Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі Сырдария ауданы (2025 жыл)

№

Мемлекеттік орган атауы

Сыбайлас жемқорлық тәукеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері деңгейі

1

«Сырдария аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Бөлімнің бас маманы  (персоналды  басқару қызметі)

Тәртіптік теріс қылық түрін анықтау

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларының 27-тармағына сәйкес тәртіптік теріс қылықтың түрлерін айқындап, нәтижесімен тәртіптік жаза қолдану.

Мәселен, мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасаған сәтте алынбаған тәртіптік жазасы болса, заңнама талаптарына сәйкес қатаң жазалар қолдану көрсетілген. Бірақ кадр қызметі жүктелген маман тәртіптік жаза қолдану барысында бұл талаптарды қасақана немесе абайсызда есепке алмаған жағдайда мемлекеттік қызметшіге жеңіл тәртіптік жаза қолдануға мүмкіндік туындайды.

орташа

2

«Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бөлімнің бас маманы

ҮЕҰ өкілдеріне арналған мемлекеттік сатып алуды өткізу.

ҮЕҰ өкілдеріне арналған мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде техникалық ерекшелікті белгілі бір қоғамдық бірлестікке арнап жариялау. (Мысалы: жұмыс тәжірибесі, жұмыс өтілі т.б)

Мұндай деректер орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу ықтималдығы бар.

3

«Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Бөлімнің бас маманы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігіне Қағиданың

5-қосымшасындағы кестенің 3.1-жолындағы коммуникацияларды «септик» сөзімен толықтыру туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Мемлекеттік мүлікті жалға беру ҚР  Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының талаптарына (бұдан әрі - Қағида)   сәйкес жүзеге асырылады.                      Қағиданың 5-қосымшасындағы кестенің 3.1-жолы зерделенді.

Қағиданың 49-тармағында көрсетілген формуламен жалдау құнын есептеу барысында Қағиданың 5-қосымшасындағы коэфиценттер қолданылады.
Қағиданың 5-қосымшасындағы кестенің 3.1-жолында «электрмен жабдықталган және коммуникациялары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен жабдықтау, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрлері болмаса, әрбір түрі үшін 0, 1-ге азаяды)» -делінген.

Бүгінгі таңда ауылдық елді мекендерде «кәріз» жүйесі (канализация) болмағандықтан объектілердің көбісі «септик» жүйесімен қамтылған.

Алайда, Қағидада «септик» атауы жазылмаған. Бұл жағдайда, жалға алушылардың «кәріз» орнына «септик» жүйесін қолданғандығы қосымша қаржылай шығын немесе қандай-да бір қолайсыздық жағдайлары орын алу фактілері жоқ. Екі жүйенің бір қызмет атқарғанымен, «септик» сөзінің Қағидада көрсетілмегендігі нысанды жалға беру кезінде есептеуге қиындық жағдайлары орын алада. Бұл «құқықтық олқылықтар» объектінің жалдау ақысын есептеу барысында 0,1 пайызға азайтып немесе азайтпай есептеуге мүмкіндік береді. Ал, жалға алушы кәсіпкерлердің төлемін азайтып беру мүмкіндігі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындатуда.

орташа

4

«Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Бөлімнің бас маманы  (персоналды  басқару қызметі)

Тәртіптік теріс қылық түрін анықтау

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларыныңс 27-тармағына сәйкес тәртіптік теріс қылықтың түрлерін айқындап, нәтижесімен тәртіптік жаза қолдану. Мәселен мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасаған сәтте алынбаған тәртіптік жазасы болса, заңнама талаптарына сәйкес қатаң жазалар қолдану көрсетілген. Алайда кадр қызметі жүктелген маман тәртіптік жаза қолдану барысында бұл талаптарды қасақана немесе абайсыздан есепке алмаған жағдайда мемлекеттік қызметшіге жеңіл тәртіптік жаза қолдануға мүмкіндік туындайды.

орташа

5

«Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Бөлім басшысы

Бағынысты құрылымдық бөлімшелердің басшыларын (азаматтық қызметшілерді) қызметке тағайындау және босату

Бөлімнің Ережесіне сәйкес бағынысты  құрылымдық бөлімшелердің басшыларын қызметке тағайындайды. ҚР Еңбек кодексінің 139-бабының 1-тармағына  сәйкес азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен не конкурс бойынша жүзеге асырылатындығы көрсетілген. Яғни  құрылымдық бөлімшелердің басшыларын қызметке тағайындау әдісін таңдау барысында мемлекеттік органның басшысы өз қалауы бойынша шешімдер қабылдау өкілеттілігі бар.

орташа

6

«Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Бөлімнің басшысы, бас маманы,  әдіскері

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына сәйкес, эскиздік жобаны уәкілетті орган тексеріп, келісім береді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына сәйкес, эскиздік жобасына уәкілетті орган қол қою кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

Мұндай деректер орын алмаған, Дегенімен алдағы уақытта орын алу ықтималдығы бар.

7

«Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бөлім басшысы,

бас маман (функционалдық міндеті бойынша)

Мемлекеттік қызмет көрсету

Сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу жұмыстарын қағаз түрінде жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

 

орташа

8

«Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бөлімнің бас маманы

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығының 11-тармағының қазақ тіліндегі нұсқасын 4-тармақшамен «қойма бөлмесі» сөзімен толықтыру туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығы (бұдан әрі-бұйрық) зерделенді. Бұйрықтың 11-тармағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында стационарлық үлгідегі ұйымдар бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілетіндігі аталып көрсетілген. Бұйрықтың қазақ тіліндегі нұсқасында 11-тармақ 3 тармақшадан, орыс тіліндегі нұсқасы 4 тармақшадан тұрады. Қазақ тіліндегі нұсқасында «4) қойма бөлмесі» көрсетілмеген. Бұл «құқықтық олқылықтар» Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына байланысты мемлекеттік сатып алуды жариялау кезінде техникалық ерекшеліктерде қойылатын қауіпсіздік талаптарды көрсету барысында кедергі келтіріледі.

Орташа

мұндай деректер орын алмаған

9

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Персоналды басқару қызметі (кадр жұмысы)
бөлімінің басшысы, маманы

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос лауазымдарына конкурс жариялау

«Б» корпусының босаған немесе уақытша босаған лауазымдарына ол босаған уақыттан бастап конкурс жариялаудың мерзімі Қағидада көзделмеуі. Кандидаттарға қойылатын сұрақтардың қағаз түрінде болуы және сұрақ таңдау еркіндігі

орташа

10

«Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бөлімнің бас маманы

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

ҚР Еңбек кодексінің 64-бабына сәйкес тәртіптік теріс қылықтың түрлерін айқындап, нәтижесімен тәртіптік жаза қолдану көзделген. Мәселен, жұмыскердің тәртіптік теріс қылық жасаған сәтте алынбаған тәртіптік жазасы болса, заңнама талаптарына сәйкес қатаң жазалар қолдану көрсетілген. Алайда, бұл талапты қасақана немесе абайсыздан есепке алмаған жағдайда жұмыскерге жеңіл тәртіптік жаза қолдануға мүмкіндік туындайды.

орташа

Дата публикации
10 июля 2025
Дата обновления
11 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы