
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 301/НҚ бұйрығымен бекітілген жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты жобасы іске асырылуда.
Сырдария ауданы әкімдігімен есепті кезеңде №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты (бұдан әрі - №4 Үлгілік базалық бағыт) бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді.Аталған №4 Үлгілік базалық бағытты аудан аумағында іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 1 ақпанында жоба жетекшісінің (бас менеджері) бұйрықтарымен № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыттың жобалар менеджерлері айқындалып, «2024 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру жобалық картасы бекітілді.Жобалық карта 4 жобаны құрайды.
Әр жоба бойынша жеке-жеке тапсырмалар, қосымша тапсырмалар және олардың орындалу, яғни басталу, аяқталу мерзімдері белгіленген.Айта кету керек, №4 Үлгілік базалық бағыт жобасы
2023 жылы аудан әкімі аппараты мен аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдерде, яғни барлығы 9 мекемеде жүзеге асырылса, ағымдағы жылда кент және ауылдық округ әкімінің аппараттары да қамтылып, барлығы 24 мекемеде жүзеге асырылуда.
Бекітілген жобалық картаға сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жобасы бойынша аудандық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың және оларға бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін барлығы 72 тәуекел анықталып, анықталған тәуекелдерді жою мақсатында аталған мекемелермен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, аудан әкімдігінің ресми сайтына жарияланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау жобасы бойынша тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде, ағымдағы жылдың I жартыжылдығында мемлекеттік органдармен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтамау фактілері орын алған жоқ.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жобасы бойынша аудан әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша ақпан-наурыз аралығында комплаенс офицерлермен барлығы 48 рет құқықтық оқыту, семинар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған шаралардың барлығы фото-суреттерімен мекеменің әлеуметтік желісіне жарияланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жобасы бойынша аудан әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен есепті кезеңде барлық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен 8 семинар-кеңестер өткізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында және ішкі талдаудың сапалығына ерекше мән беру қажеттілігі бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Сондай-ақ, 2024 жылғы 15 сәуірдегі аудан әкімімен бекітілген барлық деңгейдегі әкімдердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қабылданған шаралары туралы авторлық мақалаларын бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау кестесі бекітіліп, аудан, кент және ауылдық округ әкімдерінің авторлық мақалалары (24 мақала) бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді.
Бұдан бөлек, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» қызметі бойынша 2024 жылға жергілікті бюджеттен 3000,0 мың теңге бөлініп, конкурс нәтижесімен «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры 2411073,90 мың теңгемен жеңімпаз атанып, жыл көлемінде профилактикалық шараларды жүргізуде.
Жоба аясында:
Кент және ауылдық округтерде 14 кездесу, адам көп шоғырланатын орындарда 3 акция, жастар арасында 1 сурет байқауы, 1 эссе байқауы өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруға, сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алу бойынша «Жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ», «Жемқорлық – адамзаттың қас жауы» тақырыптарында 2 бейнероликтар дайындалды. Роликтер облыстық «QYZYLORDA» телеарнасынан көрсетілді.
Ақпараттық плакаттар А3 форматта 250 дана, стикерлер А5 форматта 250 дана әзірленіп, халық көп шоғырланатын орындарға орналастырылып, тұрғындарға таратылды.
Аудан орталығы Тереңөзек кентінен тақырыптық 2 билборд орнатылды.Қазіргі таңда техникалық ерекшелікке сәйкес – 1 акция, 1 сурет салу байқауы барлығы 2 шара өткізілді.
Алдағы уақытта техникалық ерекшелікке сәйкес «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорымен әлеуметтік тапсырыс аясында шаралар кезең-кезеңімен атқарылатын болады.