
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл үлгілік базалық бағыты бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді.
Сырдария ауданы әкімінің 19.01.2023 жылғы №17-Ө өкімімен № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының (әрі қарай – Үлгілік базалық бағыт) жоба жетекшісі (бас менеджері) болып аудан әкімі аппаратының басшысы тағайындалды.
Сондай –ақ, Үлгілік базалық бағытты аудан аумағында іске асыру мақсатында жоба жетекшісінің (бас менеджері) бұйрығымен № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы
іс-қимыл» үлгілік базалық бағыттың жобалар менеджерлері айқындалып, 2023 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру жобалар картасы бекітілді.
Бекітілген жобалар картасына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жобасы бойынша аудан әкімі аппараты, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер және оларға бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітілді.
Кестеге сәйкес, 2023 жылдың ақпан айында Сырдария ауданы әкімінің аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімдеріне ішкі талдау жүргізіліп, аталған бөлімдердің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама аудан әкімдігінің ресми сайтына жарияланды.
Ал ағымдағы жылдың наурыз айында Әкімдікке қарасты аудандық қоғамдық даму бөлімі және аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы нормаларын сақтау жобасы бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, ағымдағы жылдың қаңтар–наурыз аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтамау фактілері орын алмаған.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жобасы бойынша аудан әкімдігіне қарасты квазимемелекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша қаңтар-наурыз аралығында комплаенс офицерлерімен барлығы 4 рет құқықтық оқыту ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған шаралардың барлығы фото-суреттерімен мекеменің әлеуметтік желісіне жарияланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жобасы бойынша 2023 жылғы I тоқсанындағы аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысы 27.02.2023 жылы өткізіліп, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» жобалар тобы бойынша 2023 жылы атқарылатын іс-шара жоспарына сәйкес жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда.
Сондай-ақ, аудан әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен әр ай сайын Әкімдікке қарасты кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшыларының қатысуымен семинар-кеңестер өткізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында және ішкі талдаудың сапалығына ерекше мән беру қажеттілігі бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Бұл бағыттағы жұмыстардың орындалуы әкімдіктің тұрақты бақылауына алынды.