Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік органның халықаралық шарттар мен халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын іске асыруға қатысуы туралы мәліметтер

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының 2 кезеңін (САРАТС-2) іске асыру туралы анықтама

2019 жылғы 14 мамырдағы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында ҚР Үкіметке белгіленген тәртіппен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (бұдан әрі – САРАТС-2) жобасының екінші кезеңінің бөліктерін іске асыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Дүниежүзілік Банктің қарыз қаражатын тарту рәсімдері созылуына байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметімен САРАТС-2 жобасының I кезеңіне енгізілген  компоненттің 4-уін республикалық бюджет есебінен жүзеге асыруды бастау жөнінде шешім қабылданды (Дүниежүзілік Банктің қарызынсыз).

САРАТС-2 жобасының бірінші кезеңіне енгізілген 6 компоненттің 4-і республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатындығына байланысты, Дүниежүзілік Банк САРАТС-2 жобасы бойынша өткізілген талқылаулар мен кеңестердің негізінде Сырдария өзенінің бассейніндегі кешенді дамыту бойынша жаңа тәсіл ұсынып, САРАТС-2 жобасының атауын «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» (әрі қарай – Жоба) жобасына өзгертуді және Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған компоненттерін қосымша қосуды ұсынып отыр.

САРАТС жобасының екінші фазасы жаңа Жоба аясында іске асырылатын болады. Жоба Дүниежізілік Банкпен қаржыландырылатын болады. Жобаның болжамды құны 190 млн. АҚШ доллары шамасында.

Бүгінгі күнге, Дүниежүзілік банк Жобаның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 1,5 млн. АҚШ доллар грант бөліп отыр.

Жоба 3 компоненттен тұрады және келесі негізгі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған:

- Солтүстік Арал теңізінде судың жинақталу көлемі мен сапасын 40 км³ дейін жақсарту;

- балық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді қолдау жолымен балық шаруашылығын дамыту;

- Солтүстік Арал теңізінің экологиялық мониторингі мен су ресурстарын басқаруды жақсарту;

- қорғаныс орман жолақтарын орнату арқылы Арал теңізінің түбінен тұзды шөгінділердің шығарылуын төмендету;

- экологиялық туризмді дамыту. 

2021 жылдың 15 шілдесінде Халықаралық консультанттық  «Yekom Consulting Engineers» компаниясымен (әрі қарай – Консультант) жобаның ТЭН-ін әзірлеуді бастау туралы келісім шартқа қол қойылды.

         Қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Консультант Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп  Жобаның ТЭН-ін әзірлеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

         Бұл ретте,  жобаның ТЭН-ін әзірлеу барысында Солтүстік Арал теңізінің аумағын ұлғайтудың бірнеше нұсқалары бойынша түпкілікті шешім қабылданатын болады.

Дата публикации
08 октября 2025
Дата обновления
08 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы