
2023 жылғы 23 тамыз күні Сырдария аудандық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес өзін-өзі ұсыну тәртібімен Айдарлы ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде құжаттар тапсырды:
1) Есенов Багдат Мырзалиевич
2) Конысбаев Айбек Жуманазарович
3) Мамбетов Абилькасим Абильдаевич
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы Айдарлы ауылдық округ әкімін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалған Айдарлы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 10 тамыздан 23 тамызға дейін (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.