Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Аудан бойынша 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша атқарылған жұмыстар (I тоқсан)

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес Сырдария ауданы бойынша жалпы мемлекеттік қызметтерді 6 дербес бөлім және кент, ауылдық округ әкім аппараттары көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бүгінгі таңда аудандық жергілікті атқарушы органдары 50 қызмет түрін көрсетеді.

         Сырдария ауданы бойынша 2024 жылдың І-тоқсанында 991 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 57 (4,8%)

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –  120 (10,2%)

Электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 991 (85,0%)

Аудан әкімі аппараты басшысының іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің сапасын арттыру бойынша мемлекеттік ішкі бақылау жүргізілді.

Ішкі бақылау кезінде бұзушылықтарды фактілері анықталған жоқ, себебі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы заңдылыққа сәйкес жүргізіліп, мерзімінде орындалып жатыр. 2024 жылдың 1 тоқсанында аудандық  ауылшаруашылығы және жер қатынастары мен  құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдердің мемлекеттік қызметтің сапасына ішкі бақылау шарасы жүргізіліп, қызмет сапасын жақсартуға байланысты ұсынымдар енгізілді.

2024 жылдың 29 ақпанында аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен Қоғамдық кеңес мүшелерімен және мемлекеттік қызметшілермен отырыс өтті. Оған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлеген Мендалиев арнайы қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мендалиев мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы оң өзгерістер мен жаңалықтарды жеткізді. Сондай-ақ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде орын алған заң бұзушылықтардың басты себептерін атап өтті. Сонымен қатар, қызмет берушілердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды күшейту жөнінде ұсыныстар енгізді.

Күн тәртібіндегі мемлекеттік қызмет көрсету барысы жөнінде аудан әкімі аппаратының басшысы Рысбек Шайхиев аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету саласында 2023 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

         2023 жылдың 14 ақпанда аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметтердің халыққа қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында онлайн жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге ауылшаруашылығы мен  жер қатынастары салаларының мамандары қатысты. Онлайн жәрмеңке Сырдария ауданы әкімдігінің «Facebook» парақшасы арқылы тікелей эфир форматында өткізілді.

        

 

Дата публикации
08 апреля 2024
Дата обновления
08 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы