
2022 жылдың 7-айында аудан бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар туралы
Ағымдағы жылдың 7-айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Өткен кезеңде Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл салаларында заңнамаларының және әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет департаментімен бірлесіп 4 құқықтық оқыту семинары өткізіліп, 13 мемлекеттік қызметшіге және 3 азаматқа жеке консультативтік көмек көрсетілді. Сонымен бірге, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 1 дөңгелек үстел өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссиясымен бекітілген жоспарға сәйкес ағымдағы жылы 2 отырысы өткізіліп жауапты мекеме басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстары тыңдалып, комиссия мүшелеріне хаттамалық тапсырмалар берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттары мүдделі мекеме басшыларына, аудан әкімі аппараты қызметкерлеріне, дербес бөлім басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне үздіксіз ескертілуде.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізу міндеттілігі түсіндірілуде.
2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ұйымдастырылған «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру»жобасының жеңімпазы «Нұрдария - Сырдария» қоғамдық қорымен жыл көлемінде 14 кездесу, 4 акция, 5 қоғамдық қабылдау, 1 байқау, 10 мақала, 100 әдістемелік нұсқаулық тарату шараларын өткізу жоспарланған.
Аталған жоба аясында аудан көлеміндегі құқық қорғау органдары, «Аманат» партиясы аудандық филиалы, қоғамдық кеңес, облыстық «Азаматтық альянсы» Сырдария аудандық филиалымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен меморандумға қол қойылды.
Ағымдағы жылдың 16-18 мамырында «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» қызметі бойынша жасалынған меморандум аясында Тереңөзек кентінің мәдениет үйінде және барлық ауылдық округтері әкімдері аппараттарының ғимараттарында «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» бағытында аудандық қоғамдық кеңес, ішкі саясат бөлімі, аудандық полиция бөлімінің басшысы және үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен ақпараттық - насихаттық жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында топ мүшелері қоғамдық қабылдаулар жүргізіп, азаматтардың ұсыныс пікірлерін, арыз-шағымдарын тыңдап, «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» бағытында әдістемелік кітапшалар таратылды.
2022 жылдың 13 маусымында Азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Сырдария аудандық бөлімінің және аудандық «Халық Банкі» ғимараттарында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында акция өткізілді.
Аудан аумағында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында барлық ауданға қарасты әр ауылда (барлығы 13 ауыл) тақырыптық 1 билбордтан (13 дана), аудан орталығында 2 билборд және барлық аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсетілетін мекемелерге «1424» сенім телефоны, «Адалдық алаңы» жобасының «Пайда ойлама, ар ойла», «Пара алма, пара берме», «Жемқорлыққа жол берме» ақпараттық материалдары орнатылды және аудан әкімдігінің, ішкі саясат бөлімінің «Фейсбук» әлеуметтік желісіне бейнероликтер жарияланды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында маусым-шілде айларында әлеуметтік желілерде 15-мақала, 4-бейнеролик жарияланды, «Дала дидары» халықтық мәдени үгіт бригадасының ұйымдастырумен «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын!» атты бейнеролик, жергілікті атқарушы органдардың мамандары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кент және ауылдық округтерде халық көп шоғырланған жерлерде тұрғындарға ақпараттық материалдар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда аудан әкімдігінде «Ашық әкімдік» жобасы жүзеге асырылып, «Open Space» жобасы аясында мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері халыққа бір жерден қызмет көрсетуде.
Сонымен бірге, 2022 жылдарға жасалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асыру бойынша аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жауапты офицерлері ішкі талдау жүргізіп, талдамалық анықтама құжаттарын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар тұрақты түрде жүргізіліп отыр.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес тиісті шаралар жүргізілуде және алдағы уақытта бұл бағыттағы шаралардың орындалуы кезең-кезеңімен қамтамасыз етілуде.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын-алу оны болдырмау мақсатында аудан көлемінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті шаралар жүргізіліп, орындалуы тұрақты түрде бақылауға алынды.
Сырдария ауданы әкімдігімен 2022 жылдың І тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы
Сырдария ауданы әкімдігімен, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылып, бекітілген жоспарға сәйкес комиссия отырыстары әр тоқсан сайын өткізілуде.
Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында өзекті мәселелер қаралып, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен ауылдық округ әкімдері есеп берді және тиісті шешімдер қабылданды.
2022 жылдың 1-тоқсанындағы комиссия отырысында 1 мәселе қаралып, олар бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдарға 11 ұсыныс-тапсырма орындау үшін жолданды.
Сырдария ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген үлгілік қағидаларына сәйкес, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды үнемі жүргізіп отырады.
2022 жылдың 1 сәуірінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне, кент, ауылдық округі әкімдеріне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ішкі талдау жүргізіліп, облыс әкімі аппаратына тиісті ақпарат жолданды.
Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру іс-шараларын ұйымдастыру қызметіне 2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде – 892 857 теңге қаржы қаралып, конкурс нәтижесімен «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қоры жеңімпаз деп танылды.
Сырдария ауданы әкімдігімен 2021 жылдың ІV тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы
Сырдария ауданы әкімдігімен, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылып, бекітілген жоспарға сәйкес комиссия отырыстары әр тоқсан сайын өткізілуде.
Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында өзекті мәселелер қаралып, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен ауылдық округ әкімдері есеп берді және тиісті шешімдер қабылданды.
2021 жылдың 4-тоқсанындағы комиссия отырысында 2 мәселе қаралып, олар бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдарға 13 ұсыныс-тапсырма орындау үшін жолданды.
2020-2021 жылдың өткен кезеңімен аудан бойынша сыбайлас жемқорлық сипатында қарсы қозғалған қылмыстық құқық бұзушылықтар болған жоқ.
Сырдария ауданы әкімдігімен 2021 жылдың ІІІ тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы
Сырдария ауданы әкімдігімен, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылып, бекітілген жоспарға сәйкес комиссия отырыстары әр тоқсан сайын өткізілуде.
Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында өзекті мәселелер қаралып, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен ауылдық округ әкімдері есеп берді және тиісті шешімдер қабылданды.
2021 жылдың 3-тоқсанындағы комиссия отырысында 2 мәселе қаралып, олар бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдарға 14 ұсыныс-тапсырма орындау үшін жолданды.
Ауданда халыққа қызмет көрсетудің тиімділігі мен ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Open Spаcе» форматы аясында кент оталығындағы мекемелер үйі ғимаратында аудандағы мекемелердің құрылымдық бөлімшелері фронт офисі жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, Сырдария ауданы бойынша сыбайлас жемқорлық мәселесіне аудан тұрғындарының көзқарастарын анықтау мақсатында, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Регион-Юг-Запад» қоғамдық бірлестігі арқылы тоқсан сайын әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу арқылы мониторинг жасау үшін сауалнама алу жұмыстары жүргізілді.
Сырдария ауданы әкімдігімен 2021 жылдың ІІ тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы
Сырдария ауданы әкімдігімен, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылып, бекітілген жоспарға сәйкес комиссия отырыстары әр тоқсан сайын өткізілуде.
Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында өзекті мәселелер қаралып, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен ауылдық округ әкімдері есеп берді және тиісті шешімдер қабылданды.
2021 жылдың 2-тоқсанындағы комиссия отырысында 2 мәселе қаралып, олар бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдарға 12 ұсыныс-тапсырма орындау үшін жолданды.
Аудан көлеміндегі дербес бөлімдер мен кент, ауылдық округі әкімі аппараттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар туралы, өткізілген іс шаралар жөнінде мәліметтер баршаға қолжетімді үлгіде электрондық нұсқасы қазақ және орыс тілі мәтінде тоқсан сайын аудан әкімдігінің веб-сайтында орналастырылып, мерзімінде өзектендіріліп, ақпараттар жаңартылған.
Сонымен қатар, барлық мемлекеттік мекемелер ғимараттарында жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына арналған арнайы жәшігі орнатылған.
Сырдария ауданы әкімдігімен 2021 жылдың І тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы
Сырдария ауданы әкімдігімен, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылып, бекітілген жоспарға сәйкес комиссия отырыстары әр тоқсан сайын өткізілуде.
Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында өзекті мәселелер қаралып, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен ауылдық округ әкімдері есеп берді және тиісті шешімдер қабылданды.
2021 жылдың 1-тоқсанындағы комиссия отырысында 3 мәселе қаралып, олар бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдарға 14 ұсыныс-тапсырма орындау үшін жолданды.
Сырдария ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген үлгілік қиғидаларына сәйкес, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды үнемі жүргізіп отырады.
2021 жылдың 17 ақпанында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне және аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесімен тиісті ақпарат облыс әкімі аппаратына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментіне жолданды.
Үкіметтік емес ұйымдар арасында қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру бағытында 2021 жылы әлеуметтік тапсырыс негізінде – 892 857 теңге қаржы қаралып, конкурс нәтижесімен «Сұңқар» қоғамдық қоры жеңімпаз деп танылды.
Сырдария ауданы әкімдігімен 2020 жылдың ІV тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы
Сырдария ауданы әкімдігімен, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылып, бекітілген жоспарға сәйкес комиссия отырыстары әр тоқсан сайын өткізілуде.
Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында өзекті мәселелер қаралып, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен ауылдық округ әкімдері есеп берді және тиісті шешімдер қабылданды.
2020 жылдың (2020 жылдың 1, 2, 3, 4-і тоқсан) 8 мәселе қаралды олар бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдарға 47 ұсыныс-тапсырма орындау үшін берілді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен, азаматтық қоғаммен диалог орнату мақсатында «Antikor.Live» жобасы аясында «Әкімдіктердің ашықтығы, есептілігі және қол жетімділігі» тақырыбында әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығатын Сырдария ауданына қарасты кент және ауылдық округ әкімдерінің тізбесі жасақталды. Аталған жоба арқылы, тікелей эфирде халық тарапынан сұранысқа ие мәселелер бойынша сұхбат беріп, сұрақтарға жауаптар берілді.
Сонымен қатар, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру мен қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында, әлеуметтік, денсаулық, жер, тұрғын-үй, кәсіпкерлік саласының мамандарымен және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы «Халық заңгері» азаматтарды қабылдау акциясы 2019 жылы 2 рет өткізіліп 30 адам қамтылса, 2020 жылы 2 рет өткізіліп 19 адамға кеңестер берілді. Аталған акция қорытындысы аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне және «facebook» әлеуметтік желісіне жарияланды.
Өз кезегінде, аудандағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, тұрғындарға қолайлы ортаны қалыптастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аудандағы жұмысшы тобы құрылып, топ мүшелігіне тиісті мамандар енгізілген.
Құрылған топпен ауданға қарасты елді мекендер араланып, түрлі форматта шаралары ұйымдастырылды.
«Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында өткізілген шаралар әлеуметтік желілер мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған.
Жоба аясында халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасы туралы арнайы ролик қоғамдық орындарда LED экрандар арқылы көрсетіліп және ақпараттық-насихаттық материалдар мекемелер мен ұйымдардың ғимараттарында орналастырылды.
Сондай-ақ, барлық мемлекеттік мекемелер ғимараттарында жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына арналған арнайы жәшігі орнатылған.
Сырдария ауданы әкімдігімен 2020 жылдың ІІІ тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы
Сырдария ауданы әкімдігімен, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылып, бекітілген жоспарға сәйкес комиссия отырыстары әр тоқсан сайын өткізілуде.
Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында өзекті мәселелер қаралып, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен ауылдық округ әкімдері есеп берді және тиісті шешімдер қабылданды.
2020 жылы (1, 2, 3-і тоқсан) 6 мәселе қаралып олар бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдарға 37 ұсыныс-тапсырма орындау үшін берілді.
Аудан әкімдігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу шараларын күшейту бағытында әкімдікке қарасты жергілікті атқарушы органдар бойынша мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек ұдайы көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп келеді.
Аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне тоқсан сайын жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының «Сенім» телефондары мен жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестелері жарияланған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыптарында жергілікті баспасөз бетінде «Жемқорлыққа қарсы жобалар өз тиімділігін көрсетуде», «Қоғам дертіне қарсы күрес», «Жемқорлық қоғам дамуын тежейді», «Жемқорлықсыз қоғам» және тағы басқа мақалалар жарияланса, республикалық тәуелсіз ақпараттық қоғамдық-саяси басылымда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру» тақырыбы жарық көрді.
Сондай-ақ, аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру, оған қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем» төзбеушілікті қалыптастыру бағытында, кент және ауылдық округтерде «Параға емес - биікке ұмтыл», «Назарсыз қалдырма жемқорлықтың тізбегін үз», «Берите вершины, не взятки», «Парақорлық – балалардың арманын ұрлау» тақырыптарында 17 дана билборд орналастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралардың ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыру, бұл ретте мекемелердің интернет-ресурсында арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау және мемлекеттік органдарда атқарылған жұмыстар жөнінде есепті жария ету үшін аудан әкімдігінің веб-сайтында орналастырылған.
Аудан көлеміндегі дербес бөлімдер мен кент, ауылдық округі әкімі аппараттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар туралы, өткізілген іс шаралар жөнінде мәліметтер баршаға қолжетімді үлгіде электрондық нұсқасы қазақ және орыс тілі мәтінде тоқсан сайын аудан әкімдігінің веб-сайтында орналастырылып, мерзімінде өзектендіріліп, ақпараттар жаңартылған.
Ауданда халыққа қызмет көрсетудің тиімділігі мен ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Open Spаcе» форматы аясында кент оталығындағы мекемелер үйі ғимаратында аудандағы мекемелердің құрылымдық бөлімшелері фронт офисі жұмыс жасауда.
Қазіргі таңда ауданға қарасты Н.Ілиясов ауылдық округі әкімі аппаратын осы форматқа көшіру мақсатында аудандық бюджет есебінен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталының жылдық жоспарына енгізілді.
Аудан бойынша 2020 жылдың ІІ тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа байланысты атқарылған жұмыстар
Сырдария ауданы әкімдігімен, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылып, бекітілген жоспарға сәйкес комиссия отырыстары әр тоқсан сайын өткізілуде.
Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында өзекті мәселелер қаралып, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен ауылдық округ әкімдері есеп берді және тиісті шешімдер қабылданды.
2020 жылдың 2-тоқсанындағы комиссия отырысында 2 мәселе қаралып, олар бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдарға 8 ұсыныс-тапсырма орындау үшін жолданды.
Сырдария ауданы бойынша сыбайлас жемқорлық мәселесіне аудан тұрғындарының көзқарастарын анықтау мақсатында, «Регион-Юг-Запад» қоғамдық бірлестігі арқылы 2020 жылдың І тоқсанында әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу арқылы мониторинг жасау үшін сауалнама алу жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша, аудандағы «сыбайлас жемқорлық деңгейін төмен дейтіндер» үлесі - 28 пайызды құраса, «сыбайлас жемқорлық мүлде жоқ дейтіндер көрсеткіші» - 12 пайыз сұралған респонденттің пікірінен анықталды.
Сәйкесінше, «орташа деп» - пікір танытқандар үлесі 34 пайыз. Керісінше, «сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары дейтіндер» - 13 пайыз респонденттің жауабында белгіленген. Сауалнама нәтижелері бойынша «бұл сауалға жауап беруге қиналғандар» үлесі – 13 пайызды құрады.
Сұралғандардың өздері және жақын адамдарының көрсетiлген қызметтер үшiн пара беруге мәжбүр болуын анықтау мақсатында қойылған сауалға емхана немесе ауруханадан тегін көмек алу үшін - 29 пайыз болса, жұмысқа орналасу және қызмет сатысын көтеру үшін де пара берілетіндер – 18 пайызға жоғарғы басымдыққа ие болып отыр.
Тереңөзек кенті және ауылдық округтер бойынша, өзге жауаптармен салыстырғанда ауданда сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары дейтіндердің жоғары көрсеткішін құраған Тереңөзек кенті, А.Тоқмағамбетов, Ақжарма, Қоғалыкөл, Қалжан ахун және Іңкәрдария елді мекендері бойынша сұралғандар пікірін ескеріп, жергілікті деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейту, сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету немесе мүлде жолын кесу бағытында арнайы бағдарлама жасап, жүйелі жұмыстарды жалғастыру қажеттігі анықталды.
Аудан бойынша 2020 жылдың І тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа байланысты атқарылған жұмыстар
Сырдария ауданы әкімдігімен, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылып, бекітілген жоспарға сәйкес комиссия отырыстары әр тоқсан сайын өткізілуде.
Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында өзекті мәселелер қаралып, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен ауылдық округ әкімдері есеп берді және тиісті шешімдер қабылданды.
2019 жылдың комиссия отырыстарында 11 мәселе қаралып, олар бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдарға 47 ұсыныс-тапсырма орындау үшін берілді.
Қабылданған шешімдердің 38 жергілікті атқарушы органдарға, 4 құқық қорғау органдарына (полиция бөлімі мен жергілікті полиция қызметі), 5 өзге де орталық атқарушы органдар мен ведомстволарға орындау үшін жүктелген.
Бұл шешімдердің 20 ұзақ мерзімді немесе тұрақты орындауды талап етсе, 27-ы мерзімі нақты көрсетілген тапсырмалар болып табылады.
2020 жылдың 1-тоқсанындағы комиссия отырысында 2 мәселе қаралып, олар бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдарға 17 ұсыныс-тапсырма орындау үшін жолданды.
Сонымен қатар, аудан әкімдігімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне 2020 жылғы 15 ақпандағы №12 санындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған семинар кеңес, 2020 жылғы 11 наурыздағы №19 санды нөміріне «Жемқорлыққа жол жоқ», 19 мамыр 2020 жылғы №37 нөміріне «Жемқорлықпен күрес - азаматтық міндет» - тақырыбында мақалалар жарияланды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру, оған қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем» төзбеушілікті қалыптастыру бағытында, кент және ауылдық округтерде «Параға емес - биікке ұмтыл», «Назарсыз қалдырма жемқорлықтың тізбегін үз», «Берите вершины, не взятки», «Парақорлық – балалардың арманын ұрлау» тақырыптарында 17 дана билборд орналастырылды.