
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Қағида басшылыққа алынып, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілерін ынталандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министірінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығымен 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Бағдарламаның сенім білдірілген өкілі болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ (бұдан әрі – Отбасы банкі) анықталды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына (№72 МӘС қағидалары) ҚР Ұлттық экономика министірінің 2023 жылғы 12 маусымдағы №105 бұйрығымен өзгерістер енгізіліп, 2023 жылдың 26 маусымынан бастап күшіне енді.
2025 жылы айлық есептік көрсеткіш 3932 тенгені құрап, тұрғын үй несиесінің көлемі аудан орталығына – 9830000 теңге, ауылдық округтерге – 7 864000 теңге, көтерме жәрдемақының көлемі - 393200 теңге болды.
Сырдария ауданы бойынша 2025 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласынындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шарасын көрсету бойынша тұрғын үй несиесі 10 маманға, көтерме жәрдемақы 100 маманға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.