Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорына ұсынудың кезекті мерзімі

Құрметті Үкіметтік емес ұйым өкілдері!
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорына ұсынудың кезекті мерзімі басталғанын еске саламыз. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін жолдануы тиіс. ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады. ҮЕҰ Дерекқорына өз қызметі туралы мәліметтер ұсынбаған ұйымдар конкурстық рәсімдерге жіберілмейді.
Айта кетейік, ҮЕҰ Дерекқорына тіркелу ұйымдарға Қазақстандық ҮЕҰ-дың табысты жобаларымен танысуға, тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.
Мәліметтер «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы N51 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ұсынылады. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді келесі тәсілдердің бірімен ұсына алады:
ҮЕҰ Дерекқорының https://infonpo.gov.kz интернет-порталы арқылы (интернет-порталда авторизациядан өту ХҚКО-да алынған заңды тұлғаның ЭЦҚ кілтінің көмегімен мүмкін болады); Уәкілетті органға қағаз және электрондық тасығыштарда (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер Үйі», 15-кіреберіс).
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбау, уақытылы ұсынбау және толық емес немесе көрінеу, жалған мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.
                                                                                                                                    Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі

Дата публикации
23 января 2024
Дата обновления
23 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы