
Осы жылдың яғни 2023 жылдын 01қазаннан бастап «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы»» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ХҚК бойынша бөлімдерде «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілмейді.
Ендігі кезекте қандас мәртебесін беру бойынша қызмет «е-Qonaq -Құтты мекен» атты мобильді қосымша немесе ҚР шетелдегі мекемелері арқылы алуға болады. Ол үшін қажетті құжаттар тізбесі:
-өтініш;
-еркін нысандағы өмірбаян;
-өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері және нотариалды куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы;
-жеке басын куәландыратын құжаттарда ұлты жазылмаған жағдайда, өтініш берушінің ұлтын растайтын басқа да құжаттар болуы керек.
Өтінішті жергілікті әкімдігі жанындағы құрылған комиссия қарастырады. Комиссия келесі шарттарды ескере отырып, қандас мәртебесін беру немесе бас тарту туралы шешім шығарады.
1.ҚР Үкіметімен белгіленген өңірлерге қоныстандыру үшін;
2.Демографиялық дамуға қажеттілігі бар ауылдық елді мекендерде, аудандық және облыстық қалаларда қоныстандыру үшін;
3.ҚР азаматтары болып табылатын өтініш берушінің отбасымен немесе жақын туыстарымен қауышу үшін;
4.Жұмыс берушінің шақыруы бойынша;
Қандас мәртебесін қарастыру мерзімі 35 жұмыс күн.
Ал егерде қандас мәртебесін ұзарту қажет болса «Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорациясына немесе Жұмыспен қамту әлеуметтік басқармасына өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.