
2023 жылдың ІV тоқсанына аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы –449 өтініш түсті.
Келіп түскен барлық 449 өтініштің 172-і оң шешімін тапса, 277-іне заңға сәйкес түсініктер берілген.
Есепті кезеңде аудан әкімі аппаратына жоғары тұрған және құқық қорғау органдарынан және басқа мемлекеттік мекемелерден барлығы –72 өтініш келіп түскен.
2023 жылдың ІV тоқсанына жеке мәселелер бойынша барлығы 304 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның ішінде: 214 тұлға аудан әкімінің қабылдауында, 90 тұлға міндеттер бөлінісіне сәйкес аудан әкімінің орынбасарларының қабылдауында болып, өтініштері заңдылықтарға сәйкес қаралды.
Қабылдау барысында 168 азаматтың көтерген мәселелері оң шешімін тапса, қалған 136 азаматқа заңға сәйкес түсіндірмелер берілді.