Лого проект

Меню

Страницы

Статья

«Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылуы туралы II-тоқсан(2025 жыл)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Қағиданы басшылыққа алынып, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілерін ынталандыру болып табылады.

2025 жылы айлық есептік көрсеткіш 3932 тенгені құрап, тұрғын үй несиесінің көлемі аудан орталығына 2500 АЕК – 9 830 000  теңге, ауылдық округтерге 2000 АЕК – 7 864 000  теңге, көтерме жәрдемақының көлемі 100 АЕК- 393 200  теңге болып бекітілген. 

Сырдария ауданы бойынша 2025 жылдың қантар – маусым айларында  ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласынындағы мамандарға, ауылдарвцв, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шарасын көрсету бойынша көтерме жәрдемақыға 60 маман  өтініш білдіріп, оның ішінде 50 маманына 19 660 мың теңге әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылып, қалған 10 маман кезекке алынды. Тұрғын үй несиесі  бойынша қазіргі таңда  мамандарды кезектілікке қою жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта екі жақты  келісім-шарт негізінде «Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер» беріледі деп жоспарлануда.

Дата публикации
08 июля 2025
Дата обновления
08 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы