
2024 жылдың ІІ тоқсанына аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы –128 өтініш түсті.
Келіп түскен барлық 128 өтініштің 31-і оң шешімін тапса, 97-сіне заңға сәйкес түсініктер берілген.
Есепті кезеңде аудан әкімі аппаратына жоғары тұрған және құқық қорғау органдарынан және басқа мемлекеттік мекемелерден барлығы –13 өтініш келіп түскен.
2024 жылдың ІІ тоқсанына жеке мәселелер бойынша барлығы 59 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның ішінде: 31 тұлға аудан әкімінің қабылдауында, 28 тұлға міндеттер бөлінісіне сәйкес аудан әкімінің орынбасарларының қабылдауында болып, өтініштері заңдылықтарға сәйкес қаралды.
Қабылдау барысында 6 азаматтың көтерген мәселелері оң шешімін тапса, қалған 53 азаматқа заңға сәйкес түсіндірмелер берілді.