Лого проект

Меню

Страницы

Статья

САЙЛАУ: ШИЕЛІ ЖӘНЕ СЫРДАРИЯДА 859 МҮГЕДЕКТІГІ БАР САЙЛАУШЫНЫҢ ДАУЫС БЕРУГЕ ҚҰҚЫҒЫ БАР

5 қараша күні Сырдария және Шиелі ауданы әкімінің сайлауы өтеді.

Сайлау күні Сырдарияда - 18, Шиеліде - 40 сайлау учаскесі қызмет атқаратын болады. Онда барлығы 388 комиссия мүшесі сайлау науқанын өткізуге атсалысады.

Сайлау өтетін учаскелердің барлығы талапқа сай жабдықталады. 20 қазаннан бастап учаскелер ашылып, сайлаушылар тізімдерімен жұмыс жасау басталады.

Комиссия мүшелері сайлаушылардан дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігіне өтініштер қабылдайды.  

Сайлау науқаны күні дауыс беруші азаматтарға қолайлы жағдайлар жасалады, ал мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы қолжетімділік болады.

Бүгінгі күні Шиелі ауданында - 560, Сырдарияда - 299 дауыс беруге құқылы мүгедекті бар азамат тіркелген. 

Барлық сайлау үйі бірінші қабатта орналасқан және ақпараттық портал inva.gov.kz-те қолжетімділік картасына енгізілген.

Дауыс беру үй-жайлары ішінде ақпараттық тақтада кандидаттар туралы негізгі ақпараттар көрсетіледі. Мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы кабиналар жасақталады және есту, көру қабілеті төмен азаматтарға құлаққаптар мен үлкейткіш құралдар алынады.

Бюллетенді дұрыс толтыру жолдары көрсетілген арнайы трафареттер, көру қабілеті төмен азаматтар үшін аудио форматтағы материал да қолжетімді болады.

Айта кетейік, Сырдария ауданында 22101, Шиелі ауданында 50402 сайлаушы тіркелген.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
19 октября 2023
Дата обновления
19 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы