Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Сырдария ауданы әкімдігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2024 жылдың II жартыжылдығында атқарылған шаралар туралы АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 301/НҚ бұйрығымен бекітілген жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты жобасы іске асырылуда.

Сырдария ауданы әкімдігімен есепті кезеңде №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты (бұдан әрі - №4 Үлгілік базалық бағыт) бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді.

Аталған №4 Үлгілік базалық бағытты аудан аумағында іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 1 ақпанында жоба жетекшісінің (бас менеджері) бұйрықтарымен № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыттың жобалар менеджерлері айқындалып, «2024 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру жобалық картасы бекітілді.

Жобалық карта 4 жобаны құрайды.

Әр жоба бойынша жеке-жеке тапсырмалар, қосымша тапсырмалар және олардың орындалу, яғни басталу, аяқталу мерзімдері белгіленген.

Айта кету керек, №4 Үлгілік базалық бағыт жобасы 2023 жылы аудан әкімі аппараты мен аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдерде, яғни барлығы 9 мекемеде жүзеге асырылса, ағымдағы жылда кент және ауылдық округ әкімінің аппараттары мен оларға бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілері де қамтылып, барлығы 39 мекемеде жүзеге асырылатын болады.

Бекітілген жобалық картаға сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жобасы бойынша аудандық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың және оларға бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін барлығы 60 тәуекел анықталып, анықталған тәуекелдерді жою мақсатында аталған мекемелермен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, аудан әкімдігінің ресми сайтына жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау жобасы бойынша тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде, ағымдағы жылдың I жартыжылдығында мемлекеттік органдармен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтамау фактілері орын алған жоқ.    

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жобасы бойынша аудан әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша ақпан-наурыз аралығында комплаенс офицерлермен барлығы 32 рет құқықтық оқыту, семинар, жөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған шаралардың барлығы фото-суреттерімен мекеменің әлеуметтік желісіне жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жобасы бойынша аудан әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен есепті кезеңде барлық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен 3 семинар-кеңестер өткізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында және ішкі талдаудың сапалығына ерекше мән беру қажеттілігі бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Сондай-ақ, 2024 жылғы 15 сәуірдегі аудан әкімімен бекітілген  барлық деңгейдегі әкімдердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қабылданған шаралары туралы авторлық мақалаларын бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау кестесі бекітіліп, аудан, кент және ауылдық округ әкімдерінің авторлық мақалалары (15мақала) бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» қызметі бойынша 2024 жылға жергілікті бюджеттен 3000,0 мың теңге бөлініп, конкурс нәтижесімен «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры 2411073,90 мың теңгемен жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда техникалық ерекшелікке сәйкес – 1 акция, 1 сурет салу байқауы барлығы 2 шара өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске шеңберінде «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» қызметі бойынша 2024 жылға жергілікті бюджеттен 3000,0 мың теңге бөлініп, конкурс нәтижесімен «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры 2411073,90 мың теңгемен жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда техникалық ерекшелікке сәйкес – 1 акция, 1 сурет салу байқауы барлығы 2 шара өткізілді.

Алдағы уақытта техникалық ерекшелікке сәйкес «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорымен әлеуметтік тапсырыс аясында шаралар кезең-кезеңімен атқарылатын болады.

Дата публикации
05 июля 2024
Дата обновления
05 июля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы