Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Сырдария ауданы әкімдігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2024 жылдың I тоқсанында атқарылған шаралары туралы АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 301/НҚ бұйрығымен бекітілген жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты жобасы іске асырылуда.

Сырдария ауданы әкімдігімен есепті кезеңде №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты (бұдан әрі - №4 Үлгілік базалық бағыт) бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді.

Аталған №4 Үлгілік базалық бағытты аудан аумағында іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың
1 ақпанында жоба жетекшісінің (бас менеджері) Шайхиев Рысбек Болатұлының бұйрықтарымен № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыттың жобалар менеджерлері айқындалып, «2024 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру жобалық картасы бекітілді.

Жобалық карта 4 жобаны құрайды:

  • «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау» жобалар тобы.
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау» жобалар тобы;

3)  «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» жобалар тобы;

4) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобалар тобы;

Әр жоба бойынша жеке-жеке тапсырмалар, қосымша тапсырмалар және олардың орындалу, яғни басталу, аяқталу мерзімдері белгіленген.

Айта кету керек, №4 Үлгілік базалық бағыт жобасы
2023 жылы аудан әкімі аппараты мен аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдерде, яғни барлығы 9 мекемеде жүзеге асырылса, ағымдағы жылда кент және ауылдық округ әкімінің аппараттары мен оларға бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілері де қамтылып, барлығы 39 мекемеде жүзеге асырылатын болады.

Бекітілген жобалық картаға сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жобасы бойынша аудандық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың және оларға бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітілді.

Кестеге сәйкес, 2024 жылдың ақпан айында қоғамдық даму, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, экономика және қаржы бөлімдерінде ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін барлығы 9 тәуекел анықталып, анықталған тәуекелдерді жою мақсатында аталған мекемелермен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, аудан әкімдігінің ресми сайтына жарияланды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мәдениет және спорт бөлімдері және Тереңөзек кенті, А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин, Қалжан ахун ауылдық округ әкімінің аппараттары мен оларға бағынысты квазимемлекеттік сектор ұйымдарында ішкі талдау жұмыстары наурыз айында жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау жобасы бойынша тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде, ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында мемлекеттік органдармен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтамау фактілері орын алған жоқ.    

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жобасы бойынша аудан әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша ақпан-наурыз аралығында комплаенс офицерлермен барлығы 4 рет құқықтық оқыту ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған шаралардың барлығы фото-суреттерімен мекеменің әлеуметтік желісіне жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жобасы бойынша аудан әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен есепті кезеңде барлық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен 3 семинар-кеңестер өткізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында және ішкі талдаудың сапалығына ерекше мән беру қажеттілігі бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, жеңімпаз анықталған жағдайда әлеуметтік тапсырыс аясында шаралар кезең-кезеңімен атқарылатын болады.

Дата публикации
03 апреля 2024
Дата обновления
03 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы