
2025 жылдың І тоқсанына аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы –145 өтініш түсті.
Келіп түскен барлық 145 өтініштің 66-сы оң шешімін тапса, 79-на заңға сәйкес түсініктер берілген.
Есепті кезеңде аудан әкімі аппаратына жоғары тұрған және құқық қорғау органдарынан және басқа мемлекеттік мекемелерден барлығы –19 өтініш келіп түскен.
2025 жылдың І тоқсанына жеке мәселелер бойынша барлығы 86 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның ішінде: 48 тұлға аудан әкімінің қабылдауында, 38 тұлға міндеттер бөлінісіне сәйкес аудан әкімінің орынбасарларының қабылдауында болып, өтініштері заңдылықтарға сәйкес қаралды.