Лого проект

Меню

Страницы

Статья

«Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылуы туралы III-тоқсан(2024 жыл)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Қағиданы басшылыққа алынып, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілерін ынталандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министірінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығымен 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Бағдарламаның сенім білдірілген өкілі болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ (бұдан әрі – Отбасы банкі) анықталды.
2024 жылы айлық есептік көрсеткіш 3692 тенгені құрап, тұрғын үй несиесінің көлемі аудан орталығына 2500 АЕК – 9 230 000 теңге, ауылдық округтерге 2000 АЕК – 7 384 000 теңге, көтерме жәрдемақының көлемі 100 АЕК- 369 200 теңге болып бекітілген.
Сырдария ауданы бойынша 2024 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласынындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шарасын көрсету бойынша тұрғын үй несиесін алуға 51 маман өтініш білдіріп, оның ішінде білім саласы бойынша 22 маман, денсаулық сақтау саласы бойынша 13 маман, спорт саласы бойынша 7 маман, мәдениет саласы бойынша 4 маман, агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша 5 маман өтініш білдіріп кезекке алынды. Көтерме жәрдемақыға 97 маман өтініш білдіріп, оның ішінде білім беру саласы бойынша 37 маман, денсаулық сақтау саласы бойынша 20 маман, мәдениет саласы бойынша 6 маман, спорт саласы бойынша 9 маман, агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша 7 маман, мемлекеттік қызметші 1 маманға 29 536 мың теңге әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылып, қалған 17 маман кезкке алынды.
Қазіргі таңда мамандарды кезектілікке қою жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта екі жақты келісім-шарт негізінде «Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер» беріледі деп жоспарлануда.

 

Дата публикации
03 октября 2024
Дата обновления
03 октября 2024
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы