
Сырдария ауданы әкімдігімен, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл үлгілік базалық бағыты бойынша келесідей жұмыстар атқарылды.
Сырдария ауданы әкімінің 19.01.2023 жылғы №17-Ө өкімімен № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының (әрі қарай – Үлгілік базалық бағыт) жоба жетекшісі (бас менеджері) болып Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы белгіленді.
Сондай –ақ, Үлгілік базалық бағытты аудан аумағында іске асыру мақсатында жоба жетекшісінің (бас менеджері) бұйрығымен № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыттың жобалар менеджерлері айқындалып, 2023 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру жобалар картасы бекітілді.
Бекітілген жобалар картасына сәйкес, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жобасы бойынша аудан әкімі аппараты, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер және оларға бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітілді.
Кестеге сәйкес, 2023 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында Сырдария ауданы әкімінің аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімдерінің және аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің қызметіне ішкі талдау жүргізіліп, аталған мекемелердің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама және ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, аудан әкімдігінің ресми сайтына жарияланды.
Қазіргі таңда, ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес нақты жұмыстар жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы нормаларын сақтау жобасы бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, ағымдағы жылдың қаңтар–маусым аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтамау фактілері орын алған жоқ.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жобасы бойынша аудан әкімдігіне қарасты квазимемелекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша қаңтар-маусым аралығында комплаенс офицерлерімен барлығы 4 рет құқықтық оқыту ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған шаралардың барлығы фото-суреттерімен мекеменің әлеуметтік желісіне жарияланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жобасы бойынша 2023 жылғы I және II тоқсанындағы аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырыстары өткізіліп, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
Осы ретте, аудан тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында 6 кездесу, жастар арасында тақырыптық 12 шара өткізілді.
Жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мағынадағы видеороликтерді адам көп шоғырланатын орындарда LED экраны арқылы және әлеуметтік желілерде ай сайын жариялануда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» жобалар тобы бойынша 2023 жылы атқарылатын іс-шара жоспарына сәйкес жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда.
Бұдан бөлек, есепті кезеңде «Жемқорлықсыз әлем!» тақырыбы бойынша сурет салудан байқау ұйымдастырылды.
Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде арнайы тақырыптық айдар ашылып, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыптарында мақалалар тұрақты түрде жариялануда.
Ауданға қарасты әрбір ауылдық округте тақырыптық 1 билбордтан, аудан орталығында 2 билборд орнатылды (15 билборд).
Сонымен қатар, аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерге «1424» сенім телефоны орнатылса, «Адалдық алаңы» жобасының «Пайда ойлама, ар ойла», «Пара алма, пара берме», «Жемқорлыққа жол берме» ақпараттық 520 материалдар жарық көрді.
Сондай-ақ, аудан әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен әр ай сайын Әкімдікке қарасты кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшыларының қатысуымен семинар-кеңестер өткізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында және ішкі талдаудың сапалығына ерекше мән беру қажеттілігі бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту бағытында «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» Қызылорда облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қатысты ай сайын оқытуға жіберілуде.
Бұл бағыттағы жұмыстардың сапалы орындалуы Әкімдіктің тұрақты бақылауына алынды.
Жоғарыдағыларды қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл баршамыздың ортақ міндетіміз және жергілікті атқарушы орган саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында алдағы уақытта да пәрменді жұмыстар өз жалғасын табатын болады.