
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Қағида басшылыққа алынып, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілерін ынталандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министірінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығымен 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Бағдарламаның сенім білдірілген өкілі болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ (бұдан әрі – Отбасы банкі) анықталды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына (№72 МӘС қағидалары) ҚР Ұлттық экономика министірінің 2023 жылғы 12 маусымдағы №105 бұйрығымен өзгерістер енгізілді, 2023 жылдың 26 маусымынан бастап күшіне енді.
2024 жылы айлық есептік көрсеткіш 3692 тенгені құрап, тұрғын үй несиесінің көлемі аудан орталығына - 9 230 000 мың теңге, ауылдық округтерге – 7 384 000 теңге, көтерме жәрдемақының көлемі - 369 200 жүз теңге болды.
Сырдария ауданы бойынша 2024 жылға ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласынындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шарасын көрсету бойынша тұрғын үй несиесіне 50 маман, көтерме жәрдемақыға 67 маманға әлеуметтік қолдау шарасы көрсетіледі.
Қазіргі таңда мамандарды кезектілікке қою жұмыстары жүргізілуде, сенім білдірілген өкіл «Отбасы банк» тарапынан келісім- шарт жасалу жоспарлануда. Алдағы уақытта екі жақты келісім-шарт негізінде «Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер» беріледі деп жоспарлануда.