
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы қаулысымен жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары бекітіліп, барлық мемлекеттік органдар үшін орындалуы міндетті алты үлгілік базалық бағыт айқындалды. Оның бірі - № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты.
Сырдария ауданы әкімдігімен есепті кезеңде №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыт бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді.
Сырдария ауданы әкімінің 19.01.2023 жылғы №17-Ө өкімімен № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының (әрі қарай – Үлгілік базалық бағыт) жоба жетекшісі (бас менеджері) болып аудан әкімі аппаратының басшысы белгіленді.
Үлгілік базалық бағытты аудан аумағында іске асыру мақсатында жоба жетекшісінің (бас менеджері) бұйрықтарымен № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыттың жобалар менеджерлері (07.03.2023ж. №42) айқындалып, 2023 жылға арналған
№4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру жобалар картасы (14.03.2023ж. №49) бекітілді.
Мәлімет ретінде:
1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау» жобалар тобы;
2) «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» жобалар тобы;
3) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобалар тобы;
4) «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау» жобалар тобы.
Бекітілген жобалар картасына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы нормаларын сақтау жобасы бойынша бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, ағымдағы жылдың 11-айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтамау фактілері орын алған жоқ. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жобасы бойынша аудан әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша қаңтар-қараша аралығында комплаенс офицермен барлығы 11 рет құқықтық оқыту ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған шаралардың барлығы фото-суреттерімен мекеменің әлеуметтік желісіне жарияланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жобасы бойынша 2023 жылғы I, II, III және IV тоқсанындағы аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырыстары өткізіліп, тиісті хаттамалық тапсырмалар беріліп, орындалуы жүзеге асырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» жобалар тобы бойынша 2023 жылы атқарылатын іс-шара жоспарына сәйкес жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылды.
Осы ретте, аудан тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында 14 кездесу, жастар арасында тақырыптық 24 шара өткізілді.
Жоспарға сәйкес әлеуметтік желіде «Сыбайлас жемқорлық ірілі – ұсақ болмайды, оның әрбір қадамы елімізде елеулі залал келтіретін апат» тақырыбында материал және «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «Пара берсең жазаланасың», «Өз болашағың өз қолында» атты бейнероликтер тұрақты түрде жариялануда.
Сонымен қатар, есепті кезеңде «Жемқорлықсыз әлем!» тақырыбы бойынша сурет салудан байқау ұйымдастырылды.
Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде арнайы тақырыптық айдар ашылып, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыптарында мақалалар тұрақты түрде жариялануда.
Ауданға қарасты әрбір ауылдық округте тақырыптық 1 билбордтан, аудан орталығында 2 билборд орнатылды (15 билборд).
Сонымен қатар, аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерге «1424» сенім телефоны орнатылса, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлықпен бірге күресейік», «Пара берсең, жазаланасың!» тақырыбында ақпараттық материалдар көрнекі жерлерге ілінді
Бұдан бөлек, «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» жобасы аясында үстіміздегі жылдың 29 қыркүйек күні Сырдария аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындары арасында «Парасатты отбасы» байқауы өткізіліп, нәтижесімен іріктелген жеңімпаздар арнайы диплом, сертификатпен марапатталды.
Сондай-ақ, осы жоба аясында ағымдағы жылдың қазан айында 13 ауыл округте кездесу ұйымдастырылып, кент орталығында семинар өткізілді. Спикерлер қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жасайтын уәкілетті органдардың мамандары, азаматтық қоғам өкілдері, заңгер және адвокаттар қатысты.
Сонымен қатар, аудан әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен есепті кезеңде барлық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен 12 семинар-кеңестер өткізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында және ішкі талдаудың сапалығына ерекше мән беру қажеттілігі бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту бағытында «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» Қызылорда облысы бойынша филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында 21 мемлекеттік қызметші оқытылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жобасы бойынша аудан әкімі аппараты, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер және оларға бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітілді.
Кестеге сәйкес, 2023 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында аудан әкімінің аппараты мен аудан әкімдігіне қарасты 8 дербес бөлімдерге ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін барлығы 35 тәуекел анықталды.
Сондай-ақ, анықталған тәуекелдерді жою мақсатында аталған мекемелермен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, аудан әкімдігінің ресми сайтына жарияланды.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды қажет ететін анықталған 30 тәуекелге қатысты ұсынымдарды тиісті орталық органдарға жолдау ұсыныс хаттары іс-шаралар жоспарында көзделген мерзімде жолданып, қажетті шаралар қабылданды.
Айта кететін жайт, жобалық басқаруды іске асыру нәтижелері бағалау жүйесі жүргізілетін жобалардың бірыңғай базасында (Easy Project) шоғырландырылған, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі бойынша мемлекеттік органдар мен басшылардың рейтінгі қалыптастырылады.
Облыс әкімі аппаратының ақпаратына сәйкес,
2023 жылдың 10 ай қорытындысымен Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 3 орынға көтерілді.
Осы ретте, №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты жобасы 2024 жылдан бастап кент және ауылдық округтер әкімінің аппараттарында жүргізілу жоспарлануына орай бағынысты квазимемлекеттік ұйымдарда комплаенс-қызметтері жүктелген мамандарды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» курсын оқытуды қамтамасыз ету мақсатында қаржы мәселесін шешу қарастырылуда.
Әкімдікке қарасты дербес бөлім басшылары, Тереңөзек кенті және ауылдық округ әкімдері орындаушылық тәртіп мәселесін қатаң бақылауда ұстап, берілген хаттамалық тапсырмалардың мерзімінде және сапалы орындалуын қадағалауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Жоғарыдағыларды қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл баршамыздың ортақ міндетіміз және жергілікті атқарушы орган саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында алдағы уақытта да пәрменді жұмыстар өз жалғасын табатын болады.