
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Қағида басшылыққа алынып, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілерін ынталандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министірінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №93 бұйрығымен 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Бағдарламаның сенім білдірілген өкілі болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ (бұдан әрі – Отбасы банкі) анықталды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына (№72 МӘС қағидалары) ҚР Ұлттық экономика министірінің 2023 жылғы 12 маусымдағы №105 бұйрығымен өзгерістер енгізілді, 2023 жылдың 26 маусымынан бастап күшіне енді.
2023 жылы айлық есептік көрсеткіш 3450 тенгені құрап, тұрғын үй несиесінің көлемі - 5 175 000 мың теңге, көтерме жәрдемақының көлемі - 345 000 мың теңге болды.
Сырдария ауданы бойынша 2023 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласынындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шарасын көрсету бойынша тұрғын үй несиесіне 52 маман, көтерме жәрдемақыға 80 маман жоспараланып, қазіргі уақытта көтерме жәрдемақы бойынша 43 маманға әлеуметтік қолдау шарасы көрсетілді.
2023 жылға «Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 269 100,0 мың теңге қаралып, қаржыландыру ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жүзеге асырылу жоспарлануда.
Бұл әлеуметтік қолдау шарасы олардың өз мамандықтары бойынша серпінді еңбек етуіне мүмкіндік жасап, халыққа белсенді қызмет жасауына қолдау болғаны анық.