
|
№ |
Мәселенің мазмұны |
Орындалуы |
|
1
|
«Ақтам» каналын «Айдарлы ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне алу жұмыстарын жүргізсін |
«Ақтам» каналының қалған 9 шақырымы теңгерімге алып құжаттандыру үшін 1 180, 1 мың теңге қаржы қажет етілуіне байланысты Аудандық экономика және бюджеттік жолпарлау бөліміне 2023 жылға арналған Айдарлы ауылдық округі бюджетіне қосымша бюджеттік өтінім 19.12.2022 жылы №04-13/522 санды хатпен өтінім жолданды. Тиісті қаражат бөлініп, құжаттандырылды.
|
|
2 |
кәсіпкерлікпен айналысуға және егін егуге ниетті Айдарлы ауылының жастарына қолдау көрсетіп, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізсін |
«Байқоңыр ӘКК» АҚ-на инвестор тарту мақсатында, Айдарлы ауылдық округіндегі «Жетікөл-Жарма» каналының бойынан 700 гектар, «Ақтам» каналының аяқ жағынан 500 гектар жер учаскелері ұсынылды |
|
3 |
Пайдаланылмай жатқан жайылымдық жер учаскелерін ҚР «Жер кодексінің» талаптарына сәйкес мемлекет меншігіне қайтаруға жұмыстар жүргізсін |
Айдарлы ауылдық округі бойынша 2022 жылы 2 жер учаскесі 325,6 гектар 2023 жылы 5 жер учаскесі 586 гектар жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. |
|
4 |
Елді мекеннің мүмкіндіктерін жан-жақты зерделеп, инвестор тарту бағытында ұсыныс енгізсін |
«Байқоңыр ӘКК» АҚ-на инвестор тарту мақсатында, Айдарлы ауылдық округіндегі «Жетікөл-Жарма» каналының бойынан 700 гектар, «Ақтам» каналының аяқ жағынан 500 гектар жер учаскелері ұсынылды. Айдарлы ауылдық округі бойынша 27 гектарға картоп, 4 гектарға көкөніс, 79 гектарға бақша дақылдары егіліп. өнімдері жиналды |
|
5 |
Ауылдық округтегі шет аймақта орналасқан тұрғын үйлерді даму сызбасына енгізілуін және алдағы уақытта жер учаскелерін даму сызбасынан тысқары жерден берілмеуін қатаң қадағаласын |
Жетікөл ауылдық округтегі шет аймақта орналасқан тұрғын үйлерді даму сызбасына енгізілу мақсатында жер учаскелерін даму сызбасы кеңейтіліп, Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 21 тамыздағы №221 қаулысы және Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 тамыздағы №50 шешімі Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 тамыздағы № 8444-11 болып тіркелді.
|
|
6 |
Жайылымдық жерлерді суландыру мақсатында елді мекендегі көлдерге су жіберілуін қамтамасыз етсін |
Жайылымдық жерлерді суландыру мақсатында Аманкелді ауылдық округіндегі көлдерге су жіберу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта көлдер толық суланды |
|
7 |
Елді мекендегі аяқ су мәселесін жүйелі шешу мақсатында су мамандары мен ауыл ақсақалдарын тарта отырып, тазалау жұмыстарының жоспарын карта бойынша каналдар мен арықтар жүйесі бойынша баяндасын |
Елді мекеннің аяқ су мәселесін шешу үшінауыл ішілік «Хозцент» каналына «АКЗ ЛТД» ЖШС демеушілік есебінен жоба сметалық құжаттары жасалып, «Табиғат» мекемесіне өткізілді. «Хозцентр» каналының 2 шақырымына қазу, тазарту жұмыстары жүргізілді.
|
|
8 |
Кәсіпкерлікпен айналысуға және егін егуге ниетті Аманкелді ауылының жастарына қолдау көрсетіп, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізсін |
Ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.Ауыл жастарын егінге тарту жұмыстары бойынша 20 жастан құралған «Жастар Еңбек» бригадасы құрылды. Аманкелді ауылдық округі бойынша 26 гектарға картоп, 14 гектарға көкөніс, 18 гектарға бақша дақылдары егіліп. өнімдері жиналды.
|
|
9 |
төрт-түлік мал азығы бағасының негізсіз өсуін алдын алу бойынша облыстық мекемелермен тиісті жұмыстарды жүргізсін |
Сырдария ауданындағы жеке қосалқы шаруашылықтар үшін жем-шөп бағасын тұрақтандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдары мен кәсіпкерлік субъектілер арасында 3 жақты меморандумдар жасалынды. |
|
10 |
тұрғындар малын суару бағытында елді-мекендегі жеке көл иелерімен келіссөз жұмыстарын жүргізсін |
Бесарық елді мекеніндегі жеке көл иелерімен келіссөз жұмыстары жүргізіліп, ауыл тұрғындардың малын кедергісіз суарылатын болды |
|
11 |
Ауыл аумағындағы шаруашылық құрылымдарын ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізсін |
2022 жылы «Іңкәрдария Агро» фермер қожалығы мектепке жол акциясына-100 мың теңге, наурыз мерекесіне- 170 мың теңге, жаңа жыл мерекесіне орай балаларға сыйлыққа 150 мың теңге қолдау көрсеткен. 2023 жылы 8 наурыз мерекесіне орай алтын, күміс алған көп балалы аналарға заттай сыйлық берілді.
|
|
12 |
Өрт сөндіру көлігінің су алуына арнайы орын-жай белгілеу жұмыстарын жүргізсін |
Ақжарма елді мекенінің Ж.Домбаев көшесінде №1А мекен-жайында орналасқан НС ауласындағы №2 ұнғыма ғимаратынан төтенше жағдайлар кезінде өрт сөндіру көлігінің су алуына арнайы құбыр орнатуға құрал жабдықтарын әкелініп, қазіргі уақытта өрт сөндіру көлігінің су алуына арнайы құбыр орнатылды |
|
13 |
Пайдаланылмай жатқан жайылымдық жер учаскелерін ҚР «Жер кодексінің» талаптарына сәйкес мемлекет меншігіне қайтаруға жұмыстар жүргізсін |
Сырдария ауданы бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылымдық жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға жүргізілген түсіндірме жұмыстары нәтижесінде, Айдарлы ауылдық округі бойынша жалпы көлемі 586 гектар болатын 5 жер учаскесі жер пайдаланушылардың өз өтініштеріне сәйкес, Сырдария ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде мемлекет меншігіне қайтарылды.
|
|
14 |
елді мекенге кестеге сәйкес аяқ су берілуін қамтамасыз етсін |
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы дақылдарын сумен қамтамасыз ету үшін «Ақтам» каналымен 0,5 текше метр су жіберілуде |
|
15 |
2,5 пайызбен несие алыпкәсіпкерлікпен айналысуға және бақша дақылдарын егуге ниетті Айдарлы ауылының жастарына қолдау көрсетіп, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізсін |
Жастарға арналған 2,5 пайыз несие бойынша Айдарлы ауылынан 21-35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер 34,2 млн.теңгенің 7 жобасымен қаржыландырылды.
|
|
16 |
елді мекенде асфальт салынбаған көшелерді нақтылап, ЖСҚ демеушілер есебінен дайындауды қарастырсын |
2023 жылы Аманкелді ауылдық округінің даму сызбасы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта елді мекенде асфальт салу қажет ететін жаңа 13 көше нақтыланды. ЖСҚ дайындау жұмыстары жүргізілді. |
|
17 |
ауыл тұрғыны К.Бакированың жер үлестерін зерделеп, нәтижесін баяндасын |
Ауыл тұрғыны К.Бакированың жер үлесі жоқ екендігі жөнінде анықтама берілді |
|
18 |
Ауыл тұрғыны Т.Бердахманованың анасына қаржылай көмек көрсетуге және інісі Ө.Рүстемовтың оқу ақысын төлеуге демеушілер қарастырып, нәтижесін баяндасын |
Қызылорда медициналық колледжінің 2 курс студенті 2004 жылғы Рүстемұлы Өскеннің биылғы оқу ақысы төленді.Оқу ақысын туысқаны ШҚ "Жаңабай" арқылы төленді.
|
|
19 |
2,5 пайызбен несие алып кәсіпкерлікпен айналысуға және бақша дақылдарын егуге ниетті ауыл жастарына қолдау көрсетіп, сүйемелдеуді жүргізсін |
Ауыл жастарына 2,5 пайызбен несие алып кәсіпкерлікпен айналысуға түсіндіру жұмыстары толығымен жүргізіліп. Қоғалыкөл ауылынан 2023 жылға 5 жас кәсіпкер 22,6 млн.теңге несие алды. |
|
20 |
Бау бақша (алма) егетін ауыл тұрғындарына, субсидия алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізсін |
Қалжан Ахун ауылдық округіне қарасты «Қыдырбаев» ФҚ қарқынды алма бағын отырғызу үшін үкіметтен берілетін субсидия жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
|
|
21 |
Ауылды аяқ сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін иесіз деп танылған Ақарық каналын құжаттандыру жұмыстарын жүргізсін |
Сырдария ауданына қарасты аумағын «Ақарық» каналын иесіз мүлік ретінде анықтамасы алынды.
|
|
22 |
Мал азығы – шөптің қымбат және тапшы болуына байланысты шаруашылық құрылымдарымен келісім жасай отырып, төмен бағада жәрмеңке өткізілуін қамтамасыз етсін |
2023 жылдың 26 тамызында Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылдық округтерінде шөптің қымбат және тапшы болуына байланысты шаруашылық құрылымдарымен келісім жасай отырып, төмен бағада жем-шөп жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде 1250 пресс жоңышқа (1 данасы 700 теңге), 880 пресс қамыс шөп (1 данасы 400 теңге) сатылды.
|
|
23 |
елді мекен тұрғындарына кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар және «Ауыл аманаты» жобасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізсін |
Ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасын түсіндірме жұмыстары бойынша биылғы жылы Бесарық ауылынан 2023 жылы АӨК құрылып 27,6 млн.теңге қаржысын алды.
|
|
24 |
Ж.Нұрсейітов көшесінің бойына және сауда нысандарының алдына қоқыс салатын жәшік қоюды қамтамасыз етсін |
Ж.Нұрсейітов көшесінің бойына және сауда нысандарының алдына қоқыс салатын жәшіктері орнатылды.(қосымша суреттері жолданды)
|
|
25 |
елді мекен тұрғындарына кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар және «Ауыл аманаты» жобасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізсін |
Ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасын түсіндірме жұмыстары бойынша биылғы жылы Шіркейлі ауылынан 1 жеке кәсіпкер 4,5 млн.теңге қаржысын алды |
|
26 |
шаруашылық құрылымдарындағы егістік жерлермен бірге қоршалып кеткен жайылымдық жерлеріне түгендеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесімен шаруашылықтармен тиісті жұмыстарды жасасын, нәтижесін баяндасын |
Сырдария ауданы Ақжарма ауылы «Ақжарма и К» фермер қожалығының пайдалнуындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелер зерттеу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген артық қоршаланған жер учаскелері бойынша көтерілген ұсынысы бойынша қоршалған жерлері өзінің фермер қожалығының иелігіндегі жер учаскелерінің сәйкестендіру құжаттары бойынша қоршалғандығы анықталды |
|
27 |
тұрғындарға кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар және «Ауыл аманаты» жобасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізсін |
Кәсіпкерлік бөлімі тарапынан жұмысшы топ құрылып, ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
|
|
28 |
Қ.Сәтбаев көшесінің қалып қойған бөлігін толық асфальттау жұмыстарын жүргізсін |
Жобалық сметалық құжат бойынша жетпей қалған 75 метр жерді мердігер мекеме өз қаражаты есебінен асфальттап аяқтап берді. |
|
29 |
М.Қалымбетов көшесінің орташа жөндеу жұмыстарын толық аяқтасын |
Аталған көшеге асфальт жабындысы төселіп, жұмыстар толығымен аяқталды.
|
|
30 |
Қ.Баймағамбетов, А.Ағайдаров көшелеріне жаяу жүргінші жолын салу бойынша ұсыныс енгізсін |
2023 жылы Аманкелді ауылы Қ.Баймағамбетов, А.Ағайдаров көшелеріне жаяу жүргінші жолын салу бойынша ПИР жасалынды. 2024 жылға Сырдария аудандық экономика және қаржы бөліміне ЖСҚ жасату үшін бюджеттік өтінім берілді.
|
|
31 |
елді мекендегі тозығы жеткен су мұнарасы мен су құбырларына талдау жүргізіп, нәтижесі бойынша ұсыныс енгізсін |
Аманкелді ауылындағы А.Ағайдаров, Ж.Құлымбетов және А.Жанкин көшелеріндегі тозығы жеткен су құбырларын алмастыру бойынша РМК «Арал» СЖКБД мекемесі тарапынан 2022 жылы жоба сметалық құжаттар жасалып, ұсынылды. Алмастыру жұмыстары 2024 жылға жоспарланған. |
|
32 |
М.Есмаханов көшесіне және С.Майқанова көшесінің аяқ жағына орташа жөндеу жұмыстарының 2024 жылы сапалы салынуын назарда ұстасын |
Аталған мәселе аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан тұрақты бақылауға алынған. |
|
33 |
Спорт кешеніне жобалық-сметалық құжат әзірлесін |
Шіркейлі ауылдық округіне спорт кешенінің жобалық-сметалық құжатын 2024 жылға дайындау жоспарлануда |
|
34 |
Тұрғындарға өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу және тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер учаскелерін елді мекеннің даму сызбасынан тысқары жерден берілмеуін қатаң назарда ұстасын |
Тұрғындарға өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу және тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін жер учаскелерін елді мекеннің даму сызбасынан тысқары жерден берілмеуі қатаң назарда ұсталатын болады.
|
|
35 |
«Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының Шаған елді мекеніне кіреберісіне жол көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында, айналма көпір және мал өткелін салу жөнінде «ҚазАвтожол»АҚ ҰҚ Қызылорда облыстық филиалына ұсыныс енгізсін |
06 желтоқсанда «ҚазАвтоЖол ҰҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Е.Жүнісовке аудан әкімінің орынбасарының қолымен әзірленетін жобаға «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» авто жолының Шаған елді мекені тұсынан Тереңөзек кентіне апаратын жолға көпір айрығы орналастыруға және 3 елді мекендер тұсынан жол астына өтетін өткел енгізуге арнайы ұсыныс хат жолданды.Бүгінгі күні«ҚазАвтожол»АҚ ҰҚ Қызылорда облыстық филиалынан жауап хат келіп, назарға алынғандығы хабарланған.
|
|
36 |
ескі водозабордың қай мекеменің теңгерімінде екеніне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін баяндасын |
«Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесі, Ақжарма ауылдық округі әкімі аппаратының мамандарымен зерделеу жұмыстарына нәтижесінде аталған су қоймасының жер учаскесі 2021 жылдан бастап Ақжарма ауылдық округі әкімі аппаратының теңгерімінде және үстіндегі ғимараты «Жәрдем» ЖШС теңгерімінде екендігі баяндалды. |
|
37 |
Қайқы батыр көшесін күрделі жөндеуге 2024 жылға бюжеттік өтінімге қаржы бөлінуін қадағалап,нәтижесін баяндасын |
Бүгінгі күні облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 153,2 млн теңгеге 21.08.2023 ж № 06-2/1519 хатпен өтінім ұсынылған. Қазіргі таңда республикалық бюджеттен қаржысы бөлінуі күтілуде. |
|
38 |
Ауыл тұрғыны А.Молдахметоваға санаты бойынша тұрғын үй кезектілігін нақтылап беруді қамтамасыз етсін |
Бүгінгі күні ауыл тұрғыны А.Молдахметоваға «Халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы толық емес отбасы» санаты бойынша қазіргі таңда 128 реттік санымен кезектілікте тұрғандығы хабарланып, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Зағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлер тұрғылықты мекен-жайы бойынша кезектілікке сәйкес берілетіндігі хабарланған |
|
39 |
Жетікөл ауылындағы құрылысы аяқталмаған 2 тұрғын үйдің құрылысын толық аяқталуын қамтамасыз етсін |
2023 жылдың ақпан-маусым айлары аралығында құрылыс жұмыстары толық жүргізіліп, пайдалануға берілді. |
|
40 |
Шаған елді мекеніндегі Ә.Атақаев көшесіне асфальттау жұмыстарын жүргізсінлді мекеннің мүмкіндіктерін жан-жақты зерделеп, инвестор тарту бағытында ұсыныс енгізсін |
Ағымдағы жылы Шаған ауылындағы 12 көшенің жол құрылысына жоба әзірленіп, 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 06-2/862 хатпен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 1,3 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылған. Бүгінгі күнге аудандық бюджеттен 10,0 мың тг қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, жеңімпаз мердігер мекеме Ақтоған ЖШС-гімен келісім шарт жасалынды. Аталған жоба бойынша республикалық бюджеттен 2024 жылға қаржысы бөлінуі күтілуде. |
|
41 |
Айдарлы елді мекеніндегі Ш.Ілиясов пен М.Нұртаза көшесін орташа жөндеу жұмыстарына құжаттар әзірлесін |
Айдарлы елді мекеніндегі Ш.Ілиясов пен М.Нұртаза көшесін және Қ.Сатбаев көшесінің аяқ жағына жол құрылысы жұмыстарын жүргізу үшін демеушілік есебінен «СК КазГорСтрой» ЖШС арқылы жоба сметалық құжаты әзірленуде. |
|
42 |
С.Сейфуллин ауылының 2024 жылға ұсынылатын ауылішілік көшелерді күрделі жөндеу жобасын екіге бөліп, нәтижесін баяндасын. |
С.Сейфуллин ауылдық округіндегі А.Қосбармақұлы, Бәйтен батыр, Шортанбай би, И.Аханов, Сәрке батыр, А.Қарлыбай көшелерін күрделі жөндеу (жоба құны 188564,603 мың тг) және «Сәкен Сейфуллин ауылдық округіндегі Байназарұлы Ә, Арықұлы М, Әбілдаұлы З. көшелерінің (жоба құны 197021,415 мың тг) жолдарын күрделі жөндеу» бойынша 2 жоба әзірленіп, 08.12.2023 ж хатпен облыстық ЖК және АЖ басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. |
|
43 |
С.Сейфуллин ауылының Бәйтен батыр көшесіне қиыршық тасты жол салып беруді қамтамасыз етсін |
С.Сейфуллин ауылының Бәйтен батыр көшесіне қиыршық тасты жол салып беру туралы өтінішке сәйкес Ақтоған ЖШС-гімен демеушілік арқылы тас төселді. |
|
44 |
Тереңөзек кентіндегі Алма Оразбаева көшесін орташа жөндеу жұмыстарына құжаттар әзірлесін |
Тереңөзек кентіндегі Алма Оразбаева көшесін күрделі жөндеу бойынша Ремпроект ЖШС-гімен жоба әзірленіп, аталған тапсырма орындалды. |
|
45 |
Аманкелді елді мекеніндегі М.Қалымбетов көшесінің орташа жөндеу жұмыстарын толық аяқтасын |
Аманкелді елді мекеніндегі М.Қалымбетов көшесінің орташа жөндеу бойынша 1,2 км жолға асфальт жабындысы төселіп, тапсырма орындалды. |
|
46 |
Тереңөзек кентіндегі А.Тоқмағанбетов көшесін асфальттау, жарықтандыруға мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландыруға жсқ әзірлеп, нәтижесін баяндасын |
А.Тоқмағанбетов көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылы атқарылып, көше бөліктері асфальттанды. Көше жарықтандыру жұмыстары Тереңөзек кентінің электр желілерін жаңғырту жұмыстарына әзірленіп жатқан жобаға енгізіліп, атқарылатын болады. |
|
47 |
Тереңөзек кентіндегі көше комитеті жұмыстарын жандандырсын және кент көшелеріне видео камераларын қоюды қарастырып, нәтижесін баяндасын |
Тереңөзек кенті бойынша әрбір көшеден белсенді азаматтар белгіленіп, жергілікті қоғамдастық құрамына енгізілді. Жергілікті қоғамдастық отырысы әрбір тоқсан сайын өткізілуде. Кентке бейнебақылау камераларын орнату мақсатында арнайы мекемелерге ұсыныс берілді. Алдағы уақытта бейнекамера түрлері белгіленіп жоба әзірленетін болады. |
|
|
||||||
|
48 |
Аудан әкімінің орынбасары (Д.Байдушев), ішкі саясат бөлімі (Б.Смайлов) аудандағы саяси ахуалды және әлеуметтік желіні қатаң бақылауда ұстасын |
Қазіргі таңда Сырдария ауданы бойынша қоғамдық-саяси ахуал тұрақты негізде сипатталады. 2023 жылы наразылық тудыратын, көңіл толмаушылық танытуға ниет білдірген митинг, пикетке қатысты тікелей аудан әкімдігіне өтініш тіркелген жоқ. Аудан көлеміндегі шиеленісті жағдайлар толық бақылауға алынған. |
|
|||
|
49 |
Аудан көлеміндегі әлеуметтік нысандардың қалыпты жылу берілуін бақылауға алсын |
Барлық мектеп және балабақшалардағы жылу беру маусымы қалыпты деңгейде өтуде. Білім беру ұйымдарындағы отын қоры жеткілікті. |
|
|||
|
50 |
Мектеп асханасында сатылуға рұқсат етілген тағамдарды бақылауға алсын. |
Мектеп асханасында сатылуға рұқсат етілмеген тағамдарды сатпау жөнінде білім бөлімі тарапынан хат жолданып, мектеп басшыларының назарына қатаң тапсырылды. |
|
|||
|
51 |
Мектептердегі бейнекамераларға талдау жасап, жұмыс жасамайтын камераларды ішінара ауыстыру мәселесін шешсін |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығымен бекітілген нұсқаулығына сәйкес 17 мектепке 435 бейнебақылау камералары (265 ішкі, 170 сыртқы) орнатылып, 9 (№35,36,210,131,37, 126,135,132,137) мектеп аудандық полициябөлімінің орталықтандырылған жүйесіне қосылды. Қорытындысы тиісті сала орынбасарына хабарланды. |
|
|||
|
52 |
О.Мәлібаев елді-мекеніндегі дәрігерлік амбулатория ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізуді үйлестірсін. |
О.Мәлібаев елді-мекеніндегі дәрігерлік амбулатория ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қисайған қоршаулар түзетіліп, әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. |
|
|||
|
53 |
Сырдария аграрлы-техникалық колледжі ауласына тазалық жұмыстарын жүргізуді және ағаштардың әктелуін бақылауға алып, тиісті шараларды қабылдасын |
Сырдария аграрлы-техникалық колледжі ауласына аптасына 2 рет (сәрсенбі, сенбі күндері) тазалық жұмыстары жүргізілуде. |
|
|||
|
54 |
Семей полигоны, Ауған соғысы, Чернобыль зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлерге арналған ескерткіштің эскизін ұсынсын. |
2023 жылдың 26 сәуір күні ескерткіштің эскизі дайындалып, Чернобыль зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлерге арналған іс-шарада аудан әкімімен таныстырылды. |
|
|||
|
55 |
Аудан әкімінің орынбасары (Д.Байдушев), Тереңөзек кенті әкімі (Е.Бақтияров) жайлы мектеп орналасатын жер учаскесіндегі ескі ғимаратты бұзу жұмыстары қашан басталатынын нақтылап, баяндасын |
Жайлы мектеп жобасы бойынша сатып алынған үйлер жеке кәсіпкер Арықов Берікбол тарапынан бұзу жұмыстары бастады. |
|
|||
|
56 |
Төтенше жағдайлар бөлімі (Н.Бақтияр, к/б), «Жалын» тынығу лагерінде өрт қауіпсіздігі мен суға түсу аймақтарының талапқа сәйкестігіне тексеру жүргізу кестесін бекітіп, нәтижесін баяндасын. |
«Жалын» тынығу лагерінде өрт қауіпсіздігі мен суға түсу аймақтарының талапқа сәйкестігін анықтау мақсатында 2023 жылдың 1 маусым күні лагерь директорының хаты негізінде тексеру жұмыстары жүргізіліп, талапқа сәйкестігі анықталды. |
|
|||
|
57 |
Мектеп аумағындағы арамшөптерді шауып, талдарды балақтап,әктеп, санитарлық тазалығын бақылауда ұстасын. |
Мектеп аумағындағы арамшөптер шабылып, талдар балақталып, әктелді. Мектеп ғимараты мен ауласының санитарлық тазалығы қалпына келтірілді. |
||||
|
58 |
Мектеп ауласында орналасқан нысандардың (беседка, сырғанақ, түңгі жарықшамдар, әткеншек, урна) қалпына келтіріп, бекітілген түстермен сырласын. |
Мектеп ауласында орналасқан нысандар сырғанақ, түнгі жарықшамдар, әткеншек, урна қалпына келтіріп, бекітілген түстермен сырланды. Мектеп ауласындағы беседка авариялық жағдайда тұрғандықтан қайта жөндеуді қажет етеді. Беседканы қалпына келтіру үшін қажетті қаржы есептеліп, бюджеттік өтінім әзірленуде. |
||||
|
59 |
Жетекшілік ететін салалары бойынша барлық мекемелердің коммуналдық қызметтерге қалыптасқан қарыздарына талдау жасап, сапалы ақпарат ұсынсын |
Ауыз су тұтынуы бойынша әлеуметтік салаға қарасты мекемелер толық коммуналдық қызметтерге қалыптасқан берешек қарыздары толық өтелді. |
||||
|
60 |
Елді мекендегі коммуналдық қызметтер істен шыққан жағдайда дереу, ал жоспарлы жөндеу жұмыстары болған жағдайда алдын-ала әлеуметтік желілерге жариялауды үйлестірсін |
Елді мекендегі коммуналдық қызметтер істен шыққан жағдайда дереу, ал жоспарлы жөндеу жұмыстары болған жағдайда аудандық қоғамдық даму бөлімінің фейсбук, инстаграм әлеуметтік парақшаларына жарияланып, «Тереңөзек жаңалықтары, «ОлхТереңөзек» және басқа да ватсаб чаттарға тұрақты таратылуда.
|
||||
|
61 |
Аудандық ауруханамен (Ж.Үсенов, келісім бойынша), бірлесіп ауруханада медициналық персоналдар мен заманауи технологиялардың жетіспеушілігі жөнінде облыс әкімінің медицина саласына жетекшілік ететін орынбасары мен Облыс әкімі аппараты басшысының атына хат жолдасын |
Аудандық аурухана тарапынан ауруханада медициналық персоналдар жетіспеушілігі жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасына (О.Искаковқа) ғана хат жолданған. Дегенмен тапсырманы орындату мақсатында хат қайта дайындалып, облыс әкімінің орынбасары мен аппарат басшысына қайта жолданды. (20.12.2023 жылғы №04-4/3562 санды хат) |
||||
|
62 |
Аудан әкімінің орынбасары (Д.Байдушев), аудандық мәдениет және спорт бөлімі (Ж.Төрәлиев), аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы (А.Берікұлы), Қоғалыкөл ауылдық округінің әкімі (Б.Рақымбеков) ауылдық мәдениет үйінің шатырынан су ағуына байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізсін |
Қоғалыкөл ауылдық мәдениет үйінің шатырынан су ағуына байланысты ауыл әкімдігімен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал толыққанды жөндеуден өткізу үшін 2024 жылға жобалық сметалық құжаттары жасалуда. |
||||
|
63 |
Ауыл ардагерлерінің 50 пайызын жеңілдікпен демалыс орындарына баруын қарастырсын |
Ауыл ардагерлерін 2023 жылдан бастап «Бесарық» ЖШС демеушілігімен Акжигитов Акбар, Алжиков Ермек, Тасыбаев Игенберген, Бұзаубақов Жақсылық, Утепов Айтбай, Тельхозиев Ұзақ, Асатов Ахметжан, Файзуллаев Муса, Махмудов Кеңесбай және Искендіров Молдағали жіберілді |
||||
|
64 |
Амбулаториялық емхананың жылу қазандығын қатты отыннан сұйық отынға ауыстыру жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасынан пысықтап, 2024 жылға қаржыландыруға жоба сметалық құжаттамасын әзірлеп, нәтижесін баяндасын |
Амангельді дәрігерлік амбулаторияның қазандығын сұйық отынан қатты отынға ауыстыру жұмыстары, Қазандықты сатып алуға сатып алу порталына «баға ұсынысы» арқылы тендер жарияланып қойылды. Мердігер мекеме анықталысымен жұмыстар басталатын болады. |
||||
|
65 |
Аудан әкімінің орынбасары (Д.Байдушев), аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасы (С.Умирбаев), ОДСП «Арал» (Е.Дүзімбетов), ауылдық округі әкімі (С.Есдәулетов) бірлесіп ай сайын ауылдағы ауыз су сапасына сынамалар жүргізіп, нәтижесін тұрғындарға ақпараттандыру жұмыстарын жүргізсін .
|
Іңкәрдария ауылында ауыз су сапасын тексеру жұмыстары РМК "Арал СЖКБД" өндірістік бөлімшесі тарапынан тоқсан сайын жүргізіліп тұрады. Соңғы су құрамын тексеру жұмыстары нәтижесі бойынша ауыз су сапасы таза деп хаттама берілген. Хаттамаға сәйкес ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
|
||||