
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік жобасы 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды ынталандыру болып табылады.
2022 жылға көтерме жәрдемақының мөлшері 100 АЕК мөлшерімен есептеліп, бір маманға 306,3 мың теңгені құрады. Яғни 106 маманға 32 467,8 мың теңге қаржы бөлініп, көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде денсаулық сақтау саласында 25 маман, білім саласында 61 маман, мәдениет саласында 8 маман, спорт саласында 6 маман, агроөнеркәсіп саласында 3 маман және мемлекеттік қызмет саласында 3 маманға мемлекет тарапынан атаулы жәрдемақы берілді.
2022 жылы тұрғын үй сатып алу үшін берілетін бюджеттік несиенің мөлшері 1500 АЕК мөлшерімен есептеліп, бір маманға 4 594,5 мың теңгені құрады. Яғни 54 маманға 248 103,0 мың теңге қаржы бөлініп, бюджеттік несие берілді. Оның ішінде денсаулық сақтау саласында 14 маман, білім саласында 29 маман, мәдениет саласында 1 маман, спорт саласында 6 маман, агроөнеркәсіп саласында 2 маман және мемлекеттік қызмет саласында 2 маманға бюджеттік несие берілді.
2023 жылы айлық есептік көрсеткіш 3450 тенгені құрап, кредит көлемі- 5 175,0 мың теңге болды.
Сырдария ауданы бойынша 2023 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласынындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне қажеттілік 52 адамды құрады.
2023 жылға «Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 269 100,0 мың теңге қаралып, қаржыландыру ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап жүзеге асырылады.
Бұл әлеуметтік қолдау шарасы олардың өз мамандықтары бойынша серпінді еңбек етуіне мүмкіндік жасап, халыққа белсенді қызмет жасауына қолдау болғаны анық. Жоба биыл да заңды жалғасын таппақ. Тағы да ерекше айта кететін жәйт, жас маманға берілетін көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алу үшін бөлінетін бюджеттік несие мөлшері жылмажыл өсіп отыр.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау
шараларын көрсету мемлекеттік қызметі бойынша 2022 жылдың 1 қаңтарынан, 28 желтоқсанына дейін барлығы– 424 өтінім түскен.
424 өтінім - мемлекеттік корпорация арқылы қабылданып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес орындалды.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мемлекеттік қызметі бойынша 2023 жылдың 23 тамызынан, 30 қыркүйегіне дейін барлығы– 53 өтінім түскен.
53 өтінім – баспана маркет арқылы қабылданып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес орындалды.
Қызмет көрсету сапасына арыз-шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтер тіркелмеген. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылу фактілері жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген қағидада көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері жоқ..