделеп, қалыпқа келтірсін |
01.07.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Р.Еспенбетов Тереңөзек электр тарату торабы С.Сейфуллин ауылдық округі әкімі |
Тапсырма орындалды. Елді мекендегі апатты жағдайда тұрған электр бағаналарына зерделеу жұмыстары жүргізілді, апатты жағдайда тұрған бағаналар жоқ екені анықталды. |
|
35. |
Қызылорақ көшесіне тегістеу жұмыстарын жүргізсін |
13.06.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Р.Еспенбетов А.Тоқмағанбетов ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма орындалды. Елді мекендегі Қызылорақ көшесіне тегістеу жұмыстары жүргізілді. |
|
36. |
Демеушілік арқылы әлеуметтік нысандардың жылу қазандығы ғимаратын табиғи газға ауыстыруға жоба ұсынсын |
01.07.2025ж |
Аудан әкімінің орынбасары Р.Еспенбетов А.Тоқмағанбетов ауылдық округінің әкімі |
Тапсырма орындалды. №135 орта мектептің жылу қазандығын табиғи газға ауыстыру жұмыстары аудандық білім бөлімі арқылы атқарылуда.қазіргі уақытта тиісті жұмыстар жүргізілді. 10.11.2025 жылы жұмыстар толық аяқталды. |
|
37. |
«Тереңөзек – Қызылорда» бағытына қатынайтын такси жүргізушілердің жылдамдық асырмауын қатаң бақылауда ұстасын |
тұрақты |
Аудан әкімінің орынбасары Р.Еспенбетов Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Тереңөзек кенті әкімі |
Тапсырма бақылауда. «Тереңөзек-Қызылорда» бағыты бойынша такси тасымалдаушылар арасында жол қауіпсіздігін қатаң сақтау, оның ішінде белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтау туралы түсіндірме жұмыстары және рейд тұрақты жүргізілуде. |