Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Сырдария ауданы әкімдігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2024 жылдың IV жартыжылдығында атқарылған шаралар туралы АНЫҚТАМА

Өздеріңізге мәлім, мемлекеттік органдар ұйымдастыру жұмысының сапасын арттыру арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдан бастап барлық мемлекеттік органдарда №4 Үлгілік базалық бағыты іске қосылды.

Осы ретте, Үлгілік базалық бағытты аудан аумағында іске асыру мақсатында Жобалық карта бекітілді («Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру жобалық картасы).

Жобалық карта 4 жобаны құрайды.

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау;

4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында біліктілігін арттыру бойынша
28 мемлекеттік қызметші, «Документолог» платформасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы цифрлық білім беру онлайн курсынан 121 мемлекеттік қызметші оқудан өтіп, сертификатталды.

Жыл басынан аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының
4 отырысы өткізіліп, жауапты мекеме басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстары тыңдалды.

Аудан әкімдігі жанындағы Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан лауазымдары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан қызметкерлермен профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Бұдан бөлек, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» қызметі бойынша 2024 жылға жергілікті бюджеттен 3,0 млн теңге қаржы бөлініп, жыл көлемінде профилактикалық шаралар жүргізілуде (жеңімпаз «Сырдария-Нұрдария» ҚҚ, келісім шарт құны - 2,4 млн. тг).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау аясында барлығы 24 мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты квазимемлекеттік ұйымдарының қызметтеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесімен барлығы 72 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Бүгінгі күнге анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелінің
55-і жойылып, 17-сі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл соңында толығымен жойылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жобасы бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде. Есепті кезеңде мемлекеттік органдармен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтамау фактілері орын алған жоқ.

4 бағыт: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс аясында аудан әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша қаңтар-қазан айлары аралығында комплаенс офицерлермен барлығы 48 рет семинар, құқықтық оқыту шаралары ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды күшейту мақсатында Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоспар аясында аудан бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған 15 билборд, 1000 дана жадынама әзірленіп, мемлекеттік органдардың, әлеуметтік нысандардың (денсаулық сақтау, білім беру ұйымдары, т.б.), халыққа қызмет көрсету орталықтарының стендтерінде орналастырылды.

Осы бағытта арнайы әзірленген бейнероликтер қоғамдық орындарда және әлеуметтік желілерде таратылып, көрсетілуде.

Бұқаралық ақпарат құралдарында барлық деңгейдегі әкімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы авторлық мақалалары жарияланды (2024 жылға – 29 мақала).

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында
«Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өткізілді.

Акция барысында заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап беріп, заң тұрғысынан көмектер көрсетті.

Сонымен қатар барлық елді мекендерде халықтың құқықтық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында
«Құқықтық кабинеттер» ашылып, қызмет көрсетуде.

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес шаралар өз деңгейінде жүргізілуде.

Сонымен қатар Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудың маңызды құралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының аталған саладағы өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мәселелерінде үйлестіруші ретінде өз міндеттерін бұдан әрі де жалғастыратын болады.

 

Дата публикации
13 января 2025
Дата обновления
13 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы