Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Аудан бойынша 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша атқарылған жұмыстар (IІІ тоқсан)

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес Сырдария ауданы бойынша жалпы мемлекеттік қызметтерді 6 дербес бөлім және кент, ауылдық округ әкім аппараттары көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бүгінгі таңда аудандық жергілікті атқарушы органдары 55 қызмет түрін көрсетеді.

         Сырдария ауданы бойынша 2025 жылдың ІІІ-тоқсанында 885 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 28 (3,2%).

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –  14 (1,5%).

Электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 843 (95,4%).

Аудан әкімі аппараты басшысының іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің сапасын арттыру бойынша мемлекеттік ішкі бақылау жүргізілді.

Ішкі бақылау кезінде бұзушылықтарды фактілері анықталған жоқ, себебі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы заңдылыққа сәйкес жүргізіліп, мерзімінде орындалып жатыр. 2025 жылдың ІІІ тоқсанында Шіркейлі, С.Сейфуллин, Іңкәрдария, Ақжарма және  Қоғалыкөл ауылдық округі әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметтің сапасына ішкі бақылау шарасы жүргізіліп, қызмет сапасын жақсартуға байланысты ұсынымдар енгізілді.

        

Дата публикации
13 октября 2025
Дата обновления
13 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы