
Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлықпен күрес. Оның алдын алу немесе жолын кесу қазіргі таңдағы мемлекеттік органдардың қызметіндегі басты басымдыққа айналды.
Сырдария ауданы бойынша «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» жобасы 2014 жылдан бері жүзеге асырылуда. Жыл сайын ҮЕҰ-дар және құқық қорғау органдары, тиісті жергілікті атқарушы органдар арасында өзара меморандумға қол қойылып, аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және ақпараттық-насихаттық жұмыстар, тұрғындарға құқықтық кеңестер мен түсіндірме жұмыстар жүргізілуде.
2023 жылы облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы әлеуметтік жобаның қаржысы қайта қаралып, аудандағы жалпы жобалардың қаржысының 5 пайызына дейін ұлғайтылды. Қазіргі таңда, жергілікті бюджеттен бұл бағыттағы жұмыстарға 3 млн.теңге қаржы қаралып отыр.
Жобаның техникалық ерекшелігіне ҚР Үкіметінің 2021 жылғы
31 мамырдағы №358 қаулысының №4 Үлгілік базалық бағытының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» жобалар тобының іс-шаралары бойынша жасақталды.
Ағымдағы жылы «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру қызметі» аясында:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында заңнамалар жиынтығы және құзыретті органдардың сенім телефондары көрсетілген ақпараттық 500 дана таратпа материал шығарып таратылды;
- Құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын- алу бойынша 3 бейнеролик дайындалып, облыстық «Qyzyzlorda» телеарнасынан эфирге берілді және әлеуметтік желілерде таратылды;
- «Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті» тақырыбында үздік мақала байқауы ұйымдастырылды;
- «Жемқорлықсыз әлем!» тақырыбы бойынша сурет салудан байқау ұйымдастырылды;
- Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бағыты бойынша БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан облыстық турнир ұйымдастырылды;
- 20 дана баннер мен постерлер дайындалып, әлеуметтік желіде таратылды;
- Интелектуалдық сайыс ұйымдастырылды;
- «Парасатты отбасы» байқауы ұйымдастырылды.
2023 жылдың қазан, қараша айларында аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидатын қалыптастыру бойынша 13 ауылда кездесу, кентте 1 семинар өткізу жоспарланып отыр.
Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде арнайы тақырыптық айдар ашылып, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыптарында мақалалар тұрақты жариялануда.
Барлық ауданға қарасты әр ауылда тақырыптық 1 билбордтан орнатылса, аудан орталығында 2 билборд орнатылды (15 билборд).
Сонымен қатар, барлық аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсетілетін мекемелерге «1424» сенім телефоны, «Адалдық алаңы» жобасының «Пайда ойлама, ар ойла», «Пара алма, пара берме», «Жемқорлыққа жол берме» ақпараттық 520 материалдар орнатылды.
Аудан тұрғындарына Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі арқылы 500 дана тақырыптық таратпа материалдары шығарылып таратылды.
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы №358 қаулысының
№4 Үлгілік базалық бағытының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» жобалар тобының іс-шараларын орындау мақсатында аудандық қоғамдық даму бөлімімен жалпы тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында 9 іс-шара өткізілсе, жастар арасында тақырыптық 18 шара өткізілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын табады.