
|
Атауы |
Төлемдер жоспары |
01.06.2025ж. факті |
% |
Есепті кезеңде жоспардан ауытқу |
|
ТҮСІМДЕР |
4904050,3 |
4627897,1 |
94,4 |
-276153,2 |
|
Кірістер, оның ішінде |
4797565,3 |
4557634,2 |
95,0 |
-239931,1 |
|
Кірістер (3 санат) |
2243417,0 |
2533737,0 |
112,9 |
290320,0 |
|
Салықтық түсімдер |
2236518,0 |
2504277,1 |
112,0 |
267759,1 |
|
Салықтық емес түсімдер |
20,0 |
12484,8 |
62423,8 |
12464,8 |
|
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер |
6879,0 |
16975,1 |
246,8 |
10096,1 |
|
Трансферттер түсімдері |
2554148,3 |
2023897,2 |
79,2 |
-530251,1 |
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
106485,0 |
70262,9 |
66,0 |
-36222,1 |
|
ШЫҒЫСТАР |
4350059,3 |
4341221,2 |
99,8 |
-8838,1 |
|
Шығындар |
4350059,3 |
4341221,2 |
99,8 |
-8838,1 |
|
Бюджеттік кредиттер |
|
|
|
|
|
Қаржылық активтерді сатып алу |
|
|
|
|
|
БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ) |
553991,0 |
286675,9 |
|
|
|
Қарыздардың түсімі |
|
|
|
|
|
Қарыздарды өтеу |
106485,0 |
106485,0 |
100,0 |
|
|
БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАЛДЫҚТАР |
-447506,0 |
-180190,9 |
|
|
2025 жылғы 1 маусымға
аудандық бюджеттің орындалу қорытындылары туралы қысқаша ақпарат
Есепті мерзімге аудандық бюджетке түсімдер 4904050,3 мың теңге сомасында көзделген. 1 маусымға атқарылу 4627897,1 мың теңгені немесе есепті жоспарға 94,4% құрады.
Аудандық бюджетке кірістер 4797565,3 мың теңге сомасында көзделген.
1 маусымға кіріс 4557634,2 мың теңге немесе 239931,1 мың теңгеге кем орындалып, есепті жоспарға 95% түсті.
Аудандық бюджетке түсетін салық түсімдері төлемдер жоспары 2236518,0 мың теңге болғанда 2504277,1 мың теңгені немесе 112% құрады, 267759,1 мың теңге артық орындалды.
Салықтық емес түсімдер есепті кезеңге төлемдер бойынша 20,0 мың теңге жоспарланған, орындалуы 12484,8 мың теңгені құрады.
Есепті кезеңге арналған 6879,0 мың теңге жоспарда негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 16975,1 мың теңге түсті немесе 246,8%.
Трансферттер түсімі 2554148,3 мың теңге жоспарда 2023897,2 мың теңге немесе 79,2% түсті. Оның ішінде кент, ауылдық округтердың бюджеттерінен трансферттер 11636,6 мың теңге, ағымдағы нысаналы трансферттер 231067,7 мың теңге, нысаналы даму трансферттері 429587,9 мың теңге, субвенция 1351605,0 мың теңге.
70262,9 мың теңгеге бюджеттік кредиттер өтелді.
Есепті мерзімге аудандық бюджет шығыстары 4350059,3 мың теңге сомасында жоспарланды. 2025 жылғы 1 маусымға 4341221,2 мың теңгеге немесе төлемдер жоспарына 99,8%-ға шығыстар жүргізілді.
8838,1 мың теңге атқарылмаған.
2025 жылғы 1 маусымдағы аудандық бюджет профициті 286675,9 мың теңгені құрады.
Аудандық бюджет профицитін пайдалануға – -286675,9 мың теңге, оның ішінде қарыздар түсімі есебінен – 0 мың теңге, қарыздарды өтеу есебінен – 106485,0 мың теңге, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары есебінен – -180190,9 мың теңге пайдаланылды.