
2023 жылдың ІІІ тоқсанына аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы –344 өтініш түсті.
Келіп түскен барлық 344 өтініштің 122-і оң шешімін тапса, 222-іне заңға сәйкес түсініктер берілген.
Есепті кезеңде аудан әкімі аппаратына жоғары тұрған және құқық қорғау органдарынан және басқа мемлекеттік мекемелерден барлығы –65 өтініш келіп түскен.
2023 жылдың ІІІ тоқсанына жеке мәселелер бойынша барлығы 227 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның ішінде: 154 тұлға аудан әкімінің қабылдауында, 73 тұлға міндеттер бөлінісіне сәйкес аудан әкімінің орынбасарларының қабылдауында болып, өтініштері заңдылықтарға сәйкес қаралды.
Қабылдау барысында 134 азаматтың көтерген мәселелері оң шешімін тапса, қалған 93 азаматқа заңға сәйкес түсіндірмелер берілді.