Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Сырдария ауданы әкімдігінің 2023 жыл қорытындысы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жылдық есебі

Сырдария ауданы әкімдігінің 2023 жыл қорытындысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жылдық есебі

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:

 Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

Сырдария ауданы әкімінің аппараттары

Кент және ауылдық округ әкімінің аппараттары

«Сырдария аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Сырдария аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2023 жылы аудан әкімдігімен және аудан әкімдігіне қарасты аудандық жергілікті атқарушы органдар арқылы 50 қызмет түрін ұсынады. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мекемелер туралы мәліметті аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсынан алуға болады

1)

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

50

2)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

27

3)

Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін – 47 қызмет

Ақылы негізде – 3 қызмет

4)

Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

50

5)

бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттер саны

-

2. КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС:

1)

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/article/details/61852?lang=kk) арнайы бөлім ашылып мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен қызмет көрсетуші мекемелер жайлы ақпараттар орналастырылған. Қызмет көрсетуші жергілікті атқарушы органдардың ғимараттарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты қағидалары ілінген ақпараттық тақталар жасалынған.

2)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

-

3)

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасымен 2021 жылдың 10 қыркүйегінде бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша 2023 жылы 4 онлайн-жәрмеңке ұйымдастырылды.

      Жәрмеңке жұмысының барысында аудан тұрғындарынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу жолдары жайында бірнеше сұрақтар түсіп, мекеме мамандары тарапынан тиісті жауаптар берілді.

       Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2023 жылдың шілде айында аудан әкімдігінде облыс әкімі аппаратының және ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мамандарын арнайы шақырып, ауылдық округі әкімі аппараты мен дербес бөлімдердің жауапты мамандарымен бірге семинар өткізілді.      

       Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің бастамасымен «Gyzylorda» телеарнасының «Елге қызмет» арнайы телевизиялық бағдарламасында аудан әкімі аппаратының басшысымен (Р.Шайхиев) сұхбат  өткізуіне цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімімен ұйымдастырылды.

3. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ:

1)

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

-

2)

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

-

3)

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

-

4. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ:

1)

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылардан 1 шағым түсті. Шағымның қарау мерзімінде қызмет алушы өз еркімен шағымды кері қайтарып алынды.

2)

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

2023 жылдың I, ІІ, ІІІ және ІV-тоқсанында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзім бұзушылықтарын анықтау, жою және оларға жол бермеу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталу бойынша ішкі бақылау жүргізілді. Ішкі бақылау «Сырдария аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» КММ, «Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ,  «Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ, «Сырдария ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Қоғалыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, «Шіркейлі ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, «Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, «Шаған ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, «Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, «Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ және «Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімі» КММ жүргізілді.

       Нәтижесінде мерзім бұзылуы 3, өзге де заңдылықтардың бұзылуының 1 барлығы 4 бұзушылықтың жағдайы анықталды.

       Кемшіліктерге жол берген аудандық Қоғалыкөл ауылдық округі әкімінің аппаратының жауапты маманына «Ескерту»,  Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппаратының жауапты маманына «Сөгіс» және Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімінің жауапты маманына «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту»  түрінде тәртіптік шара белгіленді.

2023 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету барысында 19 мерзім бұзушылық фактісі орын алған.

3)

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

-

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері:

-

6. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің переспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

-

 

Дата публикации
16 апреля 2024
Дата обновления
16 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы