
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабының 9 тармағына сәйкес Сырдария аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 9 тамыздағы № АСК-163 шешімімен 2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалған Айдарлы ауылдық округі әкіміне өзін-өзі ұсыну тәрбімен кандидаттар тіркелді:
Конысбаев Айбек Жуманазарович – 1981 жылы туылған, қазақ, Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі комунналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Есенов Багдат Мырзалиевич – 1988 жылы туылған, қазақ, №11 Сырдария аудандық спорт мектебінің директоры, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Жумабеков Нурбол Баяналиевич– 1989 жылы туылған, қазақ, Сырдария аудандық ауылшаруашылық және жер бөлімінің басшысы, Тереңөзек кентінде тұрады, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен ұсынған.