
Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлықпен күрес. Оның алдын алу немесе жолын кесу қазіргі таңдағы мемлекеттік органдардың қызметіндегі басты басымдыққа айналды.
Сырдария ауданы бойынша «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» жобасы 2014 жылдан бері жүзеге асырылуда. Жыл сайын ҮЕҰ-дар және құқық қорғау органдары, тиісті жергілікті атқарушы органдар арасында өзара меморандумға қол қойылып, аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және ақпараттық-насихаттық жұмыстар, тұрғындарға құқықтық кеңестер мен түсіндірме жұмыстар жүргізілуде.
2022 жылы жергілікті бюджеттен «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Қаржысы 700,0 мың теңге. Жоба бойынша «Сырдария - Нұрдария» қоғамдық қоры жыл көлемінде профилактикалық шараларды жүргізді.
Жоба аясында:
14 кездесу, 4 акция, 5 қоғамдық қабылдау, 1 байқау, 10 мақала,
100 әдістемелік нұсқаулық таратылды.
2023 жылы, облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы әлеуметтік жобаның қаржысы қайта қаралып, аудандағы жалпы жобалардың қаржысының 5 пайызына дейін ұлғайтылды. Қазіргі таңда, жергілікті бюджеттен бұл бағыттағы жұмыстарға 3 млн.теңге қаржы қаралды.
Жобаның техникалық ерекшелігіне ҚР Үкіметінің 2021 жылғы
31 мамырдағы №358 қаулысының №4 Үлгілік базалық бағытының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» жобалар тобының іс-шаралары бойынша жасақталды.
«Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру қызметі» аясында:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында заңнамалар жиынтығы және құзыретті органдардың сенім телефондары көрсетілген ақпараттық 500 дана таратпа материал шығарып тарату;
- Құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын- алу бойынша 3 бейнеролик дайындау;
- Аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидатын қалыптастыру бойынша 13 ауылда кездесу, кентте 1 семинар өткізу;
- «Парасатты отбасы» байқауын ұйымдастыру;
- «Жемқорлықсыз әлем!» тақырыбы бойынша сурет салудан байқау ұйымдастыру;
- «Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті» тақырыбында үздік мақала байқауы;
- Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бағыты бойынша БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан облыстық турнир ұйымдастыру;
- Баннер мен посттерлер дайындау;
- Интелектуалдық сайыс ұйымдастыру жүзеге асырылатын болады.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, әлеуметтік жоба мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, нәтижесімен «Сырдария - Нұрдария» қоғамдық қоры жеңімпаз деп танылды. Әлеуметтік жобаның ұтып алған соммасы 2,411073 теңгені құрайды.
Қазіргі таңда қоғамдық қормен қолданыстағы заңдылықтарға және техникалық ерекшеліктерге сәйкес жұмыстарын жүргізуде.
Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде арнайы тақырыптық айдар ашылып, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыптарында мақалалар тұрақты жариялануда.
Барлық ауданға қарасты әр ауылда тақырыптық 1 билбордтан орнатылса, аудан орталығында 2 билборд орнатылды (15 билборд).
Сонымен қатар, барлық аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсетілетін мекемелерге «1424» сенім телефоны, «Адалдық алаңы» жобасының «Пайда ойлама, ар ойла», «Пара алма, пара берме», «Жемқорлыққа жол берме» ақпараттық материалдары орнатылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын табады.