Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Сырдария ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2025 жылдың І тоқсанында атқарылған шаралар туралы АНЫҚТАМА

Өздеріңізге мәлім, мемлекеттік органдар ұйымдастыру жұмысының сапасын арттыру арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдан бастап барлық мемлекеттік органдарда №4 Үлгілік базалық бағыты іске қосылды.

Осы ретте, Үлгілік базалық бағытты аудан аумағында іске асыру мақсатында Жобалық карта бекітілген («Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру жобалық картасы).

Жобалық карта 4 жобаны құрайды.

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау;

4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде алдағы уақытта аудан әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі
16 комплаенс офицерлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында біліктіліктерін арттыратын болады.

Ағымдағы жылдың І тоқсанында аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының отырысы өткізіліп, жауапты мекеме басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстары тыңдалды. Нәтижесімен хаттамалық тапсырма беріліп, орындалуы тұрақты бақылауға алынды.

Аудан әкімдігі жанындағы Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан лауазымдары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан қызметкерлермен профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудандық қоғамдық даму бөлімі тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» бойынша мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры жеңімпаз атанып, 2880,0 мың теңгемен қазіргі таңда келісім шартқа отырып, алдағы уақытта техникалық ерекшелікке сәйкес жұмыстарын жүргізетін болады.

Аудандық қоғамдық даму бөлімі мен жастар ресурстық орталығы ағымдағы жылдың І тоқсанында ауданның мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 6 шара (челендж ұйымдастыру, брошюра тарату, құқықтық оқулар) өткізіп, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты 2 видеоролик түсірген. Барлық кент және ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы билбордтар ілінген.

Сырдария ауданына қарасты кент және ауылдық округі әкімі аппараттары ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық оқулар, баннерлер, брошюралар, әлеуметтік желілеріне видеороликтар жариялап отыр.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың І тоқсанында 3 мемлекеттік органның мекеме қызметтеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесімен барлығы 6 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған. Ішкі талдау нәтижесіне және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес алдағы уақытта тиісті мекемелерге ұсыным хат жолданатын болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жобасы бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде. Есепті кезеңде мемлекеттік органдармен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтамау фактілері орын алған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс аясында аудан әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша ағымдағы жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айлары аралығында комплаенс офицерлермен барлығы 
48 семинар, құқықтық оқыту шаралары ұйымдастырылды.

         Бұдан бөлек, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды күшейту мақсатында Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспар аясында арнайы әзірленген бейнероликтер қоғамдық орындарда және әлеуметтік желілерде таратылып, көрсетілуде.

Сырдария ауданы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қабылдаған шаралары туралы авторлық мақалаларын бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың І тоқсанда Сырдария ауданы мен Тереңөзек кенті әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы авторлық мақалалары жарияланды. 

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың
1 тоқсанда Қызылорда облысы прокуратурасының аппарат басшысы Баянбайұлы Азамат және аудан прокуроры Әлімбаев Абай аудан тұрғындарымен «Заң және тәртіп керуені» акциясы аясында аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Акция барысында тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, барлық сұрақтарға жауап беріп, заң тұрғысынан көмектер көрсетті.

Сонымен қатар барлық елді мекендерде халықтың құқықтық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық кабинеттер» ашылып, қызмет көрсетуде.

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес шаралар өз деңгейінде жүргізілуде.

Сонымен қатар Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудың маңызды құралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының аталған саладағы өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мәселелерінде үйлестіруші ретінде өз міндеттерін бұдан әрі де жалғастыратын болады.

 

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы