Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Сырдария ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2025 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған шаралар туралы АНЫҚТАМА

Сырдария ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2025 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған шаралар туралы АНЫҚТАМА

Өздеріңізге мәлім, мемлекеттік органдар ұйымдастыру жұмысының сапасын арттыру арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдан бастап барлық мемлекеттік органдарда №4 Үлгілік базалық бағыты іске қосылды.

Осы ретте, Үлгілік базалық бағытты аудан аумағында іске асыру мақсатында Жобалық карта бекітілген («Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру жобалық картасы).

Жобалық карта 4 жобаны құрайды.

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау;

4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде ағымдағы жылғы маусым айында аудан әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі 16 комплаенс офицері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында біліктіліктерін арттырып, сертификатталды.

Ағымдағы жылғы ІІІ тоқсанда аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының отырысы өткізіліп, жауапты мекеме басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстары тыңдалды. Нәтижесімен хаттамалық тапсырма беріліп, орындалуы тұрақты бақылауға алынды.

Аудан әкімдігі жанындағы Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан лауазымдары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан қызметкерлермен профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудандық қоғамдық даму бөлімі тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» бойынша мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры жеңімпаз атанып, 2880,0 мың теңгемен қазіргі таңда келісім шартқа отырып, жұмыстар атқаруда.

Осыған сәйкес, «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры әлеуметтік жоба аясында ағымдағы жылғы ІІІ-тоқсанда кент орталығында адам көп шоғырланатын жерлерде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты акция, ауданға қарасты ауылдық округтерде «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және алаяқтық қылмыстың алдын алу» тақырыбында халықпен кездесу шаралары ұйымдастырылды.

Аудандық қоғамдық даму бөлімі мен жастар ресурстық орталығы ағымдағы жылғы ІІІ тоқсанда А.Тоқмағанбетов ауылдық клуб үйінде, кітапханада, Руханият орталығында, Аграрлы-техникалық колледжінде студенттер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында видеоролик түсіріп, жадынама таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Барлық кент және ауылдық округ көшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы билбордтар ілінген.

Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында кент және ауылдық округтердің 12 мектебінен 8-10 сынып оқушылар арасында аудандық карикатуралық сурет салу және ең үздік бейнеролик байқауы өткізілді. 

Сырдария ауданына қарасты кент және ауылдық округі әкімі аппараттары ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекеме қызметкерлеріне құқықтық оқулар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, халыққа жадынамалар таратып, көрнекі жерлерге баннерлер орнатып, әлеуметтік желілеріне видеороликтер жариялауда.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес ағымдағы жылғы шілде айында 16 квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы бойынша талдамалық анықтамалар облыс әкімі аппаратына жолданып, аудан әкімінің ресми сайтына жарияланды.

Ішкі талдау нәтижесімен барлығы 16 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті мекемелерге ұсыным хат жолданды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жобасы бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде. Есепті кезеңде мемлекеттік органдармен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтамау фактілері орын алған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс аясында аудан әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша ағымдағы жылғы шілде, тамыз, қыркүйек айларында комплаенс офицерлермен барлығы 
48 семинар, құқықтық оқыту шаралары ұйымдастырды.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласында «ISO37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында ауданның 5 комплаенс офицері біліктіліктерін арттырды.

         Бұдан бөлек, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды күшейту мақсатында Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспар аясында арнайы әзірленген бейнероликтер қоғамдық орындарда және әлеуметтік желілерде таратылып, көрсетілуде.

Сырдария ауданы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қабылдаған шаралары туралы авторлық мақалаларын бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау кестесіне сәйкес ағымдағы жылғы ІІІ тоқсанда Қоғалыкөл, Жетікөл, Н.Ілиясов, Шіркейлі, Ақжарма, Шаған ауылдық округ әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы авторлық мақалалары жарияланды. 

Сонымен қатар барлық елді мекендерде халықтың құқықтық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық кабинеттер» ашылып, қызмет көрсетуде.

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес шаралар өз деңгейінде жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудың маңызды құралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының аталған саладағы өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мәселелерінде үйлестіруші ретінде өз міндеттерін бұдан әрі де жалғастыратын болады.

 

Дата публикации
07 октября 2025
Дата обновления
07 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы