
Өздеріңізге мәлім, мемлекеттік органдар ұйымдастыру жұмысының сапасын арттыру арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдан бастап барлық мемлекеттік органдарда №4 Үлгілік базалық бағыты іске қосылды.
Осы ретте, Үлгілік базалық бағытты аудан аумағында іске асыру мақсатында Жобалық карта бекітілген («Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру жобалық картасы).
Жобалық карта 4 жобаны құрайды.
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау;
3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау;
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде алдағы уақытта аудан әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі
16 комплаенс офицерлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында біліктіліктерін арттыратын болады.
Ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының отырысы өткізіліп, жауапты мекеме басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстары тыңдалды. Нәтижесімен хаттамалық тапсырма беріліп, орындалуы тұрақты бақылауға алынды.
Аудан әкімдігі жанындағы Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан лауазымдары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан қызметкерлермен профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
Сонымен қатар, аудандық қоғамдық даму бөлімі тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» бойынша мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры жеңімпаз атанып, 2880,0 мың теңгемен қазіргі таңда келісім шартқа отырып, жұмыстар атқаруда.
Осыған сәйкес, «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры әлеуметтік жоба аясында ағымдағы жылдың ІІ-тоқсанында Сырдария аудандық Руханият орталығында, кент орталығында адам көп шоғырланатын жерлерде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оған мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және телефон алаяқтықтың алдын алу» жөнінде акция, мектеп оқушылары арасында «Жалын» тынығу лагерінде тақырыптық Сурет байқауы шарасын ұйымдастырған.
Аудандық қоғамдық даму бөлімі мен жастар ресурстық орталығы ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында ауданның мектеп оқушылары және кент тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 6 шара (челлендж ұйымдастыру, брошюра тарату, құқықтық оқулар) өткізген. Алдағы уақытта жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты
2 видеоролик түсіру жоспарда. Барлық кент және ауылдық округ көшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы билбордтар ілінген.
Сырдария ауданына қарасты кент және ауылдық округі әкімі аппараттары ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық оқулар, баннерлер, брошюралар, әлеуметтік желілеріне видеороликтар жариялап отыр.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында 7 мемлекеттік органның мекеме қызметтеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесімен барлығы 14 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған. Ішкі талдау нәтижесіне және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес алдағы уақытта тиісті мекемелерге ұсыным хат жолданатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жобасы бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде. Есепті кезеңде мемлекеттік органдармен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтамау фактілері орын алған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс аясында аудан әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша ағымдағы жылдың сәуір, мамыр, маусым айлары аралығында комплаенс офицерлермен барлығы
48 семинар, құқықтық оқыту шаралары ұйымдастырылып, Қызылорда қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында ауданның 16 комплаенс офицерлері біліктіліктерін арттырды.
Бұдан бөлек, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды күшейту мақсатында Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспар аясында арнайы әзірленген бейнероликтер қоғамдық орындарда және әлеуметтік желілерде таратылып, көрсетілуде.
Сырдария ауданы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қабылдаған шаралары туралы авторлық мақалаларын бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың ІІ тоқсанда С.Сейфуллин, Қалжан ахун, А.Тоқмағанбетов, Бесарық, Айдарлы, Аманкелді ауылдық округ әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы авторлық мақалалары жарияланды.
Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы
30 мамырда «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 200 қаулысына сәйкес кент және ауылдық округтерде «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізілді. Акцияда Сырдария аудандық прокуратураның прокуроры, Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің жедел уәкілі, Сырдария ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары, Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, Сырдария аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, Нотариус, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, Сырдария ауданы бойынша жеке сот орындаушы және ауданның дербес бөлім басшылары тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, барлық сұрақтарға жауап беріп, заң тұрғысынан көмектер көрсетті.
Сонымен қатар барлық елді мекендерде халықтың құқықтық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық кабинеттер» ашылып, қызмет көрсетуде.
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес шаралар өз деңгейінде жүргізілуде.
Сонымен қатар, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудың маңызды құралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының аталған саладағы өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мәселелерінде үйлестіруші ретінде өз міндеттерін бұдан әрі де жалғастыратын болады.