
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес Сырдария ауданы бойынша жалпы мемлекеттік қызметтерді 6 дербес бөлім және кент, ауылдық округ әкім аппараттары көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бүгінгі таңда аудандық жергілікті атқарушы органдары 63 қызмет түрін көрсетеді.
Сырдария ауданы бойынша 2023 жылдың 12 айында 8498 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 180 (2,0%)
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 448 (4,9%)
Электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 8498 (93,1%)
Аудан әкімі аппараты басшысының іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің сапасын арттыру бойынша мемлекеттік ішкі бақылау жүргізілді.
Ішкі бақылау кезінде бұзушылықтарды фактілері анықталған жоқ, себебі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы заңдылыққа сәйкес жүргізіліп, мерзімінде орындалып жатыр. Жыл көлемінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық мәдениет және спорт бөлімі, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Шаған, Н.Ілиясов және Ақжарма ауылдық округтерінде мемлекеттік қызметтің сапасына ішкі бақылау шарасы жүргізіліп, қызмет сапасын жақсартуға байланысты ұсынымдар енгізілді.
2023 жылдың 22 маусымында аудан әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингі бөлімінің ұсынуымен Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу және Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінде "Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындайтын сұрақтар, оларды шешу жолдары және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмыстары" туралы тақырыбында «Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі» КММ-нің мәжіліс залында Қоғамдық кеңес отырысы өтті.
2023 жылдың 14 шілдеде аудан әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингі бөлімінің ұйымдастырумен «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және 2023 жылдың 5 айында жүргізілген мониторингте орын алған кемшілікте туралы» семинар өтті. Семинарға Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы Жұмабаева Жанбота Дүйсенқызы және ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы Ақылбеков Нұрсұлтан Асылханұлы арнайы келіп қатысты. Семинарға барлығы 26 қызметкер қатысты.
2023 жылдың 26 шілдеде аудан әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтердің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында онлайн жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге жер қатынастары саласы, құрылыс және әскерге шақыру салаларының мамандары қатысты. Онлайн жәрмеңке Сырдария ауданы әкімдігінің «Facebook» парақшасы арқылы тікелей эфир форматынды өткізілді.
2023 жылдың 4 тамызда аудан әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингі бөлімінің ұйымдастырумен «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және 2023 жылдың 6 айында жүргізілген мониторингте орын алған кемшіліктер туралы» отырыс өтті. Отырысты аудан әкімі аппаратының басшысы Р. Шайхиевтің төралығымен өткізілді.
2023 жылдың 25 қыркүйегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингі бөлімінің ұйымдастырумен аудандық қоғамдық даму бөлімінің ғимаратында «Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері» туралы қоғамдық кеңес отырысы өтті.
2023 жылдың 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының тапсырмасына сәйкес, «Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметтерді көрсету саласына қатысты Сырдария ауданының қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.