
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес Сырдария ауданы бойынша жалпы мемлекеттік қызметтерді 6 дербес бөлім және кент, ауылдық округ әкім аппараттары көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бүгінгі таңда аудандық жергілікті атқарушы органдары 50 қызмет түрін көрсетеді.
Сырдария ауданы бойынша 2024 жылдың ІІI-тоқсанында 1262 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 80 (6,9%)
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 80 (6,3%)
Электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1095 (86,8%)
Аудан әкімі аппараты басшысының іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің сапасын арттыру бойынша мемлекеттік ішкі бақылау жүргізілді.
Ішкі бақылау кезінде бұзушылықтарды фактілері анықталған жоқ, себебі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы заңдылыққа сәйкес жүргізіліп, мерзімінде орындалып жатыр. 2024 жылдың ІІІ тоқсанында Бесарық, Аманкелді, Жетікөл, Айдарлы және Қалжан ахун ауылдық округтерінде мемлекеттік қызметтің сапасына ішкі бақылау шарасы жүргізіліп, қызмет сапасын жақсартуға байланысты ұсынымдар енгізілді.
2024 жылдың 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының тапсырмасына сәйкес, «Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметтерді көрсету саласына қатысты Сырдария ауданының қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.