Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Жастар саясаты бойынша атқарылған жұмыстар

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының 2026 жылдың III тоқсанындағы атқарылған жұмысы

Сырдария ауданы бойынша, статистикалық мәліметке сәйкес, 2026 жылға 37837 халық, оның ішінде 14-35 жас аралығында 11650 жастар. Аудан халқының 30,8 пайызын құрайды.
Мемлекеттік жастар саясатын аудан көлемінде «Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-і жүрізіп келеді.
Қаржыландырылуы
Жергілікті қаржыландыруы(орталықтың аппаратына, әлеуметтік жобаларға бөлініс); 2026 жылға мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 33594,8 мың тг (2025 жылы31756,0 мың тг) қаржы бөлінді.
Жергілікті деңгейде жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалар туралы(атауы, ұтып алған ҮЕҰ, бөлінген қаржы, жоба аясында шаралар саны);Аудандық қоғамдық даму бөлімі арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Мемлекеттік жастар саясатын жүргізу» жобасы бойынша 3 690,0 мың теңге (2025 жылы 3 162,6 мың тг) бөлінсе, «Мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық жарыстар ұйымдастыру» жобасы бойынша 1 500,0 мың теңге (2025 жылы 1 350,0 мың теңге) бөлінді.
Орталық тарапынан жүзеге асырылатын қаржысыз жобалар, үйірмелер(бағыты, атауы, ұйымдастырылған шаралар саны, қамтылған жастар саны);
«ЕркеZHAN» қыздар клубы
«Жастар бригадасы»
«Таныс болыңыз» айдары /жас кәсіпкерлерді насихаттау/
«Кешкі VIBE» /жетістікке жеткен жастармен сыр сұқбат/
«Жайдарман» лигасы
«Сырдария жастары» еріктілер штабы
Атқарылған шаралар мен кеңес алған жастар саны(бағыты, саны, қамтылған жастар саны, 2-3 ірі көлемде шараны ашып жазу); Шілде мен қыркүйек айы аралығында жалпы саны - 85 шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар аясында 2028 жас қамтылды, оның ішінде ақпараттық түсіндіру мен кездесулерге қатысқан – 1433 жас, спорттық мәдени іс-шараларға – 100 жас , кеңес алған жастар саны - 495 жас қамтылды.
Сырдария ауданы бойынша жастар саны 11 650 адамды құрайды. Аудан көлемінде жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерделеу мақсатында арнайы әзірленген сауалнама негізінде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жинақталған мәліметтерге талдау жасалып, нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету, маусымдық жұмыстарға тарту, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қызметін заңдастыру бағытында бірқатар кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды.
Сонымен қатар «Отбасылық цифрлық карта» ақпараттық жүйесінде анықталған NEET санатындағы 28 жастың 28-мен адрестік жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 2 жас «Мансап» орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, 3 жас уақытша жұмыспен қамтылды. Ал 5 жас үй шаруасында, 2 жас студент, 1 жас мүмкіндігі шектеулі жас, 1 жас шет мемлекетте жұмыс істейді, 1 жас өзге қалаға көшіп кеткен, 10 жас бейресми жалдамалы жұмысшы және 3 жас өзге өңірде тіркелген жас ретінде анықталды.Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша «Отбасылық цифрлық карта» базасындағы өзектендірілген жастар үлесі 50 пайызды құрап отыр. Дегенмен сауалнама нәтижелері мен аудандық жастар ресурстық орталығы мамандарының зерделеу жұмыстары барысында жастардың басым бөлігі студенттер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, жүкті және бала күтіміндегі жас аналар, кәсіпкер жастар, әскер қатарындағы азаматтар, өзге облысқа тұрмысқа шыққан және шет мемлекеттерде жұмыс істейтін жастар екені анықталды.
Қазіргі таңда аудандық пробация қызметінің есебінде 14-35 жас аралығындағы 29 жас тіркелген. Оның ішінде: Амангелді ауылдық округі бойынша – 5 жас, Бесарық ауылы – 5 жас, Тереңөзек кенті – 6 жас, Ақжарма ауылы – 1 жас, Айдарлы ауылы – 1 жас, С.Сейфуллин ауылы – 1 жас, Қоғалыкөл ауылы – 1 жас, Шаған ауылы – 2 жас, Н.Ілиясов ауылы – 4 жас, Жетікөл ауылы – 1 жас. Пробациялық есепте тұрған жастардың жасаған қылмыстарының санатына жүргізілген талдау нәтижесінде, ауыр қылмыс жасаған – 12 жас, орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған – 17 жас екені анықталды. Аталған санаттағы жастарды қоғамға бейімдеу, құқық бұзушылықтың қайталануына жол бермеу, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ету, психологиялық қолдау көрсету және бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері пробация есебіндегі жастармен жұмыс жүргізу аясында 5 негізгі іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, жұмыспен қамту орталығы арқылы жастарды бос жұмыс орындарына бағыттау, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына тарту, сондай-ақ жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізілді. Жастарды қоғамдық және мәдени іс-шараларға тарту бағытында Наурыз мерекесіне орай қол күресінен спорттық сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, аудан прокурорының қатысуымен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын түсіндіру мақсатында «Заң және тәртіп» тақырыбында интеллектуалдық сайыс өткізілді. Психологиялық қолдау және мотивациялық жұмыстар аясында арнайы мамандардың қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырылып, жастарға өмірлік мақсаттарын айқындау, жауапкершілікті сезіну, қоғамдағы өз орнын табу және жағымсыз ортадан алшақ болу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастарды салауатты өмір салтына баулу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында кіші футболдан турнир, үстел теннисі және гір көтеруден спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, пробация есебіндегі жастардың тұрғылықты жері бойынша 3 рет адрестік профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Аталған жұмыстар барысында жастардың үйлеріне барып, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерделеніп, құқықтық және профилактикалық бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесулер барысында жастарға құқық бұзушылыққа жол бермеу, пробация талаптарын сақтау, салауатты өмір салтын ұстану, тұрақты жұмыспен қамтылу және қоғамдық ортаға белсенді араласудың маңыздылығы түсіндірілді.
Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бағытындағы жұмыстар: Аудан бойынша ағымдағы жылы Мансап орталығына 590 жас хабарласты. Оның ішінде 140 жас тұрақты жұмысқа орналасса, «Жастар тәжірибесімен» - 76 жас, «Қоғамдық жұмыстарға» - 58 жас жолданған.
Денсаулық сақтау және құқықбұзушылық бағыты бойынша(ертежүктілік, суицид, пробация және т.б. шаралар); Пробация бағыты бойынша: Қазіргі күні аудандық пробация қызметі есебіне 14-35 жас аралығындағы 25 жас тіркеліп отыр. Оның ішінде: Амангелді ауылдық округі бойынша-4 жас, Бесарық ауылы-1 жас, Тереңөзек кенті бойынша-9 жас, Ақжарма ауылы-1 жас, Айдарлы ауылы-1 жас, С.Сейфуллин ауылы бойынша- 1 жас, Қоғалыкөл ауылы-2 жас, Шаған ауылы -2, Н.Ілиясов ауылы - 3, Жетікөл ауылы- 1. Пробациялық есептегі жастардың қылмыс жасау деңгейін сараптайтын болсақ: ауыр қылмыс жасаған-12 жас, орташа-13 жас.
Аталған жастарды қоғамға бейімдеу мақсатында оңалту, психологиялық қолдау және әлеуметтік сүйемелдеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылмен салыстырғанда пробациялық есептегі жастар саны 29-дан 25-ке дейін азайып, көрсеткіш 13,8 пайызға төмендеді. Бұл атқарылып жатқан профилактикалық және түсіндіру жұмыстарының оң нәтижесін көрсетеді.Бүгінгі күнге дейін аталған санаттағы жастармен жұмыс жүргізу аясында 3 іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
Жұмыспен қамту орталығы арқылы бос жұмыс орындарына бағыттау, қысқа мерзімдік курсқа тарту, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары барысында кездесу – 1,қоғамдық және мәдени іс-шараларға тарту барысында наурыз айында қол күрес сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздар Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар, аудан прокурорының қатысуымен «Заң және тәртіп» тақырыбында 1 интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Алдағы уақытта , психологиялық қолдау және мотивациялық жұмыстар аясында арнайы мамандардың қатысуымен 1 семинар-тренинг ұйымдастырылды. Жастарды салауатты өмір салтына баулу және бос уақытын тиімді өткізу мақсатында кіші футболдан турнир, үстел теннисінен және гір көтеруден спорттық жарыстар өткізу жоспарлануда.
Заң мен тәртіпті сақтау бағытында: Сырдария ауданы әкімі, Сырдария ауданы прокуратурасы және аудандық полиция бөлімі бірлесіп бекіткен «Қауіпсіз мектеп – қауіпсіз орта» атты іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан аумағындағы білім беру ұйымдарында жастар мен жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз ортаны қалыптастыру және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын кеңінен насихаттау бағытында бірқатар профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Аталған іс-шара жоспары аясында «Тәртіп-тәрбие бастауы» атты тақырыбында Сырдария аграрлы техникалық колледжінде аудандық прокуратураның прокурор орынбасары, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы, және жастар ресурстық орталығы мамандары қатысып, студенттерге құқықтық сауатын арттыруға бағытталған маңызды ақпараттар берілді.
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында оқушылар арасында «Құқықтық сауат – қауіпсіз қоғам», «Тәртіп – тәрбие бастауы», «Сен жалғыз емессің» бағыттарында профилактикалық кездесулер мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесулерге кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторлары, білім беру ұйымдарының педагог-психологтары және жастармен ресурстық орталығы мамандары тартылып, қатысушылардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған маңызды ақпараттар берілді.
Өткізілген профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын берік орнықтыру.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, жастарға қоғамдық тәртіпті сақтау және бағытталған түсіндіру жұмыстары 4 рет (рейд) жүргізілді.
Білім саласы бойынша(жалпы оқу орындар саны, 9-11 сынып оқушылар саны, студенттер саны және т.б.) Сырдария ауданында білім беру ұйымына қарасты 17 мектеп, 1 колледж бар. 9-11 сынып оқушыларының саны – 1883, студенттер саны- 2187 құрайды.
Сырдария ауданы бойынша 14 волонтерлік штаб жұмыс жасайды. Тұрақты еріктілер саны 160 адам.
Қайырымдылық және қоғамдық шаралар 38 шара ұйымдастырылып, 893 волонтер тартылды. Атап айтқанда:
Аудан волонтерларының қатысумен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы (3 рет) және «Жақсылық жасап жарысайық», «Наурыз мейірімі», «Мейрімді Қазақстан», «Жақсылық жасау - жүректің ісі» қайырымдылық акциялары өткізілді. Сонымен қатар, «Жаңару мен жаңғыру» күні аясында экологиялық акция, «Тазару күні» аясында Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында белсене қатысты.Игі істер марафоны аясында қарт азаматтар мен жалғызбасты аналарға қолдау көрсету мақсатында олардың үй ауласын тазалау жұмыстары - 6, Д және Е санатындағы азаматтарды, сондай-ақ аз қамтылған отбасылар, ардагерлерге жеке жас кәсіпкерлердің қолдауымен 15 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.
1. Жастар арасындағы ахуалы және өткізілген сауалнамалар(тақырыбы, респондент саны, қысқа талдау) туралы
2. Жергілікті деңгейдегі маслихаттағы депутат саны, оның ішінде жас депутаттар саны мен үлесі: Аудандық мәслихат – 12, облыстық – 2, жас депутаттар – 1.
3. Жастар кеңесінің мүшелер саны, оның ішінде жастардың саны мен үлесі: Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңестің құрамында 14 адам бар. Оның ішінде жастардың саны – 1.
4. БАҚ-мен әлеуметтік желілер(желі атауы, жазушылар саны, ақпараттандырылуы, негатив және позитив комментарийлар туралы, газет пен телеарналардағы жарық көрген мақалалар мен бағдарламалар саны):
Инстаграм: syrdarya_jastary жазушылар саны – 5699.
Фэйсбук: Syrdaria jastar resyrstyq ortalygy 5300достығы бар.
Тик ток: @ortalyk.syrdaryaжазушылар саны – 2757.


Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының 2026 жылдың II тоқсанындағы атқарылған жұмысы

Сырдария ауданы бойынша, статистикалық мәліметке сәйкес, 2026 жылға  37837 халық, оның ішінде 14-35 жас  аралығында  11650 жастар. Аудан халқының   30,8 пайызын құрайды.

Мемлекеттік жастар саясатын аудан көлемінде «Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-і жүрізіп келеді.

Қаржыландырылуы

Жергілікті қаржыландыруы(орталықтың аппаратына, әлеуметтік жобаларға бөлініс); 2026 жылға мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 33594,8 мың тг  (2025 жылы31756,0 мың тг) қаржы бөлінді. 

Жергілікті деңгейде жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалар туралы(атауы, ұтып алған ҮЕҰ, бөлінген қаржы, жоба аясында шаралар саны);Аудандық қоғамдық даму бөлімі арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Мемлекеттік жастар саясатын жүргізу» жобасы бойынша 3 690,0 мың теңге (202 жылы 3 162,6 мың тг) бөлінсе, «Мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық жарыстар ұйымдастыру» жобасы бойынша 1 500,0 мың теңге  (2025 жылы 1 350,0 мың теңге) бөлінді.

  1. Орталық тарапынан жүзеге асырылатын қаржысыз жобалар, үйірмелер(бағыты, атауы, ұйымдастырылған шаралар саны, қамтылған жастар саны);

«ЕркеZHAN» қыздар клубы

«Жастар бригадасы»

«Таныс болыңыз» айдары /жас кәсіпкерлерді насихаттау/

«Кешкі VIBE» /жетістікке жеткен жастармен сыр сұқбат/

«Жайдарман» лигасы

«Сырдария жастары» еріктілер штабы

  1. Атқарылған шаралар мен кеңес алған жастар саны(бағыты, саны, қамтылған жастар саны, 2-3 ірі көлемде шараны ашып жазу);Қаңтар мен наурыз айы аралығында жалпы саны - 121 шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар аясында 4315 жас қамтылды, оның ішінде  ақпараттық түсіндіру мен кездесулерге қатысқан – 3274 жас, спорттық мәдени іс-шараларға – 320 жас , кеңес алған жастар саны - 721 жас қамтылды.

  2. Сырдария ауданы бойынша жастар саны 11 650 адамды құрайды. Аудан көлемінде жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерделеу мақсатында арнайы әзірленген сауалнама негізінде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жинақталған мәліметтерге талдау жасалып, нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету, маусымдық жұмыстарға тарту, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қызметін заңдастыру бағытында бірқатар кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды.Сонымен қатар «Отбасылық цифрлық карта» ақпараттық жүйесінде анықталған NEET санатындағы 37 жастың 30-мен адрестік жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 2 жас «Мансап» орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, 3 жас уақытша жұмыспен қамтылды. Ал 2 жас үй шаруасында, 5 жас студент, 1 жас мүмкіндігі шектеулі жас, 1 жас шет мемлекетте жұмыс істейді, 1 жас өзге қалаға көшіп кеткен, 10 жас бейресми жалдамалы жұмысшы және 5 жас өзге өңірде тіркелген жас ретінде анықталды.

            Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша «Отбасылық цифрлық карта» базасындағы өзектендірілген жастар үлесі 65,81 пайызды құрап отыр. Дегенмен сауалнама нәтижелері мен аудандық жастар ресурстық орталығы мамандарының зерделеу жұмыстары барысында жастардың басым бөлігі студенттер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, жүкті және бала күтіміндегі жас аналар, кәсіпкер жастар, әскер қатарындағы азаматтар, өзге облысқа тұрмысқа шыққан және шет мемлекеттерде жұмыс істейтін жастар екені анықталды.

          Сонымен бірге орталық мамандары Тереңөзек кентіндегі бірқатар көшелерде адрестік жұмыстар жүргізіп, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Тұрғындарға жастарға арналған мүмкіндіктер, гранттар мен жеңілдіктер, әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде кеңінен мәлімет берілуде.

         «Отбасылық цифрлық карта» деректер қорын өзектендіру мақсатында үй-үйді аралау жұмыстары ұйымдастырылып, отбасылардың әлеуметтік жағдайына қатысты мәліметтер нақтылануда. NEET санатындағы (оқымайтын және жұмыс істемейтін) жастарды анықтау, олармен жеке байланыс орнату, психологиялық және кәсіби бағдар беру, жұмыспен қамту орталықтарына жолдау сынды адресті қолдау шаралары жүйелі түрде іске асырылуда.

           Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, аудан жастарына көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру көзделіп отыр. Барлық атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жариялануда.

  1. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бағытындағы жұмыстар: Аудан бойынша ағымдағы жылы Мансап орталығына 490 жас хабарласты. Оның ішінде 104 жас тұрақты жұмысқа орналасса, «Жастар тәжірибесімен» - 20 жас, «Қоғамдық жұмыстарға» - 41 жас жолданған.

         Денсаулық сақтау және құқықбұзушылық бағыты бойынша(ертежүктілік, суицид, пробация және т.б. шаралар); Пробация бағыты бойынша: Қазіргі күні аудандық пробация қызметі есебіне 14-35 жас аралығындағы 25 жас тіркеліп отыр. Оның ішінде: Амангелді ауылдық округі бойынша-4 жас, Бесарық ауылы-1 жас, Тереңөзек кенті бойынша-9 жас,  Ақжарма ауылы-1 жас, Айдарлы ауылы-1 жас, С.Сейфуллин ауылы бойынша- 1 жас, Қоғалыкөл ауылы-2 жас, Шаған ауылы -2, Н.Ілиясов ауылы - 3, Жетікөл ауылы- 1.  Пробациялық есептегі жастардың қылмыс жасау деңгейін сараптайтын болсақ: ауыр қылмыс жасаған-12 жас, орташа-13 жас.

         Аталған жастарды қоғамға бейімдеу мақсатында оңалту, психологиялық қолдау және әлеуметтік сүйемелдеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылмен салыстырғанда пробациялық есептегі жастар саны 29-дан 25-ке дейін азайып, көрсеткіш 13,8 пайызға төмендеді. Бұл атқарылып жатқан профилактикалық және түсіндіру жұмыстарының оң нәтижесін көрсетеді.Бүгінгі күнге дейін аталған санаттағы жастармен жұмыс жүргізу аясында 3 іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда:

        Жұмыспен қамту орталығы арқылы бос жұмыс орындарына бағыттау, қысқа мерзімдік курсқа тарту, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары барысында  кездесу – 1,қоғамдық және мәдени іс-шараларға тарту барысында наурыз айында  қол күрес сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздар Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар, аудан прокурорының қатысуымен «Заң және тәртіп» тақырыбында 1 интеллектуалдық сайыс өткізілді.  

         Алдағы уақытта , психологиялық қолдау және мотивациялық жұмыстар аясында арнайы мамандардың қатысуымен 1 семинар-тренинг ұйымдастырылды. Жастарды салауатты өмір салтына баулу және бос уақытын тиімді өткізу мақсатында кіші футболдан турнир, үстел теннисінен және гір көтеруден спорттық жарыстар өткізу жоспарлануда.

         Заң мен тәртіпті сақтау бағытында: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, жастарға қоғамдық тәртіпті сақтау және бағытталған түсіндіру жұмыстары 6 рет (рейд) жүргізілді.

          Білім саласы бойынша(жалпы оқу орындар саны, 9-11 сынып оқушылар саны, студенттер саны және т.б.) Сырдария ауданында білім беру ұйымына қарасты 17 мектеп, 1 колледж бар. 9-11 сынып оқушыларының саны – 1895, студенттер саны- 2187 құрайды.

  1. Еріктілермен жұмыс жасау бағыты бойынша:Қайырымдылық және қоғамдық шаралар 15 шара ұйымдастырылып, 83 волонтер тартылды. Сонымен қатар, «Жаңару мен жаңғыру» күні аясында экологиялық акция, «Тазару күні» аясында Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында белсене қатысты.

  2. Жастар арасындағы ахуалы және өткізілген сауалнамалар(тақырыбы, респондент саны, қысқа талдау) туралы

  3. Жергілікті деңгейдегі маслихаттағы депутат саны, оның ішінде жас депутаттар саны мен үлесі: Аудандық мәслихат – 12, облыстық – 2, жас депутаттар – 1.

  4. Жастар кеңесінің мүшелер саны, оның ішінде жастардың саны мен үлесі: Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңестің құрамында 14 адам бар. Оның ішінде жастардың саны – 1.

  5. БАҚ-мен әлеуметтік желілер(желі атауы, жазушылар саны, ақпараттандырылуы, негатив және позитив комментарийлар туралы, газет пен телеарналардағы жарық көрген мақалалар мен бағдарламалар саны):

Инстаграм: syrdarya_jastary жазушылар саны – 5465.

Фэйсбук: Syrdaria jastar resyrstyq ortalygy 5300достығы бар.

Тик ток: @ortalyk.syrdaryaжазушылар саны – 2679.

Жыл басынан бері аудандық «Тіршілік тынысы» сайтында - 2 мақала  «Көктемгі мерзімді әскерге шақыру» науқаны аясында кездесу ұйымдастырылды.


Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының 2026 жылдың I тоқсанындағы атқарылған жұмысы

І. Жалпы ақпарат
Сырдария ауданы бойынша, статистикалық мәліметке сәйкес, 2026 жылға  37837 халық, оның ішінде 14-35 жас  аралығында  11650 жастар. Аудан халқының   30,8 пайызын құрайды.
Мемлекеттік жастар саясатын аудан көлемінде «Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-і жүрізіп келеді.

Қаржыландырылуы
Жергілікті қаржыландыруы(орталықтың аппаратына, әлеуметтік жобаларға бөлініс); 2026 жылға мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 33594,8 мың тг  (2025 жылы31756,0 мың тг) қаржы бөлінді. 
Жергілікті деңгейде жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалар туралы(атауы, ұтып алған ҮЕҰ, бөлінген қаржы, жоба аясында шаралар саны);Аудандық қоғамдық даму бөлімі арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Мемлекеттік жастар саясатын жүргізу» жобасы бойынша 3 690,0 мың теңге (202 жылы 3 162,6 мың тг) бөлінсе, «Мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық жарыстар ұйымдастыру» жобасы бойынша 1 500,0 мың теңге  (2025 жылы 1 350,0 мың теңге) бөлінді.

 Ахуал бойынша
             Сырдария ауданы бойынша жалпы жағдай тұрақты деңгейде. Деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен немесе есепте тұрған жастар  тіркелмеген. Бұл бағытта тұрақты түрде түсіндіру, профилактикалық және ақпараттық жұмыстар жүргізіліп келеді.Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

ІІ.  Негізі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар
NEET санатындағы жастармен жұмыс:  Аудан көлемінде жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерделеу мақсатында арнайы әзірленген сауалнама негізінде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жинақталған мәліметтерге талдау жасалып, нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету, маусымдық жұмыстарға тарту, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қызметін заңдастыру бағытында бірқатар кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды.
Сонымен қатар «Отбасылық цифрлық карта» ақпараттық жүйесінде анықталған NEET санатындағы 41 жастың 30-мен адрестік жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 3 жас «Мансап» орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, 7 жас уақытша жұмыспен қамтылды. Ал 2 жас үй шаруасында, 5 жас студент, 1 жас мүмкіндігі шектеулі жас, 1 жас шет мемлекетте жұмыс істейді, 4 жас өзге қалаға көшіп кеткен, 10 жас бейресми жалдамалы жұмысшы және 5 жас өзге өңірде тіркелген жас ретінде анықталды.
Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша «Отбасылық цифрлық карта» базасындағы өзектендірілген жастар үлесі 65,81 пайызды құрап отыр. Дегенмен сауалнама нәтижелері мен аудандық жастар ресурстық орталығы мамандарының зерделеу жұмыстары барысында жастардың басым бөлігі студенттер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, жүкті және бала күтіміндегі жас аналар, кәсіпкер жастар, әскер қатарындағы азаматтар, өзге облысқа тұрмысқа шыққан және шет мемлекеттерде жұмыс істейтін жастар екені анықталды.
Сонымен бірге орталық мамандары Тереңөзек кентіндегі бірқатар көшелерде адрестік жұмыстар жүргізіп, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Тұрғындарға жастарға арналған мүмкіндіктер, гранттар мен жеңілдіктер, әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде кеңінен мәлімет берілуде.
«Отбасылық цифрлық карта» деректер қорын өзектендіру мақсатында үй-үйді аралау жұмыстары ұйымдастырылып, отбасылардың әлеуметтік жағдайына қатысты мәліметтер нақтылануда. NEET санатындағы (оқымайтын және жұмыс істемейтін) жастарды анықтау, олармен жеке байланыс орнату, психологиялық және кәсіби бағдар беру, жұмыспен қамту орталықтарына жолдау сынды адресті қолдау шаралары жүйелі түрде іске асырылуда.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, аудан жастарына көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру көзделіп отыр. Барлық атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жариялануда.
Жұмыссыз жастар: Аудан бойынша ағымдағы жылы Мансап орталығына 1470 жас хабарласты. Оның ішінде 359 жас тұрақты жұмысқа орналасты, «Жастар тәжірибесімен» - 177 жас, «Әлеуметтік жұмыс орындарына» - 7 жас, «Қоғамдық жұмыстарға» - 129 жас тартылды.
Пробация бағыты бойынша:Сырдария ауданы бойынша қазіргі таңда 22 азамат тіркелген. Оның ішінде тұрақты жұмыс жасайтыны-15 жас, уақытша жұмыссызы - 5жас. Студент – 2.   Пробация есебіндегі жастармен азаматтармен  қол күрестен спорттық сайыс өтті.
 ІІІ. Өткізілген  іс-шаралар
Қаңтар мен наурыз айы аралығында жалпы саны – 70 шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар  аясында 2594 жас қамтылды, оның ішінде  ақпараттық түсіндіру мен кездесулерге қатысқан–1992 жас, спорттық мәдени іс-шараларға –102 жас, кеңес алған жастар саны - 500 жас қамтылды.

ІІІ.Әлеуметтік патриоттық бағыты бойынша:
Сырдария аграрлы-техникалық колледжінде көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны аясында түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге мерзімді әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру, әскерге шақыру тәртібі мен талаптары туралы ақпарат беру және жастар арасында патриоттық рухты қалыптастыру болды.
«Ауғанның от жалыны» тақырыбында Сырдария аграрлы-техникалық колледжінде тағылымды кездесу ұйымдастырылды.Кездесуге Ауған соғысының ардагері Байтұрғанов Ғалым, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі А. Тәжібаев қатысты.
Жыл басынан бері мерзімді әскери шақыру бойынша – 2 кездесу өтсе, әлеуметтік желілерге «Әскерге шақыруға» қатысты - 2 бейнероликтер жарияланса, ақпараттық 30 дана үнпарақтар таратылды.
Құқықтық сауаттылықты  арттыру және заң талаптарын түсіндіру: Қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету мақсатында барлық білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кездесулер (27 рет) ұйымдастырылып, оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Оның ішінде (құқық бұзушылықтың алдын-алу, діни  лудомания, суицид, туралы т.б.),
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында айына 2 рет мектеп оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жастар арасында кең таралған 1 тренд бейнеролик түсірілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Заң мен тәртіпті сақтау бағытында: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, жастарға қоғамдық тәртіпті сақтау және бағытталған түсіндіру жұмыстары 5 рет (рейд) және мереке немесе айтулы күндері түнгі рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Жастар мен жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатын «Адам өмірі – басты құндылық» тақырыбында – 5 кездесу, Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша – 12 кездесу, «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында – 4 кездесу, «Қауіпсіз аула» тақырыбында – 3 кездесу, бейнелеу мен шығармашылық іс-әрекетке негізделген «Арт терапия» атты жаңа жобасы – 1, «Таза Қазақстан» республикалық акциясын кеңінен насихаттау, жастардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету және таза қоршаған ортаны қалыптастыру мақсатында түрлі форматтағы акциялар мен сенбіліктер – 3 рет ұйымдастырылды.
«Наурызнама» он күндігі аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары мен ерікті жастар игі шара ұйымдастырды. Қайрымдылық барысында көп балалы ана мен қарт аналарды арнайы құттықталып, мерекелік сый-сияпаттар табысталды.
Сонымен қатар, «Жаңару мен жаңғыру» күні аясында экологиялық акция, «Тазару күні» аясында Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында белсене қатысты. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және Наурызнама онкүндігі аясында тал егу жұмыстары жүргізілді. Игі шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудан ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, ерікті жастар қатысты.
Аудан әкімі Б.Сәрменбаевтың және ерікті жастардың қатысуымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Сырдария өзенінің жағалауы тазартылды.
«Таза бейсенбі» экологиялық акциясына Қалжан ахун ауылында орналасқан Қалжан ахун кесенесінің ауласын тазарту жұмыстарыа «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, «Сырдария жастары» еріктілер штабының мүшелері жалпы 30-дан астам азамат тазалық жұмыстарына атсалысты.
Шығармашыл жастарды қолдау мақсатында «Жайдарман» лигасы ауданымызда тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді.  Жастар ресурстық орталығы мен «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен жайдарман ойындарының «Маусымашар» фестивалі өткізілді.
Руханият орталығында жастар мен жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Ораторлық қабілет: сенімді сөйлеудің құпиялары» атты мастер-класс өтті. Шараның қонағы, спикері – «Bedel the oratory» ораторлық дамыту орталығының  негізін қалаушы Айжан Орынбасар өткізді.

ІV. Жастар кеңесі мен жұмысшы топ отырысы
Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы маусым,қараша айларында  өткізу жоспарланған .Осы жылдың Кеңес отырысының іс-шара жоспары аудан әкімімен бекітілген.
NEET санатындағы және маргинал жастармен жұмыс жасау жөніндегі жұмысшы топ отырысы құрылып, құқық қорғау органдарымен дербес бөлім басшыларымен, кент және ауылдық округі әкімдері енгізілді.
V.Волонтерлік бағыт
Қайырымдылық – 2,  қоғамдық – 13 шара ұйымдастырылып, 83 волонтер тартылды. Атап айтқанда:
Аудан волонтерларының қатысумен ата-бабамыздан қалған асыл дәстүр – кеусең арқылы Сырдария еріктілер штабының ұйымдастыруымен мұқтаж жандарға көмек көрсетілді
VІ. Әлеуметтік желі мен БАҚ-на ақпарат
Сырдария ауданы 2026 жылдың бірінші тоқсанында орталықтың ресми парақшаларында және бұқаралық ақпарат құралдарына 297 материал жариаланды. Атап айтсақ, ресми парақшалар «Facebook» әлеуметтік желісінде – 125, «Instagram» әлеуметтік желісінде –109, «Тik tok» әлеуметтік желісінде – 48 ақпараттық және бейнематериал жарияланса, аудандық «Тіршілік тынысы» сайтында-8, «Тіршілік тынысы» газетінің санында-7 мақала жарық көрді.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2025  жылдың IV тоқсанында атқарған жұмыстары

І. Жалпы ақпарат

Сырдария ауданы бойынша, статистикалық мәліметке сәйкес, 2025 жылға  37837 халық, оның ішінде 14-35 жас  аралығында  12257 жастар. Аудан халқының   32,3 пайызын құрайды.

Мемлекеттік жастар саясатын аудан көлемінде «Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-і жүрізіп келеді.

Қаржыландырылуы

2025 жылға мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 31756,0 мың теңге (2024 жылы 26830,0 мың тг) қаржы бөлінді. Аудандық қоғамдық даму бөлімі арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Мемлекеттік жастар саясатын жүргізу» жобасы бойынша 3 500,0 мың теңге (2024 жылы 3 400,0 мың тг) бөлінсе, «Мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық жарыстар ұйымдастыру» жобасы бойынша 1 млн 500 теңге  (2024 жылы 1 200,0 мың теңге) бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жұмыстар жүргізілуде.

Ахуал бойынша

Сырдария ауданы бойынша жалпы жағдай тұрақты деңгейде. Деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен немесе есепте тұрған жастар  тіркелмеген. Бұл бағытта тұрақты түрде түсіндіру, профилактикалық және ақпараттық жұмыстар жүргізіліп келеді. Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.     

ІІ.  Негізі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар

NEET санатындағы жастармен жұмыс:  Тізімге сәйкес аудан бойынша 555 жастың ішінде: Басқа тұрғылықты мекен жай - 10 жас, Қызылорда қаласы бойынша - 64 жас, 35 жастан асқан азаматтар - 43 адам, өзектендірілгені - 308, өзектендірілетіні - 74 жас, анықталмағаны - 56 жас. Отбасылық цифрлық картасында анықталған NEET санатындағы D - 35 және E - 42 санаттағы  бойынша 77 жастың 70-мен адрестік жұмыстар жүргізіліп, 9 жасты «Мансап» орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген, 3 - жас кәсібін ашқан, 16 жас уақытша жұмыспен қамтылған, үй шаруасындағы жас - 5 ,студент - 10, өзге елде жұмыс жасайтындар - 4, бей ресми жалдамалы жұмысшы - 30.

Бүгінгі күннің мәліметі бойынша Отбасылық цифрлық картасынан өзектендірілген жастар 65,81%-ды  құрап отыр. Дегенмен сауалнама бойынша аудандық жастар ресурстық орталығы мамандарының зерделеу жұмыстары нәтижесінде анықталған жастардың басым бөлігі студенттер, өз-өзін жұмыспен қамтыған жастар, жүкті жас аналар, кәсіпкер жастар, әскер қатарындағы жастар, өзге облысқа тұрмысқа шыққан жастар, өзге мемлекетте жұмыс жасайтын жас болып шықты. «Отбасылық цифрлық картасы» базасын өзектендіру бойынша үй-үйді аралау бойынша – 9 рет адрестік жұмыстары жүргізіліп, отбасылардың әлеуметтік жағдайына байланысты деректер нақтыланды. Жыл қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша үздік үштікте.

         Жұмыссыз жастар: Аудан бойынша ағымдағы жылы Мансап орталығына 1470 жас хабарласты. Оның ішінде 359 жас тұрақты жұмысқа орналасты, «Жастар тәжірибесімен» - 177 жас, «Әлеуметтік жұмыс орындарына» - 7 жас, «Қоғамдық жұмыстарға» - 129 жас тартылды.

         Жұмыссыз жастарды қолдау бойынша «Үздік бизнес идея» атты жобалар байқауы өтті.

         «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 110 жас жұмыспен қамтылды. Өздеріңізге белгілі «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын  200 жасты қамту жоспарланған. Алайда облыстық бюджеттен бөлінген қаржының жеткіліксіз болуына байланысты барлығы 110 жас қамтылып отыр.

         Пробация есебіндегі жастармен жұмыс: Сырдария ауданы бойынша қазіргі таңда 29 азамат тіркеліп отыр. Оның ішінде: Амангелді ауылдық округі бойынша - 3 жас, Бесарық ауылы - 6 жас, Тереңөзек кенті бойынша - 8 жас,  Ақжарма ауылы - 1 жас, Айдарлы ауылы - 2 жас, С.Сейфуллин ауылы бойынша - 1 жас, Қоғалыкөл ауылы - 4 жас, Шаған ауылы - 3. 

         Пробациялық есептегі жастардың қылмыс жасау деңгейін сараптайтын болсақ: ауыр қылмыс жасаған - 12 жас, орташа - 17. Аталған жастарды оңалту, психологиялық кеңес беру жұмыстары жүргізілді. 

         Бүгінгі күнге дейін 9 шара ұйымдастырылды. Атап айқанда:Жұмыспен қамту орталығы арқылы бос жұмыс орындарына бағыттау, қысқа мерзімдік курсқа тарту, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары барысында  кездесу – 1, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша, «Дәстүрдің қазақ қоғамындағы маңыздылығы», «Әлеуметтік желідегі діни радикалдық ақпараттардан сақтану» тақырыбында - 2 рет кездесу, TED X форматында кездесу - 1 өткізіліп, Руханият орталығының жұмыс барысымен танысты.

         Қоғамдық және мәдени іс-шараларға тарту барысында маусым айында  қол күрес сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздар алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар, психологиялық қолдау мен мен мотивациялық жұмыстар бағыты бойынша арнайы мамандардың қатысуымен семинар-тренинг – 1 , іс-шараларға тарту бойынша (3 спорттық шара) кіші футболдан турнир, үстел теннисі және гір көтеру сайыстары ұйымдастырылды.   

         Кәсіпкерлік бағыты: Аудан бойынша 2732 кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде 819-ы жас кәсіпкерлер.

         Аудандық Мансап орталығы арқылы 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігі бойынша - 129 адамды қамту жоспарланса, оның ішінде грант алған жастар саны - 37 ті құрады.

ІІІ. Өткізілген  іс-шаралар

         Қаңтар мен желтоқсан айы аралығында жалпы саны – 94 шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар  аясында 3619 жас қамтылды, оның ішінде  ақпараттық түсіндіру мен кездесулерге қатысқан – 1242 жас, спорттық мәдени іс-шараларға – 1511 жас, кеңес алған жастар саны - 866 жас қамтылды.

         Әлеуметтік патриоттық бағыты бойынша: Жеңістің 80 жылдығына орай «Тарихтан тағылым, ерліктен елдік» атты әскери - патриоттық сайыс, «Соғыстың соңғы солдаты!» ҰОС ардагеріне құрмет көрсету шарасы, Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында жүгіру марафоны мен челлендждер мен  «Әскери қызмет - ел қорғаны» атты кездесу өткізілді. Жыл басынан бері мерзімді әскери шақыру бойынша – 7 кездесу өтсе, әлеуметтік желілерге «Әскерге шақыруға» қатысты - 4 бейнероликтер жарияланса, ақпараттық 100 дана үнпарақтар таратылды.

         Құқықтық сауаттылықты  арттыру және заң талаптарын түсіндіру: Қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету мақсатында барлық білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кездесулер (17 рет) ұйымдастырылып, оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде (құқық бұзушылықтың алдын-алу, лудомания, суицид, есірткінің зияны туралы т.б.),

         «Киберволонтер» қадағалау-профилактикалық іс-шарасы аясында 4 шара өткізіліп, аудан тұрғындарына жадынамалар (200 дана) таратылды.

         Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында айына 2 рет мектеп оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Іс-шара барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері, оның алдын алу жолдары мен құқықтық жауапкершілік туралы жадынамалар 150 дана таратылып,  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жастар арасында кең таралған 7 тренд бейнеролик түсірілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

         Заң мен тәртіпті сақтау бағытында: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, жастарға қоғамдық тәртіпті сақтау және бағытталған түсіндіру жұмыстары 6 рет (рейд) және мереке немесе айтулы күндері түнгі рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

         Дәстүрлі түрде өтетін: Ұлттық спортты дамыту бағыты бойынша қазақ күресінен ІІІ рет «Сырдария барысы» турнирі өтсе, және отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Жас келіндер» сайысы ұйымдастырылды.

         Жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулу және оларды спортқа тарту мақсатында – 12 спорттық шара, жастармен еркін форматта кездесу – 6, «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында – 8 кездесу, бейнелеу мен шығармашылық іс-әрекетке негізделген «Арт терапия» атты жаңа жобасы – 10, жастардың интеллектуалды ой ұшқырлығын дамыту және бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Креативті бейсенбі» атты жоба негізінде – 10 шара және «Team building» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг – 6 шара (мақсаты – жастар ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру болып табылады), «Таза Қазақстан» республикалық акциясын кеңінен насихаттау, жастардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету және таза қоршаған ортаны қалыптастыру мақсатында түрлі форматтағы акциялар мен сенбіліктер – 11 рет ұйымдастырылды.

         Сонымен қатар «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай «Жұмысшы мамандық – еңбектің асқақ бейнесі» атты сұқбат тайм форматында кездесу – 1 рет, «Мамандығым - мақтанышым» атты арнайы мамандардың қатысуымен семинар-тренинг – 1, мастер-класс – 1 рет, және «Еңбек елдің - ертеңі» атты жұмысшы мамандықтар фестивалі өтті.

         Шығармашыл жастарды қолдау мақсатында «Жайдарман» лигасы ауданымызда тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді. Биылғы маусымда аудандық чемпионат аясында аудан көлемінен 9 команда және Жалағаш ауданынан 1 команда өнер көрсетті. Сонымен бірге, облыстық жоғары лигада ауданымыздың 1 командасы, сондай-ақ облыстық мектеп оқушылары арасындағы «Сыр лигасында» 1 команда қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. 2026 жылға арналған жоспар бойынша аудан құрамасын республикалық «Жайдарман» ойынына қатыстыру көзделуде.

ІV. Жастар кеңесі мен жұмысшы топ отырысы

         Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өткізу жоспарланған. Кеңес отырысының іс-шара жоспары аудан әкімімен бекітілген. ІІ отырыс 2025 жылдың 30 маусымында өткізіліп, жоспарға сәйкес 3 мәселе қаралды.

         NEET санатындағы және маргинал жастармен жұмыс жасау жөніндегі жұмысшы топ отырысы құрылып, құқық қорғау органдарымен дербес бөлім басшыларымен, кент және ауылдық округі әкімдері енгізілді. Сәуір және маусым айында 2 рет отырыс өткізіліп, отырыста 2 мәселе қаралды.

V.Волонтерлік бағыт

         Қайырымдылық және қоғамдық шаралар 12 шара ұйымдастырылып, 623 волонтер тартылды. Атап айтқанда:

         Аудан волонтерларының қатысумен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы (2 рет) және «Жақсылық жасап жарысайық», «Наурыз мейірімі» қайырымдылық  акциясы өткізілді. Сонымен қатар, «Жаңару мен жаңғыру» күні аясында экологиялық акция, «Тазару күні» аясында Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында белсене қатысты. Игі істер марафоны аясында қарт азаматтар мен жалғызбасты аналарға қолдау көрсету мақсатында олардың үй ауласын тазалау жұмыстары - 6, Д және Е санатындағы азаматтарды, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларды жеке жас кәсіпкерлердің қолдауымен 15 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.

VІ. Әлеуметтік желі мен БАҚ-на ақпарат

Ресми парақшалар «Facebook», «Instagram», «Тик Ток»әлеуметтік желісінде іс-шаралар - 94, ақпараттық және бейнематериал – 102 (тұтынушылардың құқығын қорғау-4, отбасы құндылығы-25, салт дәстүрді дәріптеу-3, жұмысшы мамандық-2, лудомания-3, интернет алаяқтық-11, төтенше жағдай-3, әскерге шақыру-5,заң мен тәртіп-2, ұлттық құндылықтар-9, инновация-2, ғылым мен білім-5, сыбайлас-3, меркелік құттықтау-12, дін мен дәстүрді дәріптеу-8, есірктінің зияны туралы-3, волонтерлік-2,) жарияланса, аудандық «Тіршілік тынысы» сайтында – 40-тан астам мақала жарық көріп, «Qazaqstan Qyzylorda» телеарнасында «Қайырлы күн,Қызылорда!» бағдарламасында сұқбат берілді. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы туралы «Qazaqstan Qyzylorda» телеарнасына ерікті әрі белсенді 2 жасымыз жеке сұқбат берді.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2025  жылдың III тоқсанында атқарған жұмыстары

І. Жалпы ақпарат

 Сырдария ауданы бойынша, статистикалық мәліметке сәйкес, 2025 жылға  37837 халық, оның ішінде 14-35 жас  аралығында  12257 жастар. Аудан халқының   32,3   пайызын құрайды.

         Мемлекеттік жастар саясатын аудан көлемінде  «Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-і жүрізіп келеді.  8 маман (директор - 1, есепші - 1, кеңесші – 5, жүргізуші - 1), кент және ауылдық округтер бойынша 14 маман жұмыс жасайы. (10-жастар ісі жөніндегі маман, 4-не қосымша жүктелген).

 Қаржыландырылуы

 2025 жылға мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 31756,0 мың теңге қаржы бөлінді. Жергілікті деңгейде жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалар туралы (атауы, ұтып алған ҮЕҰ, бөлінген қаржы, жоба аясында шаралар саны); Аудандық қоғамдық даму бөлімі арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Мемлекеттік жастар саясатын жүргізу» жобасы бойынша 3 500,0 мың теңге (2024 жылы 3 400,0 мың тг) бөлінсе, «Мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық жарыстар ұйымдастыру» жобасы бойынша 1 млн 500 теңге  (2024 жылы 1 200,0 мың теңге) бөлінді.

«Мемлекеттік жастар саясатын жүргізу» жобасы бойынша «Мирас» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанып, бүгінгі күнге 6 шара (кеңес беру – 3, спорттық шара – 3 ) ұйымдастырды.

Мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық жарыстар ұйымдастыру» жобасы бойынша «Алғыр ой» коммерциялық емес жеке қоры жеңімпаз атанып, бүгінгі күнге 6 шара өткізілді. Атап айтқанда: жүгіруден сайыс, дойбы, зіл темір көтеру, шахмат, «Спорттық спартакиада», дарс таудан спорттық шаралар өткізіліп, жеңімпаздарға Диплом мен қаржылай сыйлықтар берілді.

ІІ. Негізі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар

  1. NEET санатындағы жастар туралы: Отбасылық цифрлық картасында анықталған NEET санатындағы D және E санаттағы бойынша 95 жастың 65-мен адрестік жұмыстар жүргізіліп, 1 жас қайтыс болған, 7 жасты «Мансап» орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген, 1- жас кәсібін ашқан, 10 жас уақытша жұмыспен қамтылған. Бүгінгі күннің мәліметі бойынша Отбасылық цифрлық картасынан өзектендірілген жастар 74,31%-ды  құрап отыр. Дегенмен, сауалнама бойынша аудандық жастар ресурстық орталығы мамандарының зерделеу жұмыстары нәтижесінде анықталған жастардың басым бөлігі студенттер,өз-өзін жұмыспен қамтыған жастар, жүкті жас аналар, кәсіпкер жастар, әскер қатарындағы жастар, өзге облысқа тұрмысқа шыққан жастар, өзге мемлекетте жұмыс жасайтын жас болып шықты.

Бүгінгі күннің мәліметі бойынша Отбасылық цифрлық картасынан өзектендірілген жастар 74,31%-ды  құрап отыр.

​Оның ішінде: өзге елде жұмыс жасайтындар –3, үй шаруасында –3, бей ресми жалдамалы жұмысшы – 30, тіркелген жұмыссыздар -5, студент – 4 жас.

Жастардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы: Аудандық Мансап орталығы арқылы «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігі бойынша 139 адамды қамту жоспарланса, оның ішінде грант алған жастар саны – 20-ны құрады. «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша  11 жас білім алды.

Пробация бойынша: Сырдария ауданы бойынша қазіргі таңда 29 азамат тіркеліп, әр айдың 5-не түрлі бағытта қоғамдық және мәдени іс-шараларға қатысып келеді. Шілде-қыркүйек айында кіші футболдан турнир, үстел теннисі және гір көтеру сайыстары бойынша шара ұйымдастырылды.

ІІІ. Өткізілген  іс-шаралар

         Сәуір мен маусым айы аралығында жалпы саны - 65 шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар  аясында    2928 жас қамтылды, оның ішінде  ақпараттық түсіндіру мен кездесулерге қатысқан – 1474  жас, спорттық мәдени іс-шараларға – 800 жас , кеңес алған жастар саны - 353  жас қамтылды.

           12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай аудандық іс-шаралар жоспары бекітіліп, ұлттық онкүндік аясында 11 шара ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтті.

           «ЕркеZHAN» қыздар клубының ұйымдастырумен отбасы күніне орай «Салт пен сән» атты аудандық келіндер байқауы өткізілсе, «Менің Қазақстаным» акциясы аясында 40-ға трендтік бейнероликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерде жариялануда.

           Құқықтық сауаттылықты  арттыру және заң талаптарын түсіндіру: Қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету мақсатында барлық білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кездесулер (5 рет) ұйымдастырылып, оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

             «Киберволонтер» қадағалау-профилактикалық іс-шарасы аясында 4 шара өткізіліп, аудан тұрғындарына жадынамалар (500 дана) таратылды.

             Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында айына 2 рет мектеп оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Іс-шара барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері, оның алдын алу жолдары мен құқықтық жауапкершілік туралы жадынамалар 230 дана таратылып,  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жастар арасында кең таралған 5 тренд бейнеролик түсірілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

           Заң мен тәртіпті сақтау бағытында: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, жастарға қоғамдық тәртіпті сақтау және бағытталған түсіндіру рейдтік жұмыстары 4 рет жүргізілді.

ІV. Волонтерлік бағыт

 Қайырымдылық және қоғамдық шаралар 4 шара ұйымдастырылып, 103 волонтер тартылды. Атап айтқанда:

Аудан волонтерларының қатысумен «Жаңару мен жаңғыру» күні аясында экологиялық акция, «Тазару күні» аясында Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында белсене қатысты.

 VІ. Әлеуметтік желі мен БАҚ-на ақпарат

 Ресми парақшалар «Facebook» әлеуметтік желісінде - 23, «Instagram» әлеуметтік желісінде - 23  ақпараттық және бейнематериал жарияланса, Егемен Қазақстан газетінде «Жастарға жұмыссыздық сылтау емес» тақырыбында мақала, аудандық «Тіршілік тынысы» сайтында - 9 мақала жарық көріп, «Qazaqstan Qyzylorda» телеарнасында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2 рет түсірілім жұмыстары жүргізілді.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2025  жылдың II тоқсанында атқарған жұмыстары

Сырдария ауданы бойынша, статистикалық мәліметке сәйкес, 2025 жылға 37837 халық, оның ішінде 14-35 жас  аралығында 12257 жастар. Аудан халқының 32,3 пайызын құрайды.

         Мемлекеттік жастар саясатын аудан көлемінде «Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-і жүрізіп келеді. 7 маман (директор - 1, есепші - 1, кеңесші - 5), кент және ауылдық округтер бойынша 14 маман жұмыс жасайы.

         2025 жылға мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 31756,0 мың теңге қаржы бөлінді.        

         NEET санатындағы жастар туралы: «Отбасылық цифрлық карта» базасына сәйкес, NEET санатындағы жастарды анықтау және тіркеу бойынша 17 рет кент және ауылдық округтерде адрестік жұмыстар жүргізіліп, D және E санатындағы 101 жас анықталып (оның ішінде D – 56 жас, E – 39 жас), бүгінгі күнге дейін 6 жас (D-3, E-3) өзектендірілді. Бүгінгі күнге 95 жастың ішінде 46 жасқа адрестік жұмыстар жүргізіліп, статусы анықталды.

         Жұмыссыз жастар: «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша маусым айында 40 жас жұмыспен қамтылып, бөлінген кестеге сәйкес жұмыс жасауда. Тамыз айына дейін 3 кезең бойынша 110 жас қамтылатын болады.

         Пробация бойынша: Сырдария ауданы бойынша қазіргі таңда 32 азамат тіркеліп, әр айдың 5-не түрлі бағытта қоғамдық және мәдени іс-шараларға қатысып келеді. Сәуір маусым айы аралығында  3 шара ұйымдастырылды. Атап айқанда:

         Жұмыспен қамту орталығы арқылы бос жұмыс орындарына бағыттау, қысқа мерзімдік курсқа тарту, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары барысында кездесу – 1, қоғамдық және мәдени іс-шараларға тарту барысында маусым айында  қол күрес сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздар Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Өткізілген іс-шаралар

         Сәуір мен маусым айы аралығында жалпы саны - 40 шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар аясында 1212 жас қамтылды, оның ішінде  ақпараттық түсіндіру мен кездесулерге қатысқан – 544 жас, спорттық мәдени іс-шараларға – 435 жас , кеңес алған жастар саны - 233 жас қамтылды.

         2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Еңбек адамының беделін көтеру мақсатында «Жұмысшы мамандық - Еңбектің  асқақ бейнесі» тақырыбында сұқбат тайм, «Еңбек – елдің ертеңі» атты жастар жұмысшы мамандықтар фестивалі өткізілді.

          Құқықтық сауаттылықты  арттыру және заң талаптарын түсіндіру: Қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету мақсатында барлық білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кездесулер (5 рет) ұйымдастырылып, оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

         «Киберволонтер» қадағалау-профилактикалық іс-шарасы аясында 4 шара өткізіліп, аудан тұрғындарына жадынамалар (200 дана) таратылды.

         Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында айына 2 рет мектеп оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып келеді.

         Заң мен тәртіпті сақтау бағытында: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, жастарға қоғамдық тәртіпті сақтау және бағытталған түсіндіру рейдтік жұмыстары 5 рет жүргізілді.

         Қайырымдылық және қоғамдық шаралар 2 шара ұйымдастырылып, 61 волонтер тартылды.

         Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы тоқсанына бір рет өткізу жоспарланған. Кеңес отырысының іс-шара жоспары аудан әкімімен бекітілген. ІІ отырыс 2025 жылдың 30 маусымында өткізілді. Жоспарға сәйкес 3 мәселе қаралды.

         NEET санатындағы және маргинал жастармен жұмыс жасау жөніндегі жұмысшы топ отырысы 2 рет (сәуір, маусым) өткізіліп, отырыста 2 мәселе қаралды.

         Ресми парақшалар «Facebook» әлеуметтік желісінде - 63, «Instagram» әлеуметтік желісінде -63  ақпараттық және бейнематериал жарияланса, аудандық «Тіршілік тынысы» сайтында - 15 мақала жарық көріп, «Qazaqstan Qyzylorda» телеарнасында «Қайырлы күн,Қызылорда!» бағдарламасында сұқбат берілді.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2025  жылдың I тоқсанында атқарған жұмыстары

Сырдария ауданы бойынша, статистикалық мәліметке сәйкес, 2025 жылға  37837 халық, оның ішінде 14-35 жас  аралығында  12257 жастар. Аудан халқының   32,3   пайызын құрайды.

         Мемлекеттік жастар саясатын аудан көлемінде  «Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-і жүрізіп келеді.  7 маман (директор - 1, есепші - 1, кеңесші - 5), кент және ауылдық округтер бойынша 14 маман жұмыс жасайы. (10-жастар ісі жөніндегі маман, 4-не қосымша жүктелген).

Қаржыландырылуы

2025 жылға мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 31756,0 мың теңге қаржы бөлінді.         

ІІ. Негізі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар

 NEET санатындағы жастар туралы: «Отбасылық цифрлық карта» базасына сәйкес, NEET санатындағы жастарды анықтау және тіркеу бойынша D және E санатындағы 117 жас анықталып бүгінгі күнге дейін 23 жас өзектендірілді.

                  Пробация бойынша: Сырдария ауданы бойынша қазіргі таңда 25 азамат тіркеліп, әр айдың 5-не түрлі бағытта қоғамдық және мәдени іс-шараларға қатысып келеді.        «Дәстүрдің қазақ қоғамындағы маңыздылығы», «Әлеуметтік желідегі діни радикалдық ақпараттардан сақтану» тақырыбында 2 рет кездесу,  TED X форматында кездесу-1 өткізіліп, Руханият орталығының жұмыс барысымен танысты.

ІІІ. Өткізілген  іс-шаралар

         Қаңтар мен маусым айы аралығында жалпы саны - 47 шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар  аясында  1535 жас қамтылды, оның ішінде  ақпараттық түсіндіру мен кездесулерге қатысқан - 528, спорттық мәдени іс-шараларға - 511 , кеңес алған жастар саны - 214 жас қамтылды.

             Құқықтық сауаттылықты  арттыру және заң талаптарын түсіндіру: Қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету мақсатында барлық білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кездесулер 7 рет ұйымдастырылып, оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

                   Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында айына 2 рет мектеп оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Іс-шара барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері, оның алдын алу жолдары мен құқықтық жауапкершілік туралы жадынамалар 80 дана таратылды.

             Заң мен тәртіпті сақтау бағытында: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, жастарға қоғамдық тәртіпті сақтау және бағытталған түсіндіру жұмыстары 4 рет (рейд) жүргізілді.

ІV. Волонтерлік бағыт

 Қайырымдылық және қоғамдық шаралар 3 шара ұйымдастырылып, 92 волонтер тартылды. Атап айтқанда:

Аудан волонтерларының қатысумен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы (2 рет) және «Жақсылық жасап жарысайық», «Наурыз мейірімі» қайырымдылық  акциясы өткізілді.

 VІ. Әлеуметтік желі мен БАҚ-на ақпарат

 Ресми парақшалар «Facebook» әлеуметтік желісінде - 67, «Instagram» әлеуметтік желісінде - 67 ақпараттық және бейнематериал жарияланса, аудандық «Тіршілік тынысы» сайтында - 5 мақала жарық көрді.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2024  жылдың IV тоқсанында атқарған жұмыстары

Сырдария ауданы бойынша 2024 жылы 14 пен 35 жас аралығында барлығы 11 727  жасбар. Ұлдары - 6113, қыздары - 5104, 14-17 жас аралығы - 3136,18-34 жас аралығы - 8591 жас бар.

Мемлекеттік жастар саясатын жүргізуде жастар ресурстық орталығы арқылы ауданда жыл көлемінде түрлі форматта 178 шара ұйымдастырылып, 9723 жас қамтылды.

Аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан "Жайдарман лигасы" құрылды. Мақсаты –жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жастардың шығармашылық қабілетін арттыру болып табылады. Аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан "ЕркеZHAN" қыздар клубы, "Әкелер мектебі" құрылды. Мақсаты-отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру. "Кітап оқиық" клубы құрылып, еріктілер тарапынан кітап қоры жинақталып, үйден оқытылатын балаларға және дағдарыс орталығына таратылуда. "Сырдария жастары" еріктілер штабы құрылып, 3 мыңнан астам ерікті қайырымдылық жұмыстары және тазалық жұмыстарымен айналысуда.

Жыл басында Сырдария ауданы бойынша Республикалық база Отбасының цифрлық картасында анықталған NEET санатындағы жастарды мемлекеттік қолдау шараларымен жұмысқа орналастыру, қайта оқыту, кәсібін ашуға грант немесе кредит беру жұмыстарын жүргізу үшін NEET санатындағы 245 жастың тізімі келді. Тиісті мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарымен адресті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде тамыз айында 245 жастың тізімі 117-ге түсірген болатынбыз.

Қазіргі 11 желтоқсандағы көрсеткішпен Сырдария ауданы бойынша Отбасылық цифрлық картасында анықталған D және Е санаты бойынша 107 жас тізімі ұсынылды (оның D санатында-63, Е санатында-44). Көрсетілген санаттағы жастар бойынша адрестік жұмыстар жүргізілуде.

Аталған жастардың басым көпшілігі тұрғылықты жерде тұрмайтындығы және шетелде тұратындары анықталуда. Қазір тиісті ауыл әкімі мен учаскелік полицияның анықтамалары, көршілерінің қол хаттары алынуда. Бүгінгі күннің мәліметі бойынша «Отбасылық цифрлық» картасынан 65 жас өзектендіріліп, 62,39%-ды құрап отыр.

Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мен жастар арасында заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүруі бойынша 11 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, жастарға түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Бүгінгі таңда елімізде жұмыссыздық деңгейі жастар арасында өзекті мәселеге айналып жатқаны сөзсіз рас. Ауданымыздың еңбек нарығында жастарды еңбекке тарту, жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында түрлі бағытта жұмыстар жүргізіліп келеді. Аудан бойынша жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 4,3% болып отыр.

«Жасыл ел» жобасына 110 жас (маусым-тамыз) маусымдық жұмыспен қамтылады. «Жасыл ел» жобасы бойынша Сырдария ауданы 2 жыл қатарынан «Үздік аудан» номинациясымен марапатталды.

Аудан жастары көп қолданатын аудандық жастар ресурстық орталығының Тик-ток, Телеграмм, Инстаграмм, Фейзбук парақшаларында жұмыссыз жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау мақсатында бос жұмыс орындары туралы ақпараттар беріліп, жастарға арналған мүмкіндіктердің барлығы бейнероликтер арқылы тұрақты түрде жарияланып келеді.

            Жоспар бойынша жастарды әскер қатарына баруға қызықтыру және ынталандыру мақсатында «Жас сарбаздар» ұйымының 10 жасына формамен қамтамасыз ету, "Әскери қызмет - абыройлы міндет" атты жастардың әскери-патриоттық форумын өткізу жоспарлануда. Биылғы жылы №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің жанынан құрылған жас сарбаздарына табысталады.

        Ағымдағы жылдың желтоқсан айында аудан әкімінің «Өрлеу» жастар сыйлығын табыстау жоспарлануда.

        «Өрлеу» жастар сыйлығы 7 номинациядан тұрады:

        Атап айтқанда «Еңбек бригадасы», «Жас кәсіпкер», «Білім», «Әскери құқық қорғау», «Спорт», «Волонтерлық», «Мәдениет» салалары бойынша табысталатын болады.

            Алдағы уақытта жастар мәселелері бойынша жылдық жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарыла беретін болады.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2024  жылдың III тоқсанында атқарған жұмыстары

Аудан бойынша  14 пен 35 жас аралығында 11 747  жас бар. Оның ішінде жұмыссыз жастар саны - 231,.  Студенттер 2623, өзін-өзі қамтыған жастар саны-262, мүмкіндігі шектеулі жастар саны - 64, 14 жастан жоғары оқушылар саны-3255, жас кәсіпкерлер саны-642, түрлі мекемелерде тұрақты жұмыс жасайтын жас мамандар саны-2528, пробациялық есептегі жастар саны-6, жас отбасылар саны-337. 

Ұйымдастырылған іс-шаралар: Тамыз және қыркүйек айларында ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚОЛ КҮРЕСТЕН СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ және ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАР АРАСЫНДА СТРИТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ. Қауіпсіз мектеп жедел профилактикалық іс-шарасы аясында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу түнгі уақытта қала аумағында жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде Заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз және тұрғынжайдан тыс жерлерде болған жасөспірімдерді анықтау мақсатында, түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Ерікті жастарды қолдау мақсатында жастар орталығының ұйымдастыруымен "Ақыл BATTLE" сайысы өтті.

Пробация қызметінің есебінде тұрған 26 азамат тіркелді. Әр айдың 5 күні пробация есебіндегі азаматтармен кездесу ұйымдастырылып отыр.

 Сырдария ауданы бойынша Отбасылық цифрлық картасында анықталған NEET санатындағы жастарды мемлекеттік қолдау шараларымен жұмысқа орналастыру, қайта оқыту, кәсібін ашуға грант немесе кредит беру жұмыстарын жүргізу үшін NEET санатындағы  245 жастың тізімі келді. Жалпы көрсетілген отбасылық цифрлық картасымен ұсынылған арнайы ауданға қарасты ауылдық округтердегі жастардың үйлері толық араланып, тіркелмеген жұмыссыз, қайтыс болғандар, тіркелмеген жеке кәсіпкерлер, бейресми жұмыспен қамтылғандар және тіркеу орнында тұрмайтындармен адрестік жұмыстар жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданды.

Нәтижесінде 245 жастың тізімі 117-ге түсіп, оның 74 жастың өзектендіріліп, қазіргі таңда қалып отырған 43 жаспен адрестік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күннің мәліметі бойынша Отбасылық цифрлық картасынан өзектендірілген жастар 76,33%-ды құрап отыр.

Оның ішінде

Өзге елде жұмыс жасайтындар – 3;

Үй шаруасында – 12;

Бей ресми жалдамалы жұмысшы – 24;

Тіркелмеген жұмыссыздар -4;

Маусым айында Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі 2 кеңес отырысы өткізіліп, 6 мәселе қаралды.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2024  жылдың II тоқсанында атқарған жұмыстары

Аудан бойынша  14 пен 35 жас аралығында 10 490  жас бар. Оның ішінде жұмыссыз жастар саны - 231, маргинал жастар (яғни NEET жастар)  яғни 73 жастың  49-ы  жұмыспен қамтылып отыр. Қалған 24 жасты тұрақты жұмысқа орналастыру мақсатында аудандағы шаруашылықтар мен кәсіпкерлік субъектілерімен келіссіөздер жүргізілуде.  Студенттер 2623, өзін-өзі қамтыған жастар саны-262, мүмкіндігі шектеулі жастар саны - 64, 14 жастан жоғары оқушылар саны-3255, жас кәсіпкерлер саны-642, түрлі мекемелерде тұрақты жұмыс жасайтын жас мамандар саны-2528, пробациялық есептегі жастар саны-6, жас отбасылар саны-337. 

Еңбек бригадалары: Айдарлы ауылында  15 гектар (7 га картоп, 8 га бау-бақша), Аманкелді 6 гектар (4 га картоп, 2 га бау-бақша), Жетікөл 2 гектар (1 га картоп,1 га бау-бақша), Бесарық 20 гектар (15 га картоп, 5 га бау-бақша), А.Тоқмағанбетов  5 гектар жерге бау-бақша өнімдері егілсе, Іңкәрдария ауылында «Жастар бригадасы» құрылып, 5 гектар жерге бау-бақша дақылдары егілді.

Ұйымдастырылған іс-шаралар: Сәуір және маусым айларында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында  3 445,0 мың теңге бөлініп (ұтқан сумма 3 100,0 мың теңге), «Мирас»жастар ұйымы» ҚБ жеңімпаз атанып, бүгінгі күнге «Жастар лагері» мен «Сырдария барысы» қазақ күресінен аудандық турнир ұйымдастырылды.

Пробация қызметінің есебінде тұрған 26 азамат тіркелді. Әр айдың 5 күні пробация есебіндегі азаматтармен кездесу ұйымдастырылып отыр.

«Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде әлеуметтік мәртебесі анықталмаған 245 жаспен адрестік жұмыстар жүргізіліп, мәртебелері өзектендірілді (72,6%).

- үй шаруасында-19;

- ресми жұмыспен қамтылған-9;

- бейресми жалдамалы жұмысшы-35;

- қайтыс болғандар-1;

- тіркелмеген жұмыссыздар-1;

- 35 жасқа толған жастар-61;

- өзге мемлекетке кеткендер-3.

 «Жасыл ел» жобасына 110 жас (маусым-тамыз) маусымдық жұмыспен қамтылады. Оның ішінде 27 жас (маусым айы) кент орталығында тазалық жұмыстарына белсене қатысуда.

Маусым айында Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі  кеңес отырысы өткізіліп, 6 мәселе қаралды.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2024  жылдың I тоқсанында атқарған жұмыстары

Жалпы статистикалық мәлімет бойынша

Сырдария ауданы бойынша 14-35 жас аралығындағы 11727 жас бар. Сырдария ауданы халқының 30 пайызын жастар құрайды.

 Жастар ресурстық орталығы

Сырдария  аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі қызметкерлерінің штат бірлігі – 7. Кент және ауылдық округтерде 14 маман қызмет ақтаруда.

Қаржыландырылуы

2023 жылға мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 21072,0  мың теңге қаржы бөлінді.         

 Ұйымдастырылған іс-шаралар

Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу мақсатында қаңтар және наурыз айларында жалпы-33 шара (акция-8, кездесу- 16, түсіндірме жұмыстары-3, челлендж-2, адрестік жұмыстар-2, мерекелік құттықтау-2), өткізіліп, 365 жас қамтылды.

Пробация бойынша

Аудан бойынша 2024 жылға 14-35 жас аралығындағы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 26 азамат тіркелді. Әр айдың 5 күні пробация есебіндегі азаматтармен кездесу ұйымдастырылып отыр. Ақпан айында «Еңбек даңқы» музейінде экскурсия ұйымдастырылса, наурыз айында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 NEET санатындағы жастар туралы 

NEET санатындағы жастарды өзектендіру мақсатында  отбасылық цифрлық картасы іске қосылып, аудан бойынша NEET санатындағы 245 жастың (тұрақты жұмыспен қамтылған-10, бейресми жалдамалы жұмысшы-35,   тіркелмеген жұмыссыздар-1,  үй шаруасында-18, 35 жасқа толған жастар-53, өзге мемлекетке кеткендер-3, қайтыс болғандар-1) тізімі анықталып, 72,65 пайызды құрап отыр.

Аудан жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында орталық жанынан үстел үйірмесі, «Жайдарман» лигасы, «Әкелер» мектебі, «Кітап оқиық» клубы мен «ErkeZHAN»  қыздар клубы жұмыс жасауда.

Аудандағы жас кәсіпкерледі дәріптеу мақсатында «Таныс болыңыз» айдары ашылып, жас кәсіпкерлер насихатталып келеді.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2023  жылдың IV тоқсанында атқарған жұмыстары

Сырдария ауданы бойынша 14-35 жас аралығындағы 11727 жас бар. Сырдария ауданы халқының 30 пайызын жастар құрайды.

2023 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі ақпарат бойынша жұмыспен қамту мәселесі бойынша 805 азамат тіркелсе, оның ішінде 231 жас тұрақты жұмысқа, 8 жас әлеуметтік жұмысқа, 141 жас жастар практикасымен,116 жас қоғамдық жұмысқа орналасқан.

Сырдария ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары аудан әкімімен бекітіліп, бүгінгі күнге жалпы 82 шара ұйымдастырылып, оған 4274 жас қамтылса, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 9 шара ұйымдастырылып (форум-2, фестиваль-1, спорттық сайыс-3, кездесу-2, Жайдарман ойыны-1) ұйымдастырылып, 270 адам қамтылды.

Сонымен қатар, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында кеңес беру және мәдени, спорттық шаралар өткізілді. «Мүмкіндіктер алаңы» кеңес беру жобасы,«Tulga bol» жылжымалы жәрмеңкесі мен еңбек лагері ұйымдастырылып, денсаулықты сақтау және көтермелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Сырдария барысы», көкпар, «Жеңімпаз бол» денсаулық фестивалі ұйымдастырылып, 350 жас қамтылды.

         Жастар орталығы жанынан «Еркежан» қыздар клубы мен «Әкелер мектебі» клубы жұмыс жасауда.

Биыл республикада жастардың өңірлік базасы, яғни, отбасылық цифрлық картасы іске қосылып, аудан бойынша NEET санатындағы 245 жастың тізімі анықталып отыр. Бүгінгі күнге өзектендірілген жастардың ара жігі 56,73 % құрап отыр. Әлі де өзектендіруді қажет ететін 73 жас бар.

Қазіргі таңда Сырдария ауданы бойынша
22 азамат пробациялық бақылауға алынған. Аудандық пробация қызметі және аудандық жастар ресурстық орталығымен меморандум жасалып, шартты түрде сотталғандар мен бақылаудан бөлек, бас бостандығынан айырылғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында әр айдың 5 күні кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отыр. Әлеуметтік жоба аясында спорттық сайыс-3, семинар-2, маргинал жастармен 1 рет іс-шара ұйымдастырылып,
13 азаматқа әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілсе, «Юнисеф» бағдарламасы бойынша ұлттық тренер, «Сенімен болашаққа» РҚБ психологы Сымбат Абдрахманова 5 азаматқа психологиялық көмек көрсетілді.

Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мен жастар арасында заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүруі бойынша
9 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Жолда абай болыңыз!»  акциясы, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 17 шара (спорттық сайыс-2, кездесу-13, тренинг-2) ұйымдастырылып, 760 жас қамтылды.

Еңбек бригадалары. Республикада танылып жүрген жобалардың бірі бұл жастар еңбек бригадасы жобасы. Аудан әкімінің қолдауымен 6 ауылдық округте (Айдарлы, Аманкелді, Бесарық, Жетікөл, Шіркейлі, А.Тоқмағанбетов) жастар бригадалары құрылып, бригада қатарына 150 жас жұмыссыз азаматтар қамтылды.

Волонтерлік қызметті ұйымдастыруға жыл басынан бері 4000 ға жуық еріктілер қамтылды. Аудан бойынша 8 ерікті ұйым (А.Тоқмағанбетов, Бесарық, Іңкәрдария «Қамқор», Қалжан ахун, Жетікөл «J-jastar», Аманкелді «Жалын», Айдарлы, Н.Ілиясов, Ақжарма, Сырдария «Сырдария жастары») құрылған. Еріктілердің ұйымдастырумен 1 рет фестиваль, 1 рет акция, 5 рет қайырымдылық акциясы өткізілді. Тұрмысы төмен отбасыларына, жалғызбасты көпбалалы аналар мен жалғызбасты қарттардың үй жайларына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аманкелді  ауылынан құрылған "Жалын" еріктілер штабы облыс бойынша үздік атанып, "Жыл волонтері" сыйлығының "Ерен еріктілік" номинациясының иегері атанды.

Аудан бойынша 220 жас уақытша жұмыспен қамтылып, кент орталығындағы көшелерде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Облыс бойынша Сырдария ауданы «Жасыл ел» еңбек жасағы үздік деп танылып, 1 орыннан көрінді. «Үздік сарбаз» бен «Үздік жетекші» номинациясымен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 9 қараша күні «Ел тірегі - жастар» атты аудан жастарының дәстүрлі ХV форумы өтті. Форум барысында аудан әкімі Б.Сәрменбаевтың арнайы құттықтау хаты мен әр салада қызмет етіп жүрген үздік 10 жас Алғыс хатпен, 10 жас аудан әкімінің «Өрлеу» сыйлығымен марапатталды.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2023  жылдың IІI тоқсанында атқарған жұмыстары

Сырдария ауданы бойынша 14 пен 35 жас аралығында барлығы 11 727  жас бар.

            Оның ішінде жұмыссыз жастар саны - 495, маргинал жастар ( NEET) – 12, жастар тәжірибесімен-114 , қайтарымсыз грант алған - 25, тұрақты жұмысқа орналасқан - 160, әлеуметтік жұмысқа орналасқан - 11, қоғамдық жұмысқа тартылған - 221, студенттер- 2923, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар саны-262, мүмкіндігі шектеулі - 64, 14 жастан жоғары оқушылар - 1751, жас кәсіпкерлер саны - 648, бөлімдер мен  мекемелерде жұмыс жасайтын жас мамандар - 2 528, мемлекеттік қызметшілер – 26, пробациялық есепте - 17, жас отбасылар - 461 құрайды. Бұдан бөлек, «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік бағытында 168 жас оқытылды.

Ауданға қарасты 7 ауылдық округтен (Шіркейлі, Айдарлы, А.Тоқмағанбетов, Аманкелді, Бесарық, Жетікөл, Қоғалыкөл ) жастар бригадалары қайта құрып, олардың қатарында жұмыссыз, НЕЕТ санатындағы жастар және пробация есебінде тұратын жастар жұмыс жасауда. Жастар бригадаларына 150-ге тарта жас тартылып, барлығы 40 гектар жер беріліп, 25 гектарына картоп дақылын және 15 гектарына бақша дақылдары егілді.

Жыл басында Сырдария ауданы бойынша Республикалық база Отбасының цифрлық картасында анықталған NEET санатындағы жастарды мемлекеттік қолдау шараларымен жұмысқа орналастыру, қайта оқыту, кәсібін ашуға грант немесе кредит беру жұмыстарын жүргізу үшін NEET санатындағы 245 жастың тізімі келді.

            Алайда тізімдегі 245 азаматты тексеру барысында көптеген жастар Отбасының цифрлық картасы тізімнен алынды:

            Оның ішінде,

           Тіркелмеген жеке кәсіпкер – 19;

            Үй шаруасында – 24;

            Тіркеу орнында тұрмайды - 45;

            Бей ресми жалдамалы жұмысшы – 80;

            Қайтыс болғандар –1;

            Студент – 5;

            Тіркелмеген жұмыссыздар - 12;

             35 жасқа толған жастар - 48

            Тұрақты жұмыс жасайтындар - 11;

 Жалпы көрсетілген тіркелмеген жұмыссыз 12  жаспен адрестік жұмыстар жүргізіліп, жұмыспен қамту шаралары жүргізілді. Алдағы уақытта аталған жастарды да кәсіпке балу, жұмысқа орналастыру секілді шаралар қабылданады.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2023  жылдың IІ тоқсанында атқарған жұмыстары

Сырдария ауданы бойынша 14 пен 35 жас аралығында барлығы 11 727  жас бар.

            Оның ішінде жұмыссыз жастар саны - 320, маргинал жастар (яғни NEET жастар) саны 15, жыл басынан бері жастар тәжірибесінде жүрген жастар саны - 26, қайтарымсыз грант алған жастар саны - 4, тұрақты жұмысқа орналасқан жастар саны - 49, әлеуметтік жұмысқа орналасқан жастар саны - 8, қоғамдық жұмысқа тартылған жастар саны - 107, студенттер 2 623, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар саны-262, мүмкіндігі шектеулі жастар саны - 64, 14 жастан жоғары оқушылар саны-3 255, жас кәсіпкерлер саны - 433, түрлі мекемелерде тұрақты жұмыс жасайтын жас мамандар саны - 2 528, мемлекттік қызметшілер – 26, пробациялық есептегі жастар саны- 54, жас отбасылар саны-381 құрайды. Бұдан бөлек, «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік бағытында 49 жас оқытылды.

Ауданға қарасты 7 ауылдық округтен (Шіркейлі, Айдарлы, А.Тоқмағанбетов, Аманкелді, Бесарық, Жетікөл, Қоғалыкөл а/о) жастар бригадаларын қайта құрып, олардың қатарында жұмыссыз, НЕЕТ санатындағы жастар және пробация есебінде тұратын жастар жұмыс жасауда. Осы жастар бригадаларына 150-ге тарта жас тартылып, барлығы 40 гектар жер беріліп, 25 гектарына картоп дақылын және 15 гектарына бақша дақылдары егілуде.

Жыл басында Сырдария ауданы бойынша Республикалық база Отбасының цифрлық картасында анықталған NEET санатындағы жастарды мемлекеттік қолдау шараларымен жұмысқа орналастыру, қайта оқыту, кәсібін ашуға грант немесе кредит беру жұмыстарын жүргізу үшін NEET санатындағы 275 жастың тізімі келді.

            Алайда тізімдегі 275 азаматты тексеру барысында көптеген жастар Отбасының цифрлық картасы тізімнен алынды:

            Оның ішінде,

            Жұмыс жасайтындар  – 81;

            Үй шаруасында – 37;

            Тіркеу орнында тұрмайды - 58;

            Бей ресми жалдамалы жұмысшы – 16;

            Қайтыс болғандар –1;

            Мүмкіндігі шектеулі – 1;

            Студент – 7;

            Тіркелмеген жұмыссыздар - 33;

            Статусы мүлдем жоқ - 1;

            Жалпы көрсетілген 33 азаматпен аудандық аурухана, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық полиция бөлімі арқылы зерттеліп, қосымша адрестік жұмыстар жүргізіліп, жұмыспен қамту шаралары жасалды. Олардың ішінде қазіргі таңда 15 жас ғана НЕЕТ санатындағы жастар қатарында болып отыр. Бұл цифрды да жою жоспарда бар. Аудан бойынша жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 4,3 % болса, жыл аяғына дейін 3,9 %-ға төмендету көзделуде.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2023  жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары

  1. Жастар саны туралы жалпы статистикалық деректер

         Сырдария ауданы бойынша 2023 жылы 14 пен 35 жас аралығында барлығы11 727  жас анықталды. ұлдары - 6367, қыздары - 5360, 14-17 жас аралығы - 2909,

18-34 жас аралығы - 8818 жас бар.

  1. МЖС-да жұмыс атқаратын қызметкерлер саны

Қазіргі таңда, «Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-де  7 маман (директор - 1, есепші - 1, кеңесші - 5), кент және ауылдық округтер бойынша 14 маман жұмыс жасайды. (10-жастар ісі жөніндегі маман, 4-не қосымша жүктелген)

  1. ЖРО атқарылған шаралар туралы.

         Аудан көлемінде қаңтар-наурыз айларында 24 шара ұйымдастырылып, 1728 жас қамтылды.Сонымен қатар, жастар ресурстық орталығы жанынан "Жайдарман лигасы" құрылды.Мақсаты –жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу,жастардың шығармашылық қабілетін арттыру болып табылады.

  1. Құқықбұзушылық пен өз-өзіне қол салу бойынша толық ақпарат

         Қазіргі күні аудандық пробация қызметі есебіне 14-35 жас аралығындағы 29 жас тіркеліп отыр.

         Ағымдағы жылдың 3 айында аудандық пробация есебіндегі жасқа  психологиялық көмек көрсетілді.

  1. «NEET» санатындағы жастармен адрестік жұмысы мен нәтижесі туралы

  Аудандық жастар ресурстық орталығы - 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан бойынша маргинал (NEET санатындағы) жастарды анықтау мақсатында үйлерді аралау арқылы адрестік жұмыстар жүргізілді.

Сырдария ауданы бойынша Отбасының цифрлық картасында анықталған NEET санатындағы жастарды мемлекеттік қолдау шараларымен жұмысқа орналастыру, қайта оқыту, кәсібін ашуға грант немесе кредит беру жұмыстарын жүргізу үшін NEET санатындағы 275 жастың тізімі келді.

  Тізімдегі 275 азаматты тексеру барысында төмендегідей ақпаратты ұсынамын:

  ЖОО (жоғары оқу орындары) оқитын студенттер – 3;

  Мүмкіндігі шектеулі адамдар

(еңбекке жарамды)  – 2;

  Бас бостандығынан айырылғандар, сондай-ақ жазалау орындарында

(ТИЗО, үй.қамауға алу және т. б.) – 1;

  35 жастан асқандар – 1;

  Тіркелмеген жұмыссыздар – 21;

  Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар – 37;

  Жеке кәсіпкерлік пен шаруа қожалығында жұмыс істейді – 19;

  Үй шаруасындағы әйелдер – 56;

  Жұмысшы – 54;

  Қайтыс болған - 1;

  Тіркеу орнында тұрмайды - 68;

  Статусы мүлдем жоқ - 12;

  1. 6. Жастар ресурстық орталығы жанынан "Еркежан" қыздар клубы, "Әкелер мектебі" құрылды.Мақсаты-отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру.

  2. Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар.

         «Жастар тәжірибесіне»қазіргі кезең бойынша 21 жас жастар практикасы тізіміне тіркеліп, жас маман ретінде жұмыс жасауда.

         «Қоғамдық жұмыстарға»кент және ауылдық округтерінен 91 жас қоғамдық жұмысқа тартылып тиісті жұмыстарын жасауда.

         «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қазіргі таңда қаржы қаралып, құжаттар қабылдануда.

         «Бастау Бизнес»жобасы аясында кәсіпкерлік бағытында 49 жас оқытылды.

         Жұмыссыздық жөнінде аудандық жұмыспен қамту орталығына хабарласқан жастар саны -320.

  1. БАҚ-мен әлеуметтік желілер.

Жастар ресурстық орталығының атқарылған жұмыстары орталықтың әлеуметтік парақшалары: Фейсбук (syrdaria jastar resyrstyg ortalygy) барлығы 56 пост және 16 бейнаматериал, Инстаграм (syrdarya_jastary) барлығы 38 пост және 11 бейнематериал жарияланды.

Жастар саясаты мәселелері бойынша аудандық жастар ресурстық орталығының аудан әкімімен бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2022  жылдың ІV тоқсанында атқарған жұмыстары

Сырдария ауданы бойынша 2022 жылы 14 пен 29 жас аралығында 8144 жас бар, ол аудан халқының 27,0% құрайды. Оның ішінде маргинал жастар (яғни NEET) саны - 21, әскер қатырындағылар - 56, жасөспірімдер - 2015, жұмыспен қамтылғандар - 2218, өз-өзін жұмыспен қамтушылар-601, оқушылар - 1852, үй шаруасындағылар - 465, жұмыссыздар - 353, мүмкіндігі шектеулі-99, жас кәсіпкерлер - 313, мемлекеттік қызметшілер - 16, пробациялық есептегі жастар - 13, жас отбасылар - 126.
Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 1 рет кеңес отырысы өткізіліп, 3 мәселе хаттамаланды.
Осы орайда, аудан көлемінде қаңтар - желтоқсан айларында 138 шара ұйымдастырылып, 3342 жас қамтылды. Атап айтқанда, жастар арасында діни ағымдардың алдын алу - 10 кездесу; құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша пробация есебіндегі жастармен - 4 кездесу; спорттық шара - 7; жастармен кездесу - 15, қайырымдылық шара - 11; сенбілік - 15, түнгі рейд - 9, өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша - 5, мерекелік шара - 10, интеллектуалды ойын - 2 рет ұйымдастырылып, өткізілді. Әр түрлі бағыттар бойынша 3270 жасқа кеңес берілді.
Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 994 адам хабарласып, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 307 адам тартылды, оның ішінде 89 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Қазіргі таңда «Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша 220 жас жұмыс жасауда.
«Қоғамдық жұмыстарға» жыл басынан 704 адам қоғамдық жұмыспен қамтылды, оның ішінде 118-і жастар.
Аудандық жастар ресурстық орталығы мамандарының адрестік жұмыстар жүргізуінің нәтижесінде «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігі бойынша 300 адамды қамту жоспарланып, 276 адам грант иегері атанып, оның ішінде жастар саны - 148 - ді құрады.
Тұрақты жұмыс орындарына 185 жас жолдама алып, 110 жас жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, Ауданның жастары Қостанайдағы жағдайға байланысты гуманитарлық көмектер (азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек және тұрмыстық техника) жөнелтті.
Мұнан соң, Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастарын ұлттық спортқа тарту мақсатында 14-29 жас аралығындағы жастар арасында "Көкпар" сайысы ұйымдастырылды.
Ауданға қарасты А.Тоқмағамбетов және Аманкелді ауылдық округтерінде жастар бригадалары құрылып, шаруа қожалықтарымен екі жақты меморандумға отырды.
Жыл қорытындысында Сырдария ауданы жастарының "Жетістікке жетелейтін - Жаңа Қазақстан" атты дәстүрлі ХІV форумы өтіп, форум аясында 10 жас аудан әкімінің "Өрлеу" сыйлығымен марапатталып, 100 000 теңге сыйақыға ие болды.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2022  жылдың ІІI тоқсанында атқарған жұмыстары

Сырдария ауданы бойынша 2022 жылы 14 пен 29 жас аралығында 8144  жас бар, ол аудан халқының 27,0% құрайды.

         Аудандық жер қатынастары бөлімінің 2 қабатында   жастар ресурстық орталығы орналастырылып,  орталық базасында кеңес беру орталығы, коворкинг, кіші мәжіліс залы жастар үшін қызмет  жасауда.

         Ауданда жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында жастар ресурстық орталығына  жергілікті бюджеттен  17 млн 682 мың тг, әлеуметтік тапсырыс шеңберінде "Мемлекеттік жастар саясатын жүргізу" жобасына    3 млн тг қаржы бөлінді. 

         2022 жылдың қаңтар айында "Жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары" жасалып, аудан әкімімен бекітілді.  Жоспарға жыл соңына дейін ұйымдастыру  мақсатында 120 ға жуық  іс-шаралар мен жұмыстар енгізілсе, бүгінде оның 60 %- ы орындалып отыр.

         Жыл басынан бері 71 шара ұйымдастырылып, 1320 жас қамтылды.   Оның ішінде "Балалар жылы" аясында 21 шара "Жалын" тынығу лагері,  орталық алаң, Тағзым алаңдарында өткізілді. 

         Аудан бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8 % құрап отыр. Кент және ауылдық округі бойынша жұмыссыз жастардың тізімі жасақталып, тиісті әкімдіктермен оларды жұмыспен қамту, мемлекеттік бағдарламаларға тарту мен кәсіптік оқуларға жіберу жұмыстары жүргізіліп келеді.  Сонымен қатар, аудан және Қызылорда қаласындағы бос жұмыс орындары әлеуметтік желілерде жарияланып, жастарға ұсынылды.  Мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында аудандық кәсіпкерлік,өнеркәсіп және туризм бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, кәсіпкерлік палатасы мамандарының қатысуымен орталық және Тағзым алаңында кеңес беру шарасы ұйымдастырылды. Алдағы қыркүйек айында елді-мекендерді аралап ауыл жастарына көшпелі кеңес беру жұмыстарыжүргізіліп келеді.  

  NEET санатына жататын  жастармен жұмыс күн тәртібінен түскен емес. Ағымдағы жылы тіркелген NEET санатындағы  44 жастың 23-і мемлекеттік бағдарламаларға қатысып,  аудан жастарымен бірлесе қоғамдық жұмыстарға араласуда.          

Қалған 21 жасты мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатыстыра отырып, өздерінің қызығушылығына сәйкес жұмыспен қамту көздерімен жұмыс жасап келеміз. (ақпарат.«NEET» жастар-Шаған-8, Тереңөзек-1, Н.Ілиясов-1, А.Тоқмағанбетов-2, С.Сейфуллин-1, Айдарлы-2, Аманкелді-3, Қалжан ахун-1, Бесарық-2).

Сырдария ауданына қарасты Айдарлы, Шіркейлі, Ақжарма, А.Тоқмағанбетов, Шаған, Қоғалыкөл ауылдық округтерінде "Жастар бригадалары" құрылды. Бригада құру арқылы бүгінгі күнге дейін ауылдардың  90 жасы тұрақты жұмыспен қамтылып отыр (Айдарлы ауылы-8 жас, Шіркейлі ауылы-20 жас, А.Тоқмағанбетов ауылы -12 жас,  Ақжарма ауылы-15  жас  Шаған ауылы-15, Қоғалыкөл ауылы-20 жас) .

Бригада жастары ауылдағы инвесторлардың қолдауымен егін, жоңышқа егу,картоп, күріш, мақсары егіп,  құрылыс заттарын дайындау бағытында жұмыс жасауда.  Бригадаларда жұмыс жасайтын  жатсарға 80-120 мың теңге көлемінде айлық жалақы тағайындалған. 

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімімен бірлескен рейд жұмыстары жұма, сенбі және мереке күндері тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Өткен жылмен салыстырғанда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 67,1%-ға төмендеген.

Қазіргі күні аудандық пробация қызметі есебіне 14-29 жас аралығындағы 13 жас тіркеліп отыр. (Ақпарат:Тереңөзек кенті - 5, С.Сейфуллин ауылы - 1, Қалжан ахун ауылы - 1, Айдарлы ауылы - 2, Н.Ілиясов ауылы -1, Қоғалыкөл ауылы - 1, Шіркейлі ауылы - 1, Аманкелді ауылы - 2.) . Оларды отбасылық жағдайы жағдайы жақсы, орташа, нашар деп 3 топқа бөліп, отбасы жағдайы төмен 4 жасқа әлеуметтік көмектер беріліп, азық-түліктер  таратылды.  Пробация есебіндегі жастарды жұмыспен қамту квотасына сәйкес 3 жас жұмыспен қамтылды.Аталған жастардыоңалту, қоғамға бейімдеу мақсатында тұрақты түрде ай сайын психологиялық семинар тренингтер мен спорттық шаралар ұйымдастыруда.  

Сырдария ауданы бойыншажұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2427 оның ішінде жас кәсіпкерлер саны 642 болып, жалпы кәсіпкерлер үлесінің 25,0 пайызын құрайды.

Оларға «Микробизнес Қызылорда», «Агробизнес», «Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі және жастар ресурстық орталығы арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінде ниет білдірген жастар «Қолдау кз» платформасы арқылы гранттар мен несие алу үшін өтініміндерін тіркеу үстінде. 

Ағымдағы жылы ҰБТ-ге 352 бітіруші қатысып, оның 277-сі мемлекеттік грант иегері атанды. Оларға жастар ресурстық орталығы арқылы мемлекеттік оқу орындарымен фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілерінде тікелей эфирлер ұйымдастырылып, белгілі оқу орындарына шолу жұмыстары жүргізілді. 

Аудан тұрғындары мен жастарына арналған  132 дене шынықтыру және спорт нысандары жұмыс жасайды. Аудан бойынша  бүгінгі күнге дейін 63 дене шынықтыру және спорттық іс – шаралар өткізіліп, оған 6630 қатысушы тартылды.

Облыс жастарының көшбасшысы Абзал Қанбаевты еске алуға арналған турнирде аудандық ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығынан құралған команда жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, "Жалын" тынығу лагерінде демалушы жастарға арналған эстафеталық сайыстар ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Жастарды мәдени көпшілік шараларға қамту мақсатында  "Жастар кеші көңілді", "Ашық аспан астында" сынды кешкілік шаралар ұйымдастырылып келеді.

Сонымен қатар кент және ауылдық округі бойынша мәдениет үйлері мен кітапханалар жанынан коворкинг орталықтары ашылып, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану бағытында жұмыс жасап келеді.  Аудандық мәдениет үйі жанынан "Жастар театры" құрылып, көрермендерге қойылымдар ұсынуда. 

2022 жылы аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестіңіс-шаралар жоспары  жасалып,  аудан әкімімен бекітілді. Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің іс-шарлар жоспарына сәйкес, 2 рет кеңес отырысы өткізіліп, 5 мәселе қаралды. Бүгінде кеңес отырыс барысында берілген тапсырмалардың 83 % ы орындалып, қалғаны жыл соңына дейін аяқталатын болады.  


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2022  жылдың ІI тоқсанында атқарған жұмыстары

         Аудан бойынша 14 пен 29 жас аралығында 8144  жас бар, ол аудан халқының 27,0% құрайды. Оның ішінде маргинал жастар (яғни NEET) саны - 24, әскер қатырындағылар-56, жасөспірімдер-2015, жұмыспен қамтылғандар-2218, өз-өзін жұмыспен қамтушылар-601, оқушылар-1852, үй шаруасындағылар-465, жұмыссыздар-1200, мүмкіндігі шектеулі-99,  жас кәсіпкерлер - 313, мемлекеттік қызметшілер - 16, пробациялық есептегі жастар - 43, жас отбасылар -50 .

         2022 жылы ауданымызда жастар саясатын жүзеге асыру бойынша және аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің іс-шаралар жоспары аудан әкімі М. Ергешбаевпен бекітіліп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріліп, жұмыстар жасалуда.

         Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің іс-шарлар жоспарына сәйкес, 1 рет кеңес отырысы өткізіліп, 3 мәселе хаттамаланды.

         Осы орайда, аудан көлемінде мамыр-маусым айларында 74 шара ұйымдастырылып, 1894 жас қамтылды. Атап айтқанда, жастар арасында діни ағымдардың алдын алу - 2 кездесу; құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша пробация есебіндегі жастармен - 3 кездесу; спорттық шара - 14; жастармен кездесу - 11, қайырымдылық шара - 2;  түнгі рейд - 6, сенбілік-5, өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша - 3, мерекелік шара - 2, семинар  - 2 рет ұйымдастырылып, өткізілді. Әр түрлі бағыттар бойынша 24 жасқа кеңес берілді.

         Сонымен қатар, " Сонымен қатар, жастар ресурстық орталығы жанынан "Жайдарман лигасы" құрылды.Мақсаты –жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу,жастардың шығармашылық қабілетін арттыру болып табылады.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2022  жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары

Аудан бойынша 14 пен 29 жас аралығында 8144  жас бар, ол аудан халқының 27,0% құрайды. Оның ішінде маргинал жастар (яғни NEET) саны - 21, әскер қатырындағылар-56, жасөспірімдер-2015, жұмыспен қамтылғандар-2218, өз-өзін жұмыспен қамтушылар-601, оқушылар-1852, үй шаруасындағылар-465, жұмыссыздар-353, мүмкіндігі шектеулі-99,  жас кәсіпкерлер - 313, мемлекеттік қызметшілер - 16, пробациялық есептегі жастар - 14, жас отбасылар - 341.

2022 жылы ауданымызда жастар саясатын жүзеге асыру бойынша және аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің іс-шаралар жоспары аудан әкімі М. Ергешбаевпен бекітіліп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріліп, жұмыстар жасалуда.

Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің іс-шарлар жоспарына сәйкес, 1 рет кеңес отырысы өткізіліп, 3 мәселе хаттамаланды.

Осы орайда, аудан көлемінде қаңтар-наурыз айларында 31 шара ұйымдастырылып, 750 жас қамтылды. Атап айтқанда, жастар арасында діни ағымдардың алдын алу - 2 кездесу; құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша пробация есебіндегі жастармен - 1 кездесу; спорттық шара - 1; жастармен кездесу - 11, қайырымдылық шара - 2; сенбілік - 4, түнгі рейд - 2, өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша - 3, мерекелік шара - 1, интеллектуалды ойын - 2 рет ұйымдастырылып, өткізілді. Әр түрлі бағыттар бойынша 36 жасқа кеңес берілді.

Сонымен қатар, "Еріктілер штабы" жанынан азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек және тұрмыстық техниканы қабылдайтын "Қайырымды жандар бұрышы" тұрғындардан жиналған заттар - қажет еткен жандарға таратылуда.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2021 жылдың ІV тоқсанында атқарған жұмыстары

2021 жылы ауданымызда жастар саясатын жүзеге асыру бойынша ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары аудан әкімімен бекітіліп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріліп, жұмыстар жасалды.

Осы орайда, аудан көлемінде 109 шара ұйымдастырылып, 1895 адам қамтылды. "Жұмыспен қамту", "Дипломмен ауылға", "Серпін", "Жасыл ел" және кәсіпкерлік бағыттары бойынша - 102 жасқа кеңес берілді.        

Жылды қорытындылау мақсатында аудан жастарының "Келешек. Мақсат. Жеңіс" атты дәстүрлі XIII форумы өтті. Шараға өз ісімен қоғамға пайда әкеліп, өзгелерге үлгі болып, белсенділік танытқан жастар мен сала басшылары қатысты. Форум барысында ауданымызда әртүрлі сала бойынша белсенді қызмет жасап жүрген 10 белсенді жас аудан әкімінің "Өрлеу" жастар сыйлығымен марапатталып, естелік статуэтка, 100 мың теңгелік сертификат табысталды. Сонымен қатар, жастар саясатының дамуына үлес қосқан 20 жас облыстық жастар ресурстық орталығының "Алғыс хатымен" марапатталды.

Орталықтың "Еріктілер штабы" жанынан азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек және тұрмыстық техниканы қабылдайтын "Қайырымды жандар бұрышы" ашылып, тұрмысы төмен отбасыларға таратылды.    

Аудандық пробация қызметі есебіне 14-29 жас аралығындағы 13 жас тіркелді. Аталған жастарды оңалту, психологиялық кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 67,1%-ға төмендеді.

Сырдария ауданы бойынша 10 240 жас бар. Оның ішінде жұмыссыз жастар саны – 390. Оның 24-і NEET санатына жататын жастар. Аталған  24 жасқа әлеуметтік карта толтырылды.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2021 жылдың ІII тоқсанында атқарған жұмыстары

2021 жылы ауданымызда жастар саясатын жүзеге асыру бойынша ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары аудан әкімі Т. Дүйсебаевпен бекітіліп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріліп, жұмыстар жасалуда.

Осы орайда, аудан көлемінде қаңтар-қыркүйек айларында 89 шара ұйымдастырылып, 1628 адам қамтылды. Атап айтқанда, жастар арасында діни ағымдардың алдын алу - 6 кездесу; құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша пробация есебіндегі жастармен - 2 кездесу; спорттық шара - 5; жастармен кездесу - 50, кеңес беру - 5; оқыту курсы - 6; қайырымдылық шара, акция - 23; марафон -
3, сенбілік - 6, туристік сльет - 1, тікелей эфир - 7, түнгі рейд - 4, байқау - 4, өткізілді.

"Жұмыспен қамту", "Дипломмен ауылға", "Серпін", "Жасыл ел" және кәсіпкерлік бағыттары бойынша - 82 жасқа кеңес берілді.

Қазіргі күні аудандық пробация қызметі есебіне 14-29 жас аралығындағы 13 жас тіркеліп отыр.

Оның ішінде: Бесарық ауылдық округі бойынша-1 жас, Н. Ілиясов ауылы-1 жас, Тереңөзек кенті бойынша-4 жас,  Аманкелді ауылы-1 жас, Айдарлы ауылы - 1 жас, Ақжарма ауылы бойынша - 1 жас, Шіркейлі ауылы - 3 жас  Пробациялық есептегі жастардың қылмыс жасау деңгейін сараптайтын болсақ: ауыр қылмыс жасаған - 8 жас, орташа - 2, онша ауыр емес - 1. Аталған жастарды оңалту, психологиялық кеңес беру жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылмен салыстырғанда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 67,1%-ға төмендеген.

Сырдария ауданы бойынша  10 240  жас бар. Оның ішінде жұмыссыз жастар саны – 491. Жұмыссыз 491 жастың 24-і NEET санатына жататын жастар.

Оның ішінде: Айдарлы - 2, Шіркейлі - 2,   Шаған - 10,  Тереңөзек кенті - 10. Аталған  24 жасқа әлеуметтік карта толтырылды.

NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтудың экономикалық белсенді жастар санатына енгізудің бөлініс кестесіне сәйкес Сырдария ауданы бойынша 24 адамды тұрақты жұмысқа орналастыру  міндеттелсе, қазіргі күні тұрақты жұмысқа орналасқан жастар саны 
2, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1 жас жолданды. Аталған 23 жастың 
3-і  жұмыспен қамтылып отыр. Қалған 20 жасты тұрақты жұмысқа орналастыру мақсатында аудандағы шаруашылықтар мен кәсіпкерлік субъектілерімен келіссіөздер жүргізілуде.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 1246 адам хабарласып,  жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 529 адам қамтылды, оның ішінде 76 адам жұмыспен қамтылды.

 Нәтижелі  жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы:

Бірінші бағыты бойынша «Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға»
60 адамға облыстық бюджеттен қаржы қаралып, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы мамандықтар тізбесін бекіту жұмыстарын жүргізуде.

 Екінші бағыты бойынша «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігіне жоспарланған 200 адамға республикалық бюджеттен қаржы қаралып. 01 сәуірге 64 адам грант алды, оның ішінде 6-ы жастар.

«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курсына аудан бойынша
200 адамды оқыту жоспарланып бүгінгі күнге оқуға ниет білдірген 533 адам тіркелген оның ішінде 165 адам 29 жасқа дейінгі жастар.

Бағдарламаның «Шағын несиелендіру» тетігі бойынша
100 адамды қаржыландыру көзделіп, 01 тамызға 27 адам қаржыландырылды,оның ішінде 29 ға дейінгі 6 адам.

 Үшінші бағыты бойынша «Әлеуметтік жұмыс орындарына»
25 адамды қамтуға республикалық бюджеттен қаржы қаралып
01 тамызға 39 адам ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды, оның ішінде 8 –уі жас.

«Жастар тәжірибесіне» республикалық бюджеттен 150 адамға, облыстық бюджеттен 25 адамға қаржы қаралып, барлығы 175 адамды қамту көзделіп, 01 тамызға 72 адам жастар тәжірибесіне жолданды.

«Қоғамдық жұмыстарға» 460 адамды тарту үшін республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 01 тамызға
693 адам қоғамдық жұмыспен қамтылды оның ішінде 58 адам 29 жасқа дейінгі жастар.

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша қаңтар-наурыз айларында 55 маманға көтерме жәрдемақы жеке есеп шоттарына аударылды. Оның ішінде: білім саласы - 38 маман, мәдениет саласы -
4 маман, спорт саласы - 2 маман, агроөнеркәсіп кешені саласы -
3 маман, мемлекеттік қызметшы - 1 маман көтерме жәрдемақымен қамтамасыз етілді.

Тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несиеге қаржы бөлініп, қаржыландыру сәуір айынан басталды.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2021 жылдың ІI тоқсанында атқарған жұмыстары

Аудан бойынша 14 пен 29 жас аралығында 10240  жас бар, ол аудан халқының 27,0% құрайды. Оның ішінде маргинал жастар (яғни NEET) саны - 24, жас кәсіпкерлер - 219, жас мамандар - 2528, мемлекеттік қызметшілер - 21, пробациялық есептегі жастар - 16, жас отбасылар - 337.

Осы орайда, аудан көлемінде қаңтар-маусым айларында 62 шара ұйымдастырылып, 1400 жас қамтылды. Атап айтқанда, жастар арасында Оның ішінде: қайырымдылық акциялары-10 рет, Covid-19 індетінің алдын алу бойынша-7 рет,  рейд-13, психологиялық семинар -5 рет, туристік слет-1, спорттық шара-6 рет,  жұмыссыз жастармен кездесу-3 рет өткізілді. Сонымен қатар жастар ахуалын зерделеу мақсатында 3 рет онлайн сауалнама алынды. Әр түрлі бағыттар бойынша 62 жасқа кеңес берілді.

Сонымен қатар, жастар орталығы жанынанқазақ қыздарына сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, саламатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстанудың және болашақ ұлт анасы ретінде отбасы өміріне даярлау мен үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттіліктер үйрету көздейтін «ЕркеZHAN» қыздар клубы құрылды.

"Еріктілер штабы" жанынан азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек және тұрмыстық техниканы қабылдайтын "Қайырымды жандар бұрышы" ашылып, тұрғындардан жиналған заттар - қажет еткен жандарға таратылуда.

Жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру мақсатында сала мамандарымен сұхбат жүргізіліп, орталықтың фейсбук, инстаграм парақшаларында аптасына 1 рет тұрақты жарияланып отыр.

Сонымен қатар, жастар ресурстық орталығы жанынан "Әкелер мектебі" құрылды. Мақсаты- отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру болып табылады.

"Жасыл ел" бағдарламасы бойынша облыстық ішкі саясат басқармасы арқылы жұмыссыз және студент жастарды маусымдық жұмыспен қамту мақсатында 115 жасқа квота берілді. Квота бойынша 115 жас маусым-тамыз айларына дейін жұмыс жасайтын болады. Қазіргі күні маусымдық жұмысқа 130 жас тіркеліп отыр.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2021 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары

Аудан бойынша 14 пен 29 жас аралығында 10240  жас бар, ол аудан халқының 27,0% құрайды. Оның ішінде маргинал жастар (яғни NEET) саны - 24, жас кәсіпкерлер - 219, жас мамандар - 2528, мемлекеттік қызметшілер - 21, пробациялық есептегі жастар - 16, жас отбасылар - 337.

2021 жылы ауданымызда жастар саясатын жүзеге асыру бойынша ұйымдастырылатыніс-шаралар жоспары аудан әкімі Т.Дүйсебаевпен бекітіліп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріліп, жұмыстар жасалуда.

Осы орайда, аудан көлемінде қаңтар-наурыз айларында38 шара ұйымдастырылып, 820 жас қамтылды. Атап айтқанда, жастар арасында діни ағымдардың алдын алу - 5 кездесу; құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша пробация есебіндегі жастармен - 1 кездесу; спорттық шара - 2; жастармен кездесу - 15, кеңес беру - 3; Оқыту курсы - 2; қайырымдылық шара, акция - 8; марафон-1 сенбілік - 1 өткізілді. Әр түрлі бағыттар бойынша 62 жасқа кеңес берілді.

Сонымен қатар, жастар орталығы жанынанқазақ қыздарына сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, саламатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстанудың және болашақ ұлт анасы ретінде отбасы өміріне даярлау мен үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттіліктер үйрету көздейтін «ЕркеZHAN» қыздар клубы құрылды.

"Еріктілер штабы" жанынан азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек және тұрмыстық техниканы қабылдайтын "Қайырымды жандар бұрышы" ашылып, тұрғындардан жиналған заттар - қажет еткен жандарға таратылуда.

Жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру мақсатында сала мамандарымен сұхбат жүргізіліп, орталықтың фейсбук, инстаграм парақшаларында аптасына 1 рет тұрақты жарияланып отыр.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2020 жылдың ІV тоқсанында атқарған жұмыстары

Аудан бойынша 14 пен 29 жас аралығында - 10 210 жас бар, ол аудан халқының 26,2% құрайды. Оның ішінде: жұмыссыз жастар саны- 470, маргинал жастар (яғни NEET) саны - 32, студенттер - 2623, өзін-өзі қамтыған жастар - 262, мүмкіндігі шектеулі жастар - 64, 14 жастан жоғары оқушылар - 3255, ағымдағы жылы тіркелген жас кәсіпкерлер саны - 142 (жалпы-798), жас мамандар - 2528, мемлекеттік қызметшілер - 18, пробациялық есептегі жастар - 11, жас отбасылар - 337.

Сырдария аудандық Жастар ресурстық орталығымен 2020 жылдың 4 тоқсанында  12 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде: қайырымдылық шаралар-3,  кездесу-4, оқыту жұмыстары-2, еріктілер кездесуі -1, шеру-1, форум-1 рет ұйымдастырылды. 

2020 жылдың 26 қарашасы күні аудан әкімі Т.Дүйсебаевтың қатысуымен, Н.Ілиясов ауылдық округінде Волонтер жылын қорытындылауға арналған аудан жастарының форумы өткізілді. Форум еркін форматта өткізіліп, сала бойынша белсенді жұмыс жасаған 10 жасқа аудан әкімінің "Өрлеу" жастар сыйлығы және 100 мың теңгенің сертификаты табысталды.  Бұдан бөлек еріктілер жылында белсенді жұмыс жасаған 10 жасқа "Жыл еріктісі" номинациясы бойынша статуеткалар табысталды.  

16 желтоқсан-ҚР Тәуелсіздігі күніне орай  авто және атты шеру ұйымдастырылды. Автошеруге 29 автокөлік, атты шеруге 30 салт-аттылар қатысты.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2020 жылдың ІIІ тоқсанында атқарған жұмыстары

1.Стастикалық мәлімет

Аудан бойынша 14 пен 29 жас аралығында - 10 210 жас бар, ол аудан халқының 26,2% құрайды. Оның ішінде: жұмыссыз жастар саны- 470, маргинал жастар (яғни NEET) саны - 32, студенттер - 2623, өзін-өзі қамтыған жастар - 262, мүмкіндігі шектеулі жастар - 64, 14 жастан жоғары оқушылар - 3255, ағымдағы жылы тіркелген жас кәсіпкерлер саны - 142 (жалпы-798), жас мамандар - 2528, мемлекеттік қызметшілер - 18, пробациялық есептегі жастар - 11, жас отбасылар - 337.

2.Қаржыландыруы

2020 жылға жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында "Жастар саясатын жүзеге асыру" жобасына 2 млн тг қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. "Алғыр ой" коммерциялық емес жеке қоры" жоба жеңімпазы атанып, жұмыстар жүргізуде.

3.МЖС-да жұмыс атқаратын қызметкерлер саны

«Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 7 маман (директор-1, есепші-1, маман-5) жұмыс жасауда.

4.ЖРО атқарылған шаралар туралы

2020 жылдың  9 айында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 61 шара ұйымдастырылды.Оның ішінде: қайырымдылық акциялары-18 рет,   Covid-19 індетінің алдын алу бойынша-11 рет, еріктілер кездесуі-5 рет, рейд-8, психологиялық семинар -11 рет, Еріктілер штабының отырысы-3 рет, байқау-5  өткізілді.  

5.Құқықбұзушылық пен өз-өзіне қол салу бойынша ақпарат

Қазіргі күні аудандық пробация қызметі есебіне 14-29 жас аралығындағы 16 жас тіркелген. Оның ішінде: Тереңөзек кенті - 3 жас, Бесарық ауылдық округі - 1, Н.Ілиясов ауылы - 1, Аманкелді ауылы - 3, Айдарлы ауылы - 4, Ақжарма ауылы - 1, Шіркейлі ауылы - 2, Шаған ауылы - 1.  Пробациялық есептегі жастардың қылмыс жасау деңгейін сараптайтын болсақ: ауыр қылмыс жасаған - 10 жас, орташа - 2, онша ауыр емес - 1, қылмыстық теріс қылықты-3.  Аталған жастарды оңалту, психологиялық кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 67,1%-ға төмендеген.

6.NEET санатындағы жастармен адрестік жұмысы мен нәтижесі туралы.

Сырдария ауданы бойынша NEET санатына жататын жастар саны-32-ні құрап отыр. Оның ішінде: Шіркейлі - 4, Н.Ілиясов - 1, А.Тоқмағамбетов - 5, Шаған - 8, Тереңөзек кенті - 7, Аманкелді-7 жас.  Аталған 32 жасқа әлеуметтік карта толтырылды.


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2020 жылдың ІІ тоқсанында атқарған жұмыстары

Аудан бойынша 14 пен 29 жас аралығында 10120  жас бар, ол аудан халқының 26,2% құрайды. Оның ішінде маргинал жастар (яғни NEET) саны - 45, жас кәсіпкерлер - 219, жас мамандар - 2528, мемлекеттік қызметшілер - 18, пробациялық есептегі жастар - 11, жас отбасылар - 337.

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан көлемінде - 49 шара ұйымдастырылып, 2394 жас қамтылды. Атап айтқанда, жастар арасында діни ағымдардың алдын алу - 2 кездесу, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша пробация есебіндегі жастармен - 2 тренинг, байқау - 2, форум - 1, кездесу - 3, қайырымдылық шара, акция - 37, сенбілік - 2 өткізілді. Әр түрлі бағыттар бойынша 82 жасқа кеңес берілді.

Сәуір айында елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты аудан волонтерлері тұрғындарға 7250 бетперде таратып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кәсіпкерлердің қолдауымен 380 отбасына азық-түлік таратты. Сырдария ауданының ерікті жастары су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы, Мақтаарал өңіріне қайырымдылық көмек ретінде азық-түлік өнімдері сатып алынып, мұқтаждарға жіберілді.

"Еріктілер штабының" мүшелері Коронавирус (COVID-19) алдын-алу шараларына ақпараттық-танымдық материалдарды тұрғындарға таратып, халық көп шоғырланатын орындар, аялдамалар мен қоғамдық көліктерге жадынамалар орналдастырды.

Сонымен қатар, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе отырып, жаз мезгілдерінде суда түсу ережелерін сақтау мақсатында маусым айынан бастап рейд жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдар жариялануда.

Дата публикации
11 октября 2021
Дата обновления
19 октября 2026
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы