Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда өңірінде «өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» атты арнайы сервис іске қосылды

Биыл республикада 45 аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланады. Пилоттық негізде бастау алған сайлау жергілікті мәслихат шешімімен Қызылорда облысында Шиелі және Сырдария аудандарында өткізіледі.

Бүгінде Сырдария ауданында 18, Шиелі ауданында 40 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Оларда 388 комиссия мүшесі қызмет атқаратын болады.

Екі ауданда сайлау өткізуге жауапты барлық комиссия мүшелері арнайы біліктілік оқытуынан өтті.  

Жергілікті әкімдік сайлаушылар тізімін жасауда белсенді жұмыс жүргізуде. Қыркүйектегі жағдай бойынша Сырдария ауданында – 22101, Шиелі ауданында – 50402 сайлаушы тіркелген.

Өңірде дауыс беретін азаматтар үшін «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» атты арнайы сервис іске қосылды.

Шиелі және Сырдария ауданының тұрғындары saylau.orda.gov.kz сайтына кіріп, ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай таба алады.

Сервисте учаскенің нөмірінен бастап комиссия құрамы мен мекен-жайы және байланыс деректері көрсетілген.

Мұнан бөлек, сайлаушылар үшін 109 бірыңғай байланыс орталығы да жұмыс істейді.

Диспетчерлер аудан әкімдерінің сайлауына қатысты тұрғындардың сауалдарына жауап береді.

Айта кетейік, 2 аудандағы аумақтық сайлау комиссиялары аудан әкімі болуға ниетті кандидаттардан ұсыным құжаттарын қабылдауды аяқтады.

Кандидаттардың ұсынылған құжаттары тексеруден өткеннен кейін тіркеу процесі жүргізіліп, үгіт кезеңі басталады.

©Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
06 октября 2023
Дата обновления
06 октября 2023
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы