
5 қараша күні аудан, облыстық маңызы бар қалалар әкімінің сайлауы Қызылорда облысының Сырдария және Шиелі аудандарында өтеді.
Бүгінгі күні Сырдария ауданында 22101, Шиеліде 50402 сайлаушы тіркелген. Әрбір азамат сайлау күніне дейін өзінің қай учаскеге тіркелгенін анықтай алады. Ол үшін saylau.orda.gov.kz сайтына кіріп, ЖСН нөмірін енгізсе жеткілікті.
Сайлаушылар үшін 24/7 режимде арнайы 109 бірыңғай байланыс орталығы қызмет жасайды. Диспетчер мамандар сайлау учаскесінің нөмірі мен аумағы және комиссия мүшелері туралы ақпаратпен бөліседі.
Ал, сайлау күні Сырдария және Шиеліде азаматтарды деректер базасынан анықтауға мүмкіндік беретін 16 сайлау учаскесінде онлайн сервис қызметтері қолжетімді болады.
Сырдария ауданы бойынша
Шиелі ауданы бойынша