Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газеті 1939 жылдың 26 наурызынан бастап жарыққа шығады. Басылымның шығарамышылық құрамы жыл көлемінде ауданға қарасты елді мекендерде іс-сапармен болып, еңбек адамдары, кәсіпкерлік, атқарылған жұмыстар, эксклюзив, тарихи орындар, басқа да мекемелері жөнінде танымдық мақалалар дайындап келеді.
Негізінен, аудандық басылымның тұрақты түрде «Шалғайда жүрген түлек», сараптама, эксклюзив, «Мәселенің мәнісі», «Құқықтық кеңес», «Блиц-сұхбат» секілді бірнеше айдары жұмыс жасап келеді. Осы жылдан бастап «Шарайна», «Оймақтай ой» айдарын қолданысқа енгізіп отырмыз. Сонымен бірге оқушы шығармашылығына арналған «Рауан», оқырмандардың сұранысы бойынша «Сенбілік бет» демалыс беті бар. Бүгінде аудандық басылымда тұрақты авторлармен байланыс жақсы жолға қойылған.
Қазіргі уақытта басылым тілшілері қоғам өмірінде орын алып жатқан сан түрлі оқиғаларды газет бетіне дер кезінде жариялап келеді. Бұдан бөлек, аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралар, жиналыстар, аудан әкіммінің төрағалығымен өткізілетін мәжіліс пен жиындар күнделікті ақпараттандырылып отырады.
2026 жылдан бастап жаңа жоба қолға алынып, аудан орталығындағы дербес бөлімдер мен мекемелердің ұжымы туралы арнайы бет ұйымдастыру қарастырылған.
Басылым ұжымының жұмыс тәжірибесінде газеттің дизайны «Сыр медиа» ЖШС-нің дизайн орталығында жасалады. Бүгінде шығармашылық ұжымда бас редактордың орынбасары, 2 тілші бар. «TIRSHILIK-TYNYSY.KZ» ақпарат агенттігі тәулік бойы жұмыс істейді. Онда күнделікті аудандық, облыстық, республикалық, әлемдік деңгейдегі ақпараттар мен мақалалар «Жаңалықтар», «Экономика», «Қоғам», «Саясат», «Оқиғалар», «Әлем», «Тарих», «Спорт» айдары бойынша жарияланады. СММ бағытында басылым тілшілері әлеуметттік желі жұмысын жүргізіп отыр. Қазіргі күнгі есеп бойынша «Фейсбукте» 1810, «Инстаграмда» 2173, Тик-токта 1488 оқырман тіркелген. Сонымен қатар отандық «Aitu», «Телеграм», «Ютуб» әлеуметтік желісіне қосылған.


Сырдария аудандық қоғамдық-саяси «Тіршілік тынысы» газеті алғаш рет 1939 жылы 26 наурызда «Сталин жолы» деген атаумен жарық көрді де, 1956 жылы «Еңбек майданы» деп аталды; 1963 жылы «Сырдария», 1967 жылы «Еңбек туы» деген атаумен тарады. 1997 жылдан осы кезге дейін «Тіршілік тынысы» деген атпен аудан халқына елдегі қоғамдық-саяси ахуалды таратушы, насихатшы қызметін атқарып келеді.  

Газет аптасына – 2 рет шығады.

Таралымы – 3238 дана

Апталық таралымы – 6476

Айлық таралымы – 29142

«Тіршілік тынысы» газетінің «Tirshilik-tynysy.kz» ақпараттық агенттігі жұмыс істейді. Мұнда газеттің PDF нұсқасы жүктеледі. Сайтта 2017 жылдан бергі материалдардың мұрағаты бар. Басылымның интернет нұсқасын күнделікті 2500-3000 адам оқиды.

Ақпараттық бәсекелестікке жауап беру мақсатында сайт жұмысын жетілдіру жөнінде үнемі жаңа талаптар қойылып отырады. Аудиторияны кеңейту жолдары зерделеніп, көрсеткішті арттыруға баса мән беріледі.

Шығармашылық топтың бастамасымен бірнеше айдар ашылып, жергілікті халыққа  кеңінен ақпарат беру жалғасын тапты.

Ең алдымен, басылым тілшілері Сырдария ауданына қарасты барлық елді мекенді аралап, ауыл өмірін оқырманға ұсыну мақсатында бірнеше тақырыптық бет дайындауға басымдық берді. Өз кезегінде ауылдағы кәсіпкерлік, атқарылған жұмыстар, тарихи орындар, ауылдағы көше атауы, амбулатория, «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында еңбек адамдары арнайы бетке жарияланды. Сонымен қатар елді мекендердегі ат бегі, қасапшы, етікші секілді кейіпкерлер газет бетіне шықты.

Басылымның әрбір санының бірінші бетіне «Сөйле, цифр!», «Керек дерек»,  «Құқықтық сауат», «Жолдау – 2025», «Жолдауға қолдау», «Егін», «Мәселенің мәнісі», «Сараптама» секілді айдарлармен мақалалар жарияланып келеді. Заңдағы өзгерістер жергілікті халыққа қолжетімді болу үшін арнайы мақала жарияланып тұрады.

Басылым тілшілері  «Өшпес данқ» айдары бойынша Жеңістің 80 жылдығын кеңінен ақпараттандырды. Әр ай сайын «Эксклюзив» мақалаларға басымдық беруде. «Шалғайда жүрген бір түлек» айдары бойынша өзге өңірлерде жүрген сырдариялықтармен сұхбат жалғасын табуда. Спорт, мәдениет, денсаулық, әлеуметтік сала бойынша атқарылған жұмыстары мен майталман мамандары газет бетінен табылады. Кәсіби мерекелер қалыс қалмайды. «Айтайын дегенім» айдарымен газеттің  тұрақты авторлары газет бетіне мақаласын жариялайды.

Газеттің ақпарат беру формасы: мақала, сараптама, сұхбат, сауалнама, өлең, сурет, пікір, т.б.

 


Сырдария аудандық қоғамдық-саяси «Тіршілік тынысы» газетінің жарық көргеніне биыл 86 жыл.

Газет алғаш рет 1939 жылы 26 наурызда «Сталин жолы» деген атаумен жарық көрді де, 1956 жылы «Еңбек майданы» деп аталды; 1963 жылы «Сырдария», 1967 жылы «Еңбек туы» деген атаумен тарады. 1997 жылдан осы кезге дейін «Тіршілік тынысы» деген атпен аудан халқына елдегі қоғамдық-саяси ахуалды таратушы, насихатшы қызметін атқарып келеді.  

         Газет аптасына – 2 рет шығады.

         Таралымы – 3238 дана

         Апталық таралымы – 6476

         Айлық таралымы – 29142

         «Тіршілік тынысы» газетінің «Tirshilik-tynysy.kz» ақпараттық агенттігі жұмыс істейді. Мұнда газеттің PDF нұсқасы жүктеледі. Сайтта 2017 жылдан бергі материалдардың мұрағаты бар. Басылымның интернет нұсқасын күнделікті 2500-3000 адам оқиды.

Ақпараттық бәсекелестікке жауап беру мақсатында сайт жұмысын жетілдіру жөнінде үнемі жаңа талаптар қойылып отырады. Аудиторияны кеңейту жолдары зерделеніп, көрсеткішті арттыруға баса мән беріледі.

 Арнайы беттер:

  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Тұлға
  • Тарих
  • Кәсіп пен нәсіп
  • Спорт
  • Руханият
  • Таным
  • Жастар
  • Денсаулық
  • Ауыл ел бесігі

Тұрақты айдарлар:

  • Мәселе
  • Айтайын дегенім
  • Шалғайда жүрген бір түлек
  • Заң сөйлесін
  • Білімді ұрпақ
  • Құрмет
  • Жазылған жайдың жаңғырығы
  • Өшпес ерлік
  • Атаулы күндер

Газеттің ақпарат беру формасы: мақала, сараптама, сұхбат, сауалнама, өлең, сурет, пікір

 

 

Дата публикации
18 июля 2025
Дата обновления
12 октября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы