
2025 жылдың 22 қаңтар күні сағат 10:00 Сырдария аудандық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:
«Қазақстан Республикасындаға сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-1 бабының 1 тармағына сәйкес, Сырдария ауданының Шіркейлі ауылдық округі әкімінің сайлау күнін тағайындау туралы;
Мерзімі аяқталған Шіркейлі ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізудің күнтізбелік жоспары туралы.
Сырдария аудандық сайлау коммисиясы құрамының барлық мүшелері мен сарапшы мамандарды 2025 жылдың 22 қаңтары және 2 наурызы аралығындағы мерзімде жұмысқа тарту, еңбек келісімшартын жасау туралы;
2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Шіркейлі ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша Сырдария аудандық сайлау комиссиясы мүшелерінің демалыс және мереке күндердегі кезекшілік кестесін бекіту туралы;
2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Сырдария ауданының Шіркейлі ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу кезіндегі полиграфиялық, типографиялық, автокөлік қызметтерін және кеңсе тауарларын сатып алуға кәсіпкерлерді таңдау туралы;
Өтетін орны: Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі, №9А
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу 2025 жылдың 22 қаңтары күні сағат 9.30 дейін келесі телефон бойынша жүзеге асырылады 8(72437) 21 1 60