Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Сырдария ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасы туралы

Сырдария ауданындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару бағдарламасына қалдықтарды басқарудың бүкіл жүйесін жаңғыртуды талап ететін іс-шаралар жоспары енгізілген. Жаңғыртудың негізгі мақсаты – қалдықтарды полигонға жинау, уақытша сақтау, тасымалдау операцияларының қоршаған ортаға теріс әсерін азайту, қайталама ресурстарды бөлумен сұрыптау, қалдықтардың пайдалануға жарамсыз бөлігін көмуге орналастыру болып табылады. Сұрыптау кезінде таңдалған қайталама ресурстар (пластик, картон, қағаз, шыны) өндірістік кәсіпорындарға материалдық ресурстар ретінде беріледі.
Қалдықтарды басқару бағдарламасы қатты тұрмыстық қалдықтардың пайда болуы туралы жалпы мәліметтерді, Сырдария ауданының қалдықтарды басқарудың ағымдағы жай-күйін талдауды, коммуналдық қалдықтарды өңдеуді және сұрыптауды жүзеге асыратын кәсіпорындар туралы мәліметтерді қамтиды. Түзілген қалдықтардың сандық сипаттамаларының есебі, қалдықтарды қайта өңдеудің қолданылатын әдістері, қалдықтарды сақтау орындарының санитарлық-қорғау аймағының негіздемесі, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жөніндегі ұсынымдар, қалдықтарды басқару бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары келтірілген.
Осыған орай, «Сырдария ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын» әзірлеуге аудандық бюджеттен 3,0 млн.теңге бөлінді. 2024 жылдың мамыр айында мүдделі мекемелерден келісім алынып, Сырдария ауданы мәслихатының 2024 жылғы 30 шілдесіндегі № 130 шешімімен бағдарлама бекітілді.
Аудан бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлер саны: 392 дана. Оның 300 контейнері Тереңөзек кентінде, 21 дана ТҚҚ сұрыптауға арналған контейнер, 25 дана темір қоршауымен қоса көпқабатты тұрғын үй аулаларына арналған контейнерлер орнатылған.
Сырдария ауданы бойынша қалдықтарды жинау, тасымалдау қызметімен оның ішінде Тереңөзек кентінде қалдықтарды жинау, тасымалдау қызметімен «Тереңөзек тазалығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорны тұрғындары қамтылған. Қызмет көрсетуші Техникалар саны – 7 дана (2 жүк көлігі, 3 арнайы қоқыс тасымалдаушы, 2 трактор).
2024 жылы Тереңөзек кентіне тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға арналған 51 дана қоқыс жәшіктері (контейнер) 3,7 млн теңгеге сатып алынды.
2024 жылы Тереңөзек кентінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу нысанының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нысан 2024 жылдың қараша айында пайдалануға берілді. Аталған нысан 2025 жылдың 6 қаңтардағы №4 «Мүліктерді Сырдария аудандық коммуналдық мүлік деңгейінен Тереңөзек кентінің мүлік деңгейіне беру туралы» бұйрығының алыс-беріс актісіне сәйкес «Тереңөзек тазалығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнына табысталды.

Қалдықтарды басқарудың негізгі компоненттері ақпараттық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқару әдістері болып табылады. 2024-2028 жылдарға арналған қалдықтарды басқару бағдарламасы бойынша жоспарланған іс-шараларды орындау, оның ішінде қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау, қайта пайдалану, қайта өңдеу, көлемдерін және қауіпті қасиеттерін азайту қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

 

Дата публикации
10 июня 2025
Дата обновления
10 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы